Қазақстан республикасының білім



бет58/118
Дата07.02.2022
өлшемі9,38 Mb.
#86093
түріУчебники
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   118
4-тапсырма. Өзіңіз үлгі санайтын отбасы туралы әңгімелеп беріңіз. Бұл отбасы мүшелерінің қандай өнегелі істері, қол жеткізген жетістіктері туралы айта аласыз?


5-тапсырма. «Отбасым – менің тірегім» тақырыбында ризашылық шарасын өткізу үшін төмендегі қадамдарға сәйкес бағдарлама әзірлеңіздер:



  • тақырыпқа сәйкес ашық хаттар дайындау;




  • мерекелік шараның сценариін құру;




  • қатысушыларға сыйлық жасау.

Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіздер.




Бала Шоқан


Сапарғали Бегалин

Шыңғыс өзі оқып білім алған және келешек ғылым-білім өрісі орыс


мектебінде екенін біле тұрса да, баласына шығыс әдебиеті мен тарихынан




84 ОТБАСЫ АЯСЫНДА

*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях


согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217



Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ


хабардар болсын деп, Әубәкір молданы әдейілеп Орынбордан көшіріп алып келген-ді. Алдымен балаларын ана тілінде сауаттандырып және өзімен өмірлес шығыс елдерінің мәдениетімен де таныс ету ниеті болған. Сондықтан да ол:





– Шоқанға өзің білетін барлық

«Байлық та, бақыт та

оқуыңды

үйрет. Бұларға енді жеті

тыянақсыз, ең тыянақты

жұрттың тілін білу керек, – дейтін.

қасиет - өнер-білім. Жеті

жұрттың тілін білмеген

Шыңғыстың бұл тапсырмасын Әубәкір

адам -шалағай»

бұлжытпай қолға алды. Шығыстың атақты




ақындары

Әбілқасым Фердоусидың




«Шаһнамасын», Жәмидің, Омар Хайямның рауаяттарын25, Науаидың дастанын, әзірбайжан ақындары Низами, Ғанжауи, Физулилардың шығармаларымен таныстырды. Шоқанның өте-мөте қызыға оқығаны Ләйлі-Мәжнүн жыры, Хайямның рауаяттары болды. Әсіресе Омар Хайямның ислам діні жөніндегі жансыз сопылық, жалған мүлгушілікке қарсы жазылған өткір хиялы26 рауаяттарын ұнататын.

Қысқы үйге кіргелі Шоқандардың оқуы құнтты жүрді. Әубәкір молда да, бұрынғыдай ауыл арасының шақыруынан босап, Шоқанға парсы тіліндегі кітаптардан уақиғалы хикаяларды оқытып білім өрісін кеңейте түсуде. Анадағы әжесі айтқан: «Байлық та, бақыт та тыянақсыз, ең тыянақты қасиет өнер-білім. Жеті жұрттың тілін білмеген адам шалағай» деген сөзді өзінің естелік дәптеріне Шоқан жазып қойған-ды. Шоқанның күзден бергі оқуға деген ыждаһатына27 Әубәкірдің өзі де іштей таңданатын. Ол тек жай оқып қоймайды. Оқыған кітабының уақиғасын бажайлап, түпкі мағынасын білуге ізденеді. Шоқанды аса қызықтырған Жәми ақынның «Ескендір намасы» болды. Әубәкір өзі оқып, Шоқанға мағынасын түсіндірсе, кейбір жерлерін жаздырып отырды. Ескендір Зұлқарнайын туралы шығыс елдері аңыз әңгімелерімен


қатар, Жәми жырлаған дастан да сондай қызықты екен. Жас Ескендірді анасының үлкен данышпан ғалымға беріп оқытқаны Айғаным әжесінің «білім-оқуда» деген насихат сөзіне ұштасып жатты. Осыны оқығаннан кейін Шоқан бір күні әжесіне келгенде:


– Әже, сіз Жәми ақынның «Ескендір намасын» оқыған ба едіңіз? – деді.


– Қарағым, оны неге сұрадың?

  1. Ақыл.

  2. Сөзді.

  3. Сабыр.




ОТБАСЫ АЯСЫНДА

85

*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях


согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217



Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ


Шоқан жымиып:


– Әже, Ескендірдің шешесі ақылды болған екен. Ескендірді ең үлкен данышпан ғалымның қолына беріп оқытыпты. Сол оқу білімінің арқасында бар әлемді билемек болып үлкен жорық жасапты, – деп Шоқан әжесінің өңіне қарады.


– Қарағым, ол дастанды мен оқығам. Сен де жақсы түсініпсің. Білімділік жақсы, мансапқорлық жаман емес пе. Ол әлемді аузыма қаратам деген озбырлықтан апатқа ұшырады ғой, – деп әжесі сөзін аяқтады.


Шоқан ойланып қалды. Айғаным да сүйкімді немересіне әдеттегі мейірбан ықыласынан басқа ешнәрсе айтқан жоқ. Ханымға амандық айтуға ауыл арасының үлкен кісілері келген кезде ол әжесіне қош айтып қайтып кетті.





  • Шоқанның азамат болып қалыптасуына отбасы қалай ықпал етті?




  • Шоқанның тәрбиесіндегі әжесінің орны қандай болды?




  • Шоқан өскен ортаның, отбасының құндылықтары туралы не айтасыз?




  • Шоқанның әжесі: «Білімділік жақсы, мансапқорлық жаман емес пе. Ол әлемді аузыма қаратам деген озбырлықтан апатқа ұшырады ғой», – дегенде не айтқысы келді деп ойлайсыз? Ойыңызды дәлелдеп беріңіз.




  • Шоқанның өмір жолын адамзатқа қызмет ету жолы деп атауға бола ма? Неліктен?




  • Қазіргі уақытта бірнеше тіл білу қаншалықты маңызды? Ойыңызды нақты мысалмен түсіндіріңіз.




  • Мәтін бойынша Шоқан оқыған кітабының уақиғасын бажайлап, түпкі мағынасын білуге ізденеді. Ал сіз кітап оқисыз ба? Қалай, қандай кітап оқисыз? Неліктен?




  • Өз отбасыңыздағы әжеңіздің, атаңыздың сізге берген үлгі, өнегесі қандай? Олардың қандай жақсы қасиеттерін бойыңызға сіңіріп өскіңіз келеді?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   118




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет