Үш сауал
Шәкәрім Құдайбердіұлы
Бір патша: «Үш түрлі нәрсені күні бұрын білген адам, бақытты болар
еді деп, соны тауып берген кісіге көп сый беремін», – деп жариялапты.
Ол үшеуі: бірінші – «Қай істі қандай уақытта істеген жақсы», Екінші –
«Ең керекті кісі кім?», Үшінші – «Ең керекті іс не?»
Бұл хабармен неше түрлі халық, көп жандар жиылып әрқайсысы бір
сөз айтты. Мысалы, кейбірі: «Күн сайын, жұма, ай сайын қылатын істі күні бұрын реттеп жазып қою керек», – деді. Кейбірі: «Онан түк пайда жоқ. Немене кез боларын қайдан білуге болады? Өйтіп орынсызға әуре болмай, ең керекті іс кез болғанда алды-артын байқап, әбден ойланып іс қылу керек», – деді. Кейбіреулері: «Жалғыз патша қанша ойланғанмен, қате қылуы мүмкін. Ондай іс кез болғанда, білімділерді жиып кеңесу керек», – деді. Кейбіреулері: «Кей істе өйтіп кеңесуге уақыт тар болады. Онанда күні бұрын ғайыпты болжайтындардың ақылымен болуы керек», – деді.
Патшаның ең керекті кісі кім дегеніне әркім әр түрлі сөз айтты. Мысалы, біреулер «Уәзір» дейді. Біреулер «Молдалар», біреулер «Доктор», кейбіреуі «Солдаттар» деп, әр қайсысы әр түрлі сөйледі. Ең керекті іс қай іс дегеніне де әр түрлі айтылып, кейбірі «Оқу» деді, кейбіреуі «Соғыс үйрету», кейі «Құдайға құлшылық қылу» деді. Сөз әр түрлі болып, патша ешкімге сый да бере алмады, ойын да шештіре алмады.
Сол қалаға жақын маңайда бір асқан ақылды тақуа адам бар еді, тастың үңгірін үй қылып, уақытымен ғибадатын етіп, ағаш егіп жатушы еді. Біреу ақыл сұраса, дұрыс айтып беруші еді. Бірақ аса сәнді киімділерді жолатпаушы еді. Патша сонан сұрамақ болып, құба төбел киініп жаяу барса, ағаш егетін шұңқыр қазып жатыр екен. Ақыл сұрай келген үш сөзін айтып еді, тақуа ханның ол сөзіне жауап қайырмай, алақанына бір түкіріп күрекпен топырағын лақтыра берді. Аздан соң тақуаның шаршағанын біліп, «Күректі маған беріңіз, мен біраз болысайын», – деген соң, «Рақмет, шырағым!» – деп күректі берді де,
140 АДАМ – АДАМЗАТ АЙНАСЫНДА
*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
демін алып отырды. Патша екі шұқыр қазып шаршаған соң, сұрай келген сөзіне жауап сұрап еді, тақуа:
– Сен шаршаған шығарсың, енді мен болысайын, – деп күректі сұраса де бермей, патша тағы екі сағатқа шейін жер қазады. Күн батуға таянып әбден шаршағанда қолындағы күректі тастады да:
– Ақсақал! Менің сөзіме жауап берілмейтін болса, мен қайтайын, күн кешкіріп қалды, – дегенде, тақуа:
– Ана бір кісі жүгіріп келеді. Соның кім екенін білейік, – деді. Патша қараса, бір қолымен бүйірін басқан бір жаяу. Патшаның алдына келді де, жығылып әлсіреп жатты. Қараса, бүйірінен қан саулап тұр. Патша жарасын сумен жуып, белбеуімен таңып, азар дегенде қан тыйылды. Аздан соң патша мен тақуа көтеріп үңгірге кіргізіп төсекке жатқызады. Жаралы тынымдап ұйықтай бастаған соң, патша әрі жер қазып, әрі жаралыға көмектесіп шаршағандықтан, босағаға сүйеніп тіпті қатты ұйқыға кетті, жаздың қысқа түнінің өткенін де білмей қалды. Күн шыққанда оянып, жаралыға қарап еді, ол да патшаға қарап тұрды да, нашар ғана дауыспен:
– Ей, патша, кешіңіз – деді.
– Мен сені танымаймын, нені кешейін?
– Сіз менің бар малымды алғансыз.
Сол кегімді алуға, сіздің қайтқаныңызды күтіп жүргенімде, солдаттарыңыз жолығып жаралап кетті. Егер сіз жарамды таңбасаңыз, мен өлі кісі едім. Осыдан жаным қалса, осы жақсылығым үшін сізге өмірімше құл боламын. Бірақ менің өлтірмек болғанымды кешіңіз! – деп жалынды.
Патша өзін өлтірмек болған дұшпанмен татуласқанына қатты қуанып:
– Сен де кеш! Не нәрсеңді алған болсам, бәрін қайырам. Және саған қазір доктор – күтуші жіберіп қалаға алғызамын, – деді де, тақуаға:
– Менің үш сөзіме не айтасыз? – деп еді, тақуа:
– Үш сөзіңізге де жауап берілді, – деді.
Ол қалайша? – дегенде, тақуа айтты:
– Егер сен менің шаршағанымды біліп, маған болыспасаң, ерте қайтар едің де, мынау сені өлтіретін еді. Сондықтан ең жақсы мезгілін тауып істеген ісің – маған болысқан кезің. Онда саған ең керек кісі мен болдым. Онан соңғы ең керекті уақыт, ең керекті іс – мына жаралының
-
АДАМ – АДАМЗАТ АЙНАСЫНДА
|
141
|
*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
жарасын байлап, қанын тыйған уақытың болды. Неге десең, сен жәрдем қылмасаң, тірі қалса, сенен кек алмай қоймайтын еді. Сондықтан ол кездегі ең жақсы іс – жарасын байлаған болып, ең керекті кісі – осы жаралы болды. Және ең керекті уақыт – осы уақыт! Неге десең, бәріміздің де қолымыз бос ерік өзімізде. Қазір ең керек кісі – осы дұшпаның болды. Неге десең, мұның жазылар, жазылмасы әзір неғайбіл, егер жазылса, бұл-дағы біреуге жақсылық қылғанды жанындай жақсы көрер еді. Ең керек іс – қазір осыған қылған жақсылығың, неге десең, адамның мойнындағы шын міндеті – біреуге жәрдем ету еді...
Мәтіндегі «Үш түрлі нәрсені күні бұрын білген және дұрыс жасаған адамды» жақсы адам деуге бола ма? Неліктен?
«Қай істі қандай уақытта істеген жақсы», «Ең керекті кісі кім?», «Ең керекті іс не?» деген үш сұрақты өздеріңізге қойып көріңіздер.
Бұл әңгіменің рухани қуаты неде деп ойлайсыздар?
Мәтіннен қандай ой түйдіңіздер?
Достарыңызбен бөлісу: |