Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі


МАГИСТРАНТТАР ОҚУЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕПІЛДЕМЕ ТӘРТІПТЕРІ



бет4/8
Дата23.10.2020
өлшемі303 Kb.
#69120
1   2   3   4   5   6   7   8
4. МАГИСТРАНТТАР ОҚУЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕПІЛДЕМЕ ТӘРТІПТЕРІ
Аудиторлық дәріс курсы магистрант білімін жүйелендіретін негізгі және маңызды көзі болып табылады.

Дәріс – берілген пәннің теориялық сұрақтарын қарастыру мақсаты болып табылатын оқу сабағының нысаны.

Дәрістің негізгі бағыты барлық оқу сабақтарының, сонымен қатар магистранттардың өздік жұмыстарының негізгі мазмұны мен сипатын, негізгі бағыттарын анықтай отырып, білім негізін салу.

Берілген пәнді тиімді оқыту шарты болып практикалық (семинарлық) сабақтарды жүргізу табылады.

Практикалық сабақтар – магистранттердің өз бетінше жұмыс орындауын дамытуға және практикалық талаптар мен дағдыларды дамытуға бағытталған оқу сабақтарының нысанының бірі болып табылады. Пән бойынша практикалық сабақтар магистранттерге ғылыми әдебиеттер негізінде өздік жұмыстарды орындауға және ауызша өз ой-пікірін жеткізе білуге мүмкіндік беретін семинарлар түрінде өткізіледі.

Практикалық (семинарлық) сабақтар жоспар бойынша жүргізіледі және магистранттардың үнемі сабаққа дайындығын, олардың жауаптарын мұқият тыңдауды, теориялық білімді есептер мен тапсырмаларды орындаумен бекітуді талап етеді.

Практикалық сабақтар пәннің күрделі сұрақтарын терең меңгеруге және магистранттардың өздік жұмыстарын қорытындылаудың негізгі нысаны болып табылады. Осы практикалық сабақтарда магистранттар проблеманы білікті жеткізе білуге, өз ой-пікірін еркін айта білуге мүмкіндік береді.

МӨЖ орындауға әдістемелік нұсқаулар: «Корпоративтік қаржы» курсы бойынша кредиттік технология магистранттармен МӨЖ реферат түрінде орындалады. МӨЖ орындауға кіріскенде магистранттар берілген ревераттың тақырыбын зерттеуі керек. Сонымен қатар ұсынылған әдебиеттер мен инструктивтік материалдарды қолдануға болады. Жұмыс А4 стандартты парақтың бір жағына жазылады. Магистранттарға өздік жұмысты дәптерге жазуға рұқсат етіледі. Жұмысты орындау барысында келесідей өлшемдерді сақтау қажет: сол жағынан - 25-30 мм, оң жағынан – 10 мм, жоғарғы және төменгі жағынан – 20 мм. Қызыл жол бес белгіге немесе 15-17 мм-ге тең.

Жұмыс тақырыбын қолжазба түрінде немесе компьютермен жазуға болады. Қолжазба әдісімен мәтін қара немесе көк түсті сиямен, анық жазумен жазылуы тиіс. Бір жұмыста түрлі түсті сия қолдануға болмайды (графиктерді, диаграммаларды, суреттерді, кестелерді орындағанда түрлі түсті сия қолдануға болмайды.)

Жұмыс қолмен жазылғанда мәтіннің әрбір беті 28-30 жолдан тұруы қажет, әрбір жол ортасы 60-65 белгіден болуы керек, мұндағы әрбір сөздер арасындағы пробел бір белгі болып есептеледі. Қолжазбалық мәтінге №3 трафареті қолданылады. Жұмыстың қолжазбалық нұсқадағы жалпы көлемі қосымшаларды есептемегенде 5 беттен кем болмауы тиіс. Жұмыс беттерінде еш қателіктер жіберілмеуі тиіс – жолдарды және сөздерді сызу, жоларалық қосымша жазулар және т.б.рұқсат етілтейді. Сонымен қатар, жалпы қабылданбағандардан басқа сөздерді және сөз тіркестерін қысқартуға болмайды.

Жұмыстың әрбір тарауы жаңа беттен басталады, ал бөлімдер жолдың ортасынан мәтіннен бір жол қалдырғаннан кейін жазыла береді.

Екінші жағдайда жұмыс мәтіні компьютерде Microsoft Word мәтіндік редакторінде, Timеs New Roman шрифімен, 14 мөлшермен, жартылай жоларалық интервалмен басылады. Жұмыстың жалпы көлемі 5 беттен кем болмауы тиіс.

Рефератқа қысқаша жоспар құру керек. Рефератты орындаған соң берілген тақырып бойынша қолданылған әдебиеттер тізімі жазылып, магистранттің қолы мен орындаған мерзімі көрсетілуі керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет