Қазақстан республикасының білім



бет86/118
Дата07.02.2022
өлшемі9,38 Mb.
#86093
түріУчебники
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   118
3-тапсырма. Тоқтар Әубәкіровтың «Адам – өз тағдырының иесі. Гүліне қарама, түбіне қара, – дейді ғой. Жас кезімде әрдайым ізденіс үстінде жүретінмін. Бәрі ниетке байланысты екен. Бір нәрсенің соңына басыбайлы түссең, соның жемісін көресің» деген ойын басшылыққа алып, «Адал еңбек – мұратыңа жеткізеді» тақырыбында эссе жазыңыздар.


4-тапсырма. Мәтіндерді оқыңыздар. Одан адам өміріндегі адал еңбек пен ерік-күштің, табандылықтың нәтижелерін тауып, себебін түсіндіріп беріңіздер.


132 ЕҢБЕК ЕТСЕҢ ЕРІНБЕЙ...

*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях


согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217



Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ




а) Қазақ халқының этнограф ғалымы Шоқан Уәлиханов небәрi 27 жас қана өмiр сүрсе де, артында өлместей iз қалдырды. Мұхтар Әуезов өзiнiң «Еңлiк – Кебек» пьесасын 21 жасында жазса, әйгiлi жауынгер-жазушы Бауыржан Момышұлы 30 жасында дивизияны басқарған. Ал Ғани Мұратбаев 23 жасында Халықаралық Коммунистiк жастар интернационалының Шығыс бөлiмiн басқарған.


Мұхтар Әуезов кiтапты шебер оқи бiлген, ойлап, талдап, қызығып оқыған. Көптеген шетел тiлдерiнде жазылған еңбектердi еркiн оқып, орнымен пайдаланған. Ол араб ақындарын түпнұсқадан оқитын, парсы мақалдарын жатқа айтып, түрiк, тәжiк тiлдерiн бiлген. Ал «Индия очерктерiн» жазу барысында ол Нерудiң кiтабын түпнұсқадан зерттеп оқыған.


Көрнектi сөз зергерi Ғ.Мұстафин ешбiр мектепте, ешқандай институтта оқымай-ақ өздiгiнен бiлiм алған. Ал қазақ әңгiмесiнiң шеберi Бейiмбет Майлин бар болғаны бiр жарым жыл мектеп партасында отырған. Соған қарамастан, өз бетiнше оқып-iзденудiң нәтижесiнде әдебиеттiң барлық жанрында бiрдей жемiстi еңбек еткен.


Әйгiлi немiс ақыны Гете өзi туралы айтқанда, мен 80 жыл бойы кiтап оқыдым, бiрақ әлi оқып бiтпегенiм көп, тағы да оқи бергiм келедi деп жазған екен. (Ш. Әмiралиев).


ә) Ағылшынның атақты ғалымы Чарльз Дарвин «Өзiмнiң орташа ғана қабiлетiммен ғылым дамуына соншалықты ықпал жасағаныма қайран қаламын», – дейдi.


Ал Ньютон болса мектеп бағдарламасындағы математика мен физикадан жоғары жетістікке жетпеген екен. Эйнштейннiң замандастары оның ешбiр ерекшелiгiн байқамаған, қайта онымен бiрге әлдеқайда «дарынды» балалар оқыпты. Сол Эйнштейн өзiнiң салыстырмалық теориясын жиырма беске толар-толмас кезде тұжырымдаған. Ньютон тартылыс және оптика туралы iлiмдерiн 25 жасында, Н.И. Лобачевский параллельдер проблемасының шешуiн 23 жасында тапқан.


Грек шешенi Демосфеннiң жаратылысынан тiлi мүкiстеу, дауысы тым әлсiз, әрi ұялшақ болған. Әйтсе де оның бойында табандылық, қайсарлық, мақсатқа талпынушылық бар едi. Мiне, осы қасиеттер Демосфенге шешендiк өнердiң техникасын барынша жетiлдiруге, оған қоса өз дауысын дұрыстауға, кекештiктi жоюға септiгiн тигiздi. Демосфен теңiз толқынының шуылынан асып түсем деп теңiз жағасында бiрнеше сағат бойы дауыстап өлеңдер оқыды. Кекештiктен құтылу үшiн тер төге еңбектенедi. Шешендiк шеберлiк мектебiн бiтiрiп, өзiмен қажымай жұмыс iстесе де, ол табысқа бiрден жеткен жоқ. Алғаш рет жұрт алдында сөйлеген сөзi сәтсiздiкке



ЕҢБЕК ЕТСЕҢ ЕРІНБЕЙ...

133

*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях


согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217



Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ


ұшырады. Екiншi мәрте – тағы да сәтсiздiк. Бiрақ ол өз мақсатынан тайқып кетпей, қажымай-талмай еңбектене бердi. Ақырында, жеңiс! Демосфен Ежелгi Грецияның ұлы шешендерiнiң бiрi болды. («Адам мүмкiндiгiн бiлемiз бе?» Л.Рувинский)

Адам өмірдің бақытына, игіліктерге, ең бастысы өзiн-өзi танып, өз мүмкіндігі мен ерік-күшін ізгі мақсаттарға, оқып-бiлуге жұмылдырып, дамытып, еңбектену арқылы жетеді.


Адамға табиғат берген қарапайым мүмкiндiктерiмен-ақ өзiн-өзi кемелдендiрiп, бойындағы қабiлетiн дамытуда үлкен игі жетiстiктерге жетуге болады. Әрине, нәтиже әркiмнiң өзiне байланысты. Адам өз ерекшелiктерi мен мүмкiндiктерiн, тiлегiн қажетiне қарай айқындап ерiк-күшiн, жiгерiн соған бағындырса, оң нәтижеге жетедi. Дегенмен де толық жеңiс үшiн бiлiм мен тiлек жеткiлiксiздеу, өйткенi бiлiм алуда, қайсар мiнез бен барынша дамыған ерiк жоқ болса, тiлек орындалмаған арман, қалықтап жүрген қиял боп қала бередi.


Абай атамыз айтқандай «Нұрлы ақыл, жылы жүрек, ыстық қайрат» болса, адам қандай еңбекте де өзін де, өзгелерді де қуанышқа бөлейді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   118




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет