Қазақстан республикасының білім


-30 АДАМ – АДАМЗАТ АЙНАСЫНДА



бет88/118
Дата07.02.2022
өлшемі9,38 Mb.
#86093
түріУчебники
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   118
Байланысты:
10-12 жастағы волейболшылардың арнайы физикалық сапаларын дамыту әдістемесі, Сөз сазы орфоэпия бн, Сөз сазы орфоэпия бн, 2 дәріс, 2 дәріс, РАДОСТНЕЙ СДЕЛАТЬ ЖИЗНЬ, РАДОСТНЕЙ СДЕЛАТЬ ЖИЗНЬ, тест пн-30, Әліппеден кейінгі кезең, Әліппеден кейінгі кезең, ЖАзу, ЖАзу, Сөз сазы орфоэпия бн, Сөзжасамдық мағына түрлері мен лексикалық мағынаның арақатынасы
29-30 АДАМ – АДАМЗАТ АЙНАСЫНДА


... Қашан бала ғылым-білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады.


Абай



  • Дәйексөзді оқып, мағынасын түсініп алыңыздар.

Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіздер.




Рухани ұлы мұрат


(Үзінді)


Зейнолла Серікқалиұлы

Әлем картасы ала-құла. Деректер мен көрсеткіштердің өзі әр тілде


сөйлейді. Жарық дүниеге дайын біліммен келетін тірі пенде жоқ. Шыр


етіп жерге түскен сәттен бастап нәресте үшін бүкіл өмір оқылмаған


қалың кітап тәрізді... Еңбектеп, қаз-қаз басып, бірте-бірте тілі шығады.


Ер жетіп, есейеді... Ол ғұмыр бақи осы өмір кітабын оқып өтеді.


Білім – дүниенің кілті. Білім дегеніңіз – ғылым. Ғылым дегеніңіз


– электроника, теледидар, ғарыш... Адамзат ұрпағының қазіргі бүкіл рухани, ғылыми-техникалық игілігі осы білімнен тамыр тартқан. Мектеп


– білім бастауы; кітап, кино, жоғары оқу орындары, радио, теледидар, баспасөз – қазіргі заманда қай елдің, қай халықтың болмасын ұлттық мәдениетінің негізін қалайтын, мерейін өсіріп, шаңырағын көтеретін ұлы тірегі.

Заманына сай шығармалар жазып, халқынан лайықты бағасын алған көркемсөз шеберлері қазіргі бейбітшілік саясаты жетістіктерінде әлеуметтік ізгілік мүддесі үшін ғұмырлы туындылар ұсынған көп ұлтты халықтар әдебиетінің де елеулі үлесі бар екенін мақтаныш сезіммен атай алады. Бүкіл дүниежүзі қаламгерлерін әсіресе тегіне, түріне қарамай, ар-ождан еркіндігі, теңдігі жолындағы күрес мұратына біріктіру бағытында жүзеге асырылып жатқан ізгі нышандардың көбі өте-мөте ерекше.


Қарап отырсаңыз, адамзат ұрпағына қызмет ететін игілікті, ғылыми-техникалық, рухани қазынаның бәрі де ғасырлар бойғы адамдар арманының ақиқатқа айналған ұлы ырысы екен. Адам тек өз қарабасының қамы, мұң-мұқтажы жайлы ғана емес, бақытты өмір сүрсем деген жұпыны талап-тілегінен бастап, өз ортасы, төңірегі, елі,


135


*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях


согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217



Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ


жері, жарық дүние, бүкіл әлем тағдыры туралы ойланған.


Өз құдіретіне өзі сенген жерде маңдай тер, білек күші, ақыл-ойымен құдіретіне құдірет қоса білген. Жылт еткен үміті арманымен ұласып, ал арманы алдындағы айқын мақсатымен сабақтасқан жағдайда ғана ол өз арманын өнерпаздық еңбегімен өмір шындығына айналдыра алған.


Есептеп көрсе, қазір адамзат игілігіне қызмет ететін барлық двигательдер қуаты екі миллиард ат күшінен де асып кетіпті. Бұл бүкіл жер шарын ораған дүлей дауыл, жел күшінен үш жарым есеге жуық қуатты. Ал адам баласы өзі жасаған құрал-жабдықтар көмегімен жылына үш мың текше шақырымдай жер қыртысын қопара алады десек, күні-түні тынымсыз таудан құлап арқырап аққан жер бетіндегі бүкіл өзендердің теңіздер мен мұхиттарға ағызып әкелетін топырағының шамасы он бес текше шақырымдай ғана. Бұл – адам еңбегі табиғат тасқынынан екі жүз еседей мықтырақ деген сөз.


Осы бұлшық ет, маңдай тер, адал еңбек, ақыл-ой құдіретінің ар жағында өз тұрмысын жеңілдетуді көксеген адам баласының бір кездегі қияли арманы жатқан. Сол арман күндердің күнінде ақиқатқа айналған. Адам мен арман – егіз. Ғалам әдебиеті асыл қазыналарының бірі, ежелгі Вавилон мұрасы Гильгамеш эпосынан бастап, бүкіл халықтар тарихындағы батырлық, ерлік жырларының қай-қайсынан да адамзат ұрпағының ең ізгі арман-үмітімен сабақтас әр қилы іздену жолдарын аңғару тіпті де қиын емес. Жарық дүние тағдырын азалы ауыр жағдайларға душар ететін өлім жайлы ойланып, тәңірлер тәлкегіне қарсы шығып, Гильгамеш те жұмыр жерге жарасты бақыт тілеген, өлмес өмір іздеген. Ұлан-ғайыр кең әлемді кезіп, мәңгілік ғұмыр жырын шерткен Қорқыт қобызының зарлы сарыны да ұрпақтан ұрпаққа дүние сұлулығы, баянды бақыт туралы аялы арманына дем беретін рухани сүйеніш боп қала берген.


Біз енді осы байырғы халық аңыздарының жаңа мағынасын жаңаша сезінеміз. Адам өзі өлсе де, ешқашан оның ісі өлмесін!


Халқына, еліне, Отанына адал қызмет еткен жас жігіттің ақтық сыры ретінде берілетін Саттар Ерубаевтың «Мәңгілік өмір туралы жырын» іштей бір қайталап көріңіз. Өмір мен үміт жалғасы дегеніміз осы емес пе екен!


Арман қашан да ұлы идеялар мен ғұмырлық мұрат-мақсаттардың негізі болған. Өз бетімен бүтіндей жаңа құрлықаралық (транс-континентальдік) ұшақ үлгісінің жобасын жасап, мамандарды таңқалдырған Архангельск электр станңиясының кезекші қызметкері (механигі), 26 жасар Н.Амосовтың о бастағы жастық арманы қандай өрісті еді. Бірақ Амосов тарихта алтын әріппен әспеттелетін өз орнын қиналған адамдардың бойындағы ауыр қасіретке қарсы күрестен




136 АДАМ – АДАМЗАТ АЙНАСЫНДА

*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях


согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217




Адамдар ешқашан қайғы-

қасіретті білмесе екен

дейтін ақ тілеу бұл күнде барша ізгі ниетті адамзат ұрпағының айнымас анты болуға тиіс.

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ


тауып, бірте-бірте мәңгілік өмір дастанын дәрігерлік саласында жазып шықты. Өз арманын адамзат ырысына айналдырудың айқын үлгісі болған, біздің замандасымыз хирург Амосовтың жүрек, өкпе ауруларын емдеу саласындағы, адам өмірін ұзарту


жолындағы мың-сан операциясы, ғылыми еңбектері, жаңалықтары оның есімін қазір бүкіл әлемге әйгілі етіп отыр.


«Адамдар ешқашан қайғы-қасірет дегенді білмесе екен, өзара керіспей, ренжіспей, ғұмыр бақи бақытты өмір сүрсе екен!» – Сәбилік шағынан жадында сақталып қалған жұмбақ, сиқырлы «Жасыл шыбық» жайлы аңыздың осы лұғат сөздері Лев Толстойдың бүкіл арман-үмітінің, шығармашылық еңбегінің тиянақ тұғыры, демеуші күші болған. Жас кезінде өз шаруашылығын ұйымдастыруда помещиктер мен шаруалар мүддесін өзара ұштастыра жүргіземін деп дәмеленген граф Толстойдың бұл арманын өмір ағымы, жеке меншік психологиясы быт-шыт қылғанымен, ұлы жазушы көркем шығармаларында ізгі арманынан, алғашқы сертінен танған жоқ. Замандастарына, кейінгі ұрпаққа адамгершілік жайлы рухани өлмес мұралар қалдырып кетті.


Адамдар ешқашан қайғы-қасіретті білмесе екен дейтін ақ тілеу бұл күнде барша ізгі ниетті адамзат ұрпағының айнымас анты болуға тиіс. Ұлы Отан соғысының орны толмас ауыр құрбандығын, қыршынынан қиылған, қасірет шегіп боздаған жетім-жесірлердің көз жасын еске ала отырып, әрбір арлы азамат жер бетіндегі баянды бейбітшілік жайлы ойланбай тұра алмайды. Еркіндік жорықтарының ұлы жеңісін, тәжірибесін бірте-бірте сезініп, өз азаттығы үшін арпалысып жатқан, теңсіздік әлемінде адамға адамның қиянатын, озбырлығын бастан кешірген дүниежүзінің езілген халқы бұл сөздің қадір-қасиетін түсінеді.


Ел мен елдер арасында бәтуаласу жарастығын жариялап жататын түрлі-түсті шарттар, әсіресе Батыс пен Шығыс саясаткерлерінің соңғы жылдардағы салиқалы келіссөздері осы адамзат арманының көкейтесті көп сұрақтарына жауап іздегендей.


Соғыста қалжыраған әрбір жауынгер үшін Бейбітшілік – арман. Ал қазір бұл – біздің алдымыздағы айқын мақсатымыз. Біз Бейбітшілік Бағдарламасын жүзеге асырып жатырмыз!


Ізгілік арманының қашан да туы биік. Атом қуаты – адамға адам зорлық таңатын, тамырыңнан қырқатын қарақшы қаруға айналмасын! Хиросима қасіреті ешқашан қайталанбасын! Жер, су, ауа, адам еңбегі, Ғарыш... – бәрі-бәрі ақ, сары, қара деп бөлмейтін, Адам деген бір-ақ айбынды құдіреттің ортақ игілігі болсын.





АДАМ – АДАМЗАТ АЙНАСЫНДА

137

*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях


согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217



Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ


Міне, бүгінгі заманның жыры. Бұл тек жер басқан тірі пенденің ешқайсысы үшін арман боп қалмай, жұмыр Жердің төбесіне көтеріп, күн көзіне тура қарап, мөлдіретіп, алақанға салып аялап көрсететін ұлы шындығына айналсыншы.





  • Мәтіндегі автордың «Адамзат ұрпағына қызмет ететін игілікті, ғылыми-техникалық, рухани қазынаның бәрі де ғасырлар бойғы адамдар арманының ақиқатқа айналған ұлы ырысы» деген ойының шынайылығын қалай дәлелдеуге болады?




  • Адамдардың ғасырлар бойғы ізгі арманының бүгінде игілігін көруінің себебін немен түсіндіруге болады?




  • Мәтіннен асқақ, ізгі арман мен адал еңбектің нәтижелері бейнеленген тұстарын тауып, оқып беріңіздер.




  • Өздеріңіз білетін ақыл-ойы мен еңбегін, өмірін адамзат игілігіне адал қызмет етуге жұмсаған азаматтар жайлы әңгімелеп беріңіздер.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   118




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет