6-тапсырма. «Отбасым – менің тірегім» тақырыбында ризашылық шарасын өткізіңіздер.
Төменде берілген ойды оқып, «көзқарас – себеп – мысал – қорытындылау» әдісімен талқылаңыздар: «Байлық та, бақыт та тыянақсыз, ең тыянақты қасиет өнер-білім. Жеті жұрттың тілін білмеген адам шалағай».
86 ОТБАСЫ АЯСЫНДА
*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
«Менің үйім – менің қорғаным» – дейтін ағылшындар үйінің қабырғасының қалыңдығын ғана емес, сонымен қатар, үйінің, отбасының рухани және адамгершілік беріктігін айтады.
Нағыз отбасы кез келген қиындыққа, сынаққа тосқауыл бола алады, өмірдің қандай да болсын талқысына шыдай алады, төтеп бере алады. Отбасы аясында адам әдемілік әлеміне сапар шегеді, табиғатты сүюге, музыканы, әдебиетті түсінуге, өзін бағалай білуге, өзгелерді бағалап, құрметтеуге, сыйлауға үйренеді. Әрбір үй, әрбір отбасы мәдениеттің шынайы ошағы болуы тиіс.
Ана
Сөзі Жұбан Молдағалиевтікі
Әні Александр Зацепиндікі
Солғанша гүлім күзде тоңып, «Ана!» деп ән салам. Жүрейін мейлі жүзге толып, Бөбекпін мен саған.
Қайырмасы:
Мама, мама, мама,
Мәңгі дос сен ғана,
Абзал ана, ана,
Көңілің – кең дала.
Данасың сен,
Данасың сен,
Дарасың сен.
Мақтанатын,
Мархабатың
Махаббатың.
Ардақтайды есіміңді Ел-ана, деп адам, Жер-ана, деп адам, Тербеп мәңгі бесігіңді. Анажан аңсаған Арналды ән саған.
Қарызбын әжім, ақ шашыңа, Көзіңнің жасына.
Өзіңсің бақыт бақшасы да, Өмірдің басы да.
Қайырмасы.
*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
Достарыңызбен бөлісу: |