Қазақстан республикасының білім



бет32/118
Дата07.02.2022
өлшемі9,38 Mb.
#86093
түріУчебники
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   118
11-12 ТӘРБИЕДЕНӨЗІН-ӨЗІ


ТӘРБИЕЛЕУГЕ


... Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегің мен ақылың екі жақтап.


Абай



  • Дәйексөзді оқып, мағынасын түсініп алыңыздар.

Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіздер.




Жүрегім соғып тұрғанда


(Үзінді)


Төлепберген Тобағабылов

... Әр адамның өз ойы, көзқарасы, өз пікірі болуға тиіс. Әркімнің өз жолы бар, әркімнің өз ұшар көгі бар.


Қарға көтерілген көк қандай, қыран көтерілер көк қандай? Бірақ,





қарғаның

аты қарға,

қыран

Алайда өмір жолын теп-тегіс

көтерілген

көкке көтерілемін

жол деп және түсінуге болмайды.

деп ойлап та жатпайды ол. Егер

Қуанышың да, уайым, қайғың да

сен бүгінгі деңгейіңе

қанағат

осы жолда. Тастақ жолда табан

тұтсаң, қарға қаралас болғаның.

тілдіруің де мүмкін. Тек қиындыққа

Ал қыран болу қолдан келмейді

мойымағандар ғана көкжасыл

ғой десең, нағыз барып тұрған

жазираға шыға алар.

талапсыздық.


Абай атаң айтыпты:


Керек іс бозбалаға – талаптылық,


Әртүрлі өнер, мінез, жақсы қылық.


Халық сөзі:


Талапты ерге нұр жауар.


Екінің бірі айтатын сөз: Талабың қайырлы болсын! Талабыңа жет!


Жалпы, есіңде болсын: жамансыз жақсы жоқ, майдасыз ірі жоқ.


Теңіздің өзі де тамшыдан тұрады. Сосын: «Сөз бердің бе, орында!..


Орындай алмайтының бар, сөз берме.


Орнықты, бір сөзді болуға осы бастан әдеттену керек. Бұл да талаптылыққа жатады.


Талапсыз ештеңе өнбек емес. Тындырымды жігіт қана тау қопара алады.


50


*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях


согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217



Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ


Абай атаң: «Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғылымды көрсеңіз», – дегенде қалай да ғалым бол дегенді айтып отырған жоқ. «Генерал болмаймын деген солдат солдат емес». Жақсы болуға, от боп лаулап жануға талпынбасаң өмірде қандай мән болмақ.


– Алға!.. Тек қана алға!..Тек солай. Алайда өмір жолын теп-тегіс жол деп және түсінуге болмайды. Қуанышың да, уайым, қайғың да осы жолда. Тастақ жолда табан тілдіруің де мүмкін. Тек қиындыққа мойымағандар ғана көкжасыл жазираға шыға алар.


– Абай атаң айтыпты: «Жамандықты кім көрмейді? Үмітін үзбек


– қайратсыздық». Дүниеде ешнәрседен баян жоқ екені рас, жамандық та қайдан баяндап қалар дейсің? Қары қалың қатты қыстың артынан көгі қалың, көлі мол жақсы жаз келмеуші ме еді?


– Е, қарағым, баласының ат арқасына мінер алдында әкесінің айтып жатқан «жол болсыны» деп білгейсің бұларымды.





  • Мәтіндегі «Әркімнің өз жолы бар, әркімнің өз ұшар көгі бар» деген ойды қалай түсіндіңіздер?




  • Әр адамның өз ойы, көзқарасы, өз пікірі болмаса не болар еді деп ойлайсыздар?




  • Абайдың «Керек іс бозбалаға – талаптылық...» деген ойын қалай түсінесіздер?




  • Талаптану, өз ойы, сөзі, ісіне жауапкершілікпен сын көзімен қарау адамды қандай игіліктерге жеткізеді?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   118




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет