ЕСІМДЕР КӨРСЕТКІШІ
Абай Құнанбайұлы (1845–1904) – қазақ ақыны, қазақ әдеби тілінің негізін салушы, ойшыл, ағартушы, философ. Оның туғанына 150 жыл толуы 1995 жылы ЮНЕСКО-ның арнаулы шешімімен дүниежүзілік деңгейде атап өтілді.
Айтматов Шыңғыс (1928–2008) – қырғыз жазушысы, мемлекет және коғам қайраткері, КСРО-ның Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтарының иегері.
Аймауытұлы Жүсіпбек (1889-1931) – қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.
Әбдіков Төлен (1942) – қазақ жазушысы, драматург, қоғам қайраткері.
Әйтеке би (1666–1722) – қазақ биі, қоғам қайреткері.
Әлменұлы Бөлтірік (1771–1854) – қазақтың көрнекті шешені, биі, батыры.
Әлімбеков Қайрат (1963) – ақын.
Әуезов Мұхтар Омарханұлы (1897–1961) – қазақ жазушысы, ғалым, «Абай» эпопеясының авторы, оның туғанына 100 жыл толуы 1997 жылы ЮНЕСКО-ның арнаулы шешімімен дүниежүзілік деңгейде атап өтілді.
Байжанов Сапар (1930–1999) – әр жылдары жарияланған «Жаңа леп», «Құрыш зергерлері», «Ақ маржан», «Сұңқар көңіл самғайды», тағы басқа туындылары.
Достарыңызбен бөлісу: |