Байыпты – сабырлы, салмақты.
Байыптылық– байыпты болушылық, ұстамдылық. Бауырмал – өзгені жатсынбайтын, көпшіл, туысқаншыл. Бауырмалдық – адамдардың туыстық негізінде ғана емес, жалпы
адами қасиет ретінде өзге жұрттарды бауырына тарта білу, оларды жақын санап қамқорлық көрсету табиғи мінез-құлқының тұрақты қасиеті.
Гуманизм (лат. Humanus – адамгершілік, адамшылық) – адамгершілікті, адамға сүйіспеншілік идеясын білдіретін көзқарастар жүйесі.
Ғибрат – тәлім-тәрбиелік, өнегелік мәні бар нақыл сөз.
Ғұлама – үлкен оқымысты, асқан ақыл-ой иесі, білгір ғалым.
Дарқан – пейілі кең, жомарт.
156
*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
Дарқандық – адамның мінез-құлқындағы кеңпейілдік, оның мінезіндегі, айналадағы нәрселер мен құбылыстарға байсалды қарым-қатынасын білдіретін ұнамды және тұрақты қасиеті.
Дәйексөз – белгілі бір ғалымның, не ақындар мен жазушылардың шығармаларынан сөзбе-сөз алынған үзінді.
Ерлік – ер жүректікпен, ұстамдылықпен, табандылықпен және батылдықпен ұштасып жататын жеке бастың ерекшелігі.
Достарыңызбен бөлісу: |