Қазақстан республикасының білім



бет55/118
Дата07.02.2022
өлшемі9,38 Mb.
#86093
түріУчебники
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   118
Автор әкесінің қандай қасиеттері туралы айтады?




  • Бекхожиндердің отбасын бақытты, өнегелі деп айтуға бола ма? Неліктен?




  • Аталған отбасының қандай құндылықтары жөнінде білдіңіз?




  • Қазіргі заманғы отбасы құндылықтары қандай деп санайсыз?




  • Сіздің ойыңызша, өз отбасының тарихын білу керек пе? Неліктен?




  • Сіздің ұғымыңызда өнегелі отбасы қандай болуы керек?



1-тапсырма. Белгілі ақын Оразақын Асқардың екі өлеңін мәнерлеп оқып шығыңыздар. Отбасындағы әкенің, ананың орны, олардың адамгершілік қасиеттері, рухани байлығы туралы өз ойларыңызды ортаға салыңыздар.


Әке


Оразақын Асқар

Есейіп оралсаң да шалғайыңнан,


Еңкейтіп иіскейді ол маңдайыңнан.




82 ОТБАСЫ АЯСЫНДА

*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях


согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217



Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ


Ұйқыңнан қанша ерте оянсаң да


Естисің тыстан үнін мал қайырған.


Тұнығын шайқасаң да оңды-солды,


Кешіргіш, мейірімді, бөлек орны.


Көңілі хош, дүниесі түгел оның


Қалқиып көз алдында жүрсең болды.




Анама


Оразақын Асқар

Есейіп жігіт болсам да,


Қоймайсың айналғаныңды.


Өзге үйге бір күн қонсам да,


Айтасың сағынғаныңды.


Кезімде сәби былдырлап,


Не дедім, қалай жүгірдім.


Айтасың ылғи қызықтап,


Қылығын сол бір күнімнің.


Есейдім, өтті ол бір кез,


Өмірге ойлы қарадым.


Қалыпты бойда бал мінез,


Алдыңда әлі баламын.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   118




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет