Өзіндік сана-сезім – сананың өзіңді білу мен өзіңе қатынастың бірлігі ретінде көрінетін бір түрі. Өзіндік сана-сезім сыртқы ортаны және өзіңді өзің танудың бейнеленуінен біртіндеп қалыптасады.
Өзін-өзі тәрбиелеу – адамның өзінің теріс қылықтарын жойып, жағымды қасиеттерін жетілдіру жөніндегі саналы мақсатты іс-әрекеті.
Парыз – адамның қоғам, әлеуметтік топтар, халық, ұжым алдындағы адамгершілік борышын білдіретін этикалық категория, адам бойына тән азаматтық борыш, қастерлі міндет.
Табандылық – маңызды жігерлі сапа, өзінің әрекетін алдына қойған мақсатына бағындыру және кедергіні жеңе отырып, бастаған ісін аяқтап шығу.
Толеранттық (ағылш. tolerance-төзімділік, көнбістік) – басқа ойға, көзқарасқа, наным-сенімге, іс-әрекетке, әдет-ғұрыпқа, сезім-күйге, идеяларға төзімділік, жұмсақтық көрсете білу қасиеті.
Достарыңызбен бөлісу: |