«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІ БОЙЫНША
ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІК
Адамгершілік – адамдардың күнделікті қарым-қатынасына қатысты гуманизм принциптерін бейнелейтін моральдық қасиет, адамдарға деген ізгі ниетілік, құрмет, жанашырлық пен сенім, кеңпейілдік, басқалардың мүддесі үшін жан аямаушылық сияқты жеке қасиеттерді қамтиды.
Адамгершілік қасиеттер – адамгершілік нормалармен реттелетін іс-әрекеттерге деген қатысын адамның бойынан өткізуі.
Адамгершілік мәдениеті – тұлғаның моральдық принциптері, нормалар мен идеалдарын игеру деңгейі, оларды адамдар арасында қарым-қатынастарда практикалық түрде пайдалану.
Адамгершілік мінез-құлық – адамдарға жағымды мінез көрсету, мейірімділік, рахымдылық білдіру.
Адамдық – адамға тән ізгі қасиет.
Адамшылық – адам бойындағы ізгі қасиет, адамгершілік.
Асар – жабылып бірге жұмыс істеуге, көмекке шақыру.
Атамекен – ата-бабадан ұрпаққа мұра болып қалған ежелгі құтты қоныс, мекен.
Әдептілік – адамдардың жүріс-тұрысы мен өзара қырым-қатынасының жалпы ережелері. Адам бойындағы жағымды қасиет, оның қоғамда қабылданған әдеп талаптарын мінсіз орындауы.
Әдет-ғұрып – жалпыға бірдей қалыптасқан қоғамдық дәстүр, жөн-жора.
Достарыңызбен бөлісу: |