31-32 АР-ҰЖДАН – АДАМДЫҚ БЕЛГІСІ
...Жайнар көңіл, қайнар өмір,
Ар ілімі оқылса.
Шәкәрім
Дәйексөзді оқып, мағынасын түсініп алыңыздар.
Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіздер.
Парасат майданы
(Үзінді)
Төлен Әбдіков
Өмiр – күрес. Адамдар алдымен қара күшпен күресетiн болды. Одан
кейiн неше түрлi қару-жарақ ойлап тауып, соғыс ашып, халықтарды
жаппай қырғынға ұшыратты. Ендi, қатерi одан кем емес ақыл парасат
майданы шықты. Егер бұл майданда iзгiлiк жеңiске жетпесе, адамзаттың
рухани күйреу дәуiрi басталады. Одан құтқаратын күш жоқ.
... Сiз маған iзгiлiкке қалай сенсеңiз, зұлымдыққа да солай сенiңiз депсiз. Құрбым-ау, олардың өмiрде бар екенiн мойындау сенiм емес қой. Сенiм деген сол екеуiнiң бiреуiнiң адам үшiн қымбат екенiн, артық екенiн мойындау. Достоевский: «Сенiм жоқ жерде – iзгiлiк те жоқ», – дейдi. Сонда бұл қандай сенiм? Iзгiлiктiң болмыста бар екенiне ғана сену ме? Жоқ, бұл – iзгiлiктiң жеңiсiне деген сенiм. Iзгiлiкке сенiм артпаған адам ешқашан да жақсылық жасай алмайды.
Сiз тағы да ештеңеге «жақсы», «жаман» деп айдар тағуға болмайды депсiз. Адам баласының хайуандар әлемiнен жоғары тұруы әлгi «жақсы» мен «жаманды» айыра алатын парасатының арқасында ғана емес пе. Егер бiз осы екi ұғымға лайықты айдар таға алмасақ, адамгершiлiк деп аталатын ұлы шариғат та тумаған болар едi.
Адамгершiлiк – адами қарым-қатынастың қағидасы. Онсыз адам өмiр сүре алмайды. (Рас, адамгершiлiк пен ардың заңын жиi-жиi бұзатындар жеткiлiктi-ақ шығар, бiрақ оған қарап, адамзаттың бүкіл болмысын жоққа шығару мүмкін емес).
...Жалпы, iзгiлiк пен зұлымдықтың табиғаттағы арасалмағы бiрдей, тек сол тепе-теңдiктi сақтай бiлу қажет деген пiкiр, менiңше, жаңсақ пiкiр.
Iзгiлiктiң көлемi зұлымдықпен ешқашанда тең болған емес. Себебi
145
*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
iзгiлiктiң жолы жiңiшке. «Қиянат жасаудың мың түрi бар, ал қиянат жасамаудың түрi бiреу-ақ, ол – тек қиянат жасамау» деген бiреудiң сөзi бар. Сондықтан қолыңнан келсе, жасайтыныңды iзгiлiкке жаса. Ал зұлымдық сенiң әлпештеуiңдi қажет те қылмайды. Бостандық деген не? – Ар-ұяттың тазалығы», – деген бiздiң дәуiрiмiзден жетi ғасырдай бұрын жер бетiндегi жетi дананың бiрi – Периандр Коринфский. Ғажап емес пе! Яғни шын бостандыққа рухани кемелдену арқылы ғана жетуге болады. Мiнеки, мұндай бостандықтың алдында бас киiмiңдi алып, басың жерге жеткенше иiлу керек.
«Iзгiлiк қай ғасырда жеңiске жетедi? Анық дәлел бар ма?» – депсiз. Iзгiлiктiң жеңiсiн жер бетiнен зұлымдықтың түп-тамырымен жойылып кетуi деп түсiнсек, тым қарабайырлық болар едi, әрине. Iзгiлiктiң жеңiсi
– iзгiлiк туралы идеяның адамзат санасына берiк орнауы.
... Жалпы ерлiк дегеннiң өзi не
|
Адамгершiлiк – адами
|
нәрсе? «Кеселдi кiсiнiң ер келетұғыны
|
қарым-қатынастың
|
несi?» – дейдi Абай. Қарап отырсаңыз,
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |