5-тапсырма. «Асар» тобының жоспары бойынша «Жасыл, таза ел» акциясын жүргізіңіздер.
Оңай сөз ғой «Отанды сүйем» деген
Мұқағали Мақатаев
Оңай сөз ғой «Отанды сүйем» деген, Не тындырдың «басымды иемменен?» Оңай сөз ғой, құрбым-ау, оңай сөз ғой, «Отан үшін өлемін, күйем» деген.
Өлім деген ерліктің қорегі ме?
Өлмей-ақ қой, бос сөздің керегі не?
...Егер Отан сыңсыған орман болса,
Жапырақ боп жармасқын терегіне.
Самалы бол Отанның салқындаған, Сандуғаш бол, сайратсын алтын далаң. Семсері бол Отанның қынабында, Сертке ұстаса, селт етпей жалтылдаған.
Шетсіз, шексіз, қиырсыз ұлы дала,
Шуақ болып шашылмай жылына ма?
Сүй Отанды! Шынымен сүйіп өт те,
Гүл боп қадал, ойына, қырына да.
-
*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
Достарыңызбен бөлісу: |