Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ


Туа пайда болған токсоплазмоз келесі түрлерге бөлінеді



бет168/251
Дата12.09.2022
өлшемі4,97 Mb.
#149297
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   251
Байланысты:
O 1179 u 1178 1201 raly Zh 1201 1179 paly au

Туа пайда болған токсоплазмоз келесі түрлерге бөлінеді: жедел, созылмалы, латенттік, резидуальды токсоплазмоз (гидроцефалия, олигофрения, эпилепсия және т.б.). Бұл түрі біршама сирек кездеседі. Ол әйелдердің жүктілік уақытында жұқтыруында, қоздырғыштардың трансплацентарлы берілуі нәтижесінде пайда болады. Туа пайда болған токсоплазмоздың патогенезі жүре пайда болған токсоплазмозға ұқсас, біріншілік инфекция ошағы гематогенді диссеминация стадиясында ұрықтан тыс басталады, көбінесе токсоплазмозбен зақымдалу жүктіліктің мерзіміне байланысты. Егер зақымдалу 2-триместрде болса нәрестеде жедел немесе созылмалы инфекция дамиды, 3- триместрде болса нәрестеде жедел немесе созылмалы инфекция сирек субклиникалық түрі дамиды, егер 3- триместрдің соңы босануға дейін болса жедел немесе жеделдеу инфекция дамиды.
Туа пайда болған токсоплазмоздың жедел түрі ауыр жайылмалы инфекция ретінде өтіп айқын интоксикациямен, қызбамен, бауырдың (жиірек сарғыштану дамиды) және көк бауырдың ұлғаюымен, макулопапулезді экзантемамен білінетіні анықталған. Балалардың көбінде бұл фонда ауыр энцефалит пен көздің зақымдануы (көбінесе хориоретинит түрінде) артады.
Туа пайда болған токсоплазмоздың созылмалы түрге өтуінде энцефалиттің қалдықтары (гидроцефалия, олигофрения, сиптоматикалық самайлық немесе Джексон эпилепсиясы дамығаны байқалып, сонымен қатар көру мүшелерінің әртүрлі зақымдануы (микро- және анофтальм). Басында бұл көріністер субфебрилитетпен, улану нышандарымен, миозиттермен, лимфаденопатиямен сипатталады. Содан соң процесстің белсенділігі біртіндеп баяулайды және тек энцефалиттің қалдықтары ғана сақталады. Бұл резидуальды туа пайда болған токсоплазмоздың көріністері болып саналады.
Н.А.Балакиннің ( 1961 ) мәлімет бойынша туа пайда болған токсоплазмоз келесілерді тудыруы мүмкін:
1. балада микроцефалия
2. -”- гидроцефалия
3. -”- кемістік
4. Даун ауруы
5. -”- ақыл – ойдың кемістігі
6. -”- ішкі мүшелердің патологиясының дамуы
7. -”- көзде ақаулардың дамуы
8. -”- тірек – қимыл аппаратындағы аномалиялар
Барлық симптоматикалық бөлінеді ( 1961ж.):
Жалпы көріністер: төмен температура, цианоз, асфикция, сарғаю, ісік, бөртпе.
Вицеральды: пневмония, миокардит, гепатоспленомегалия, нервит, энтерит.
Милық: менингоэнцефалит, құрысу, спастикалық жағдай, дебілділік, гидроцефалия, кальцификаттар.
Көздік: хореоретинит, көру нервінің атрофиясы, нистагм, стробизм, микроофтальм. Кейбір клиникалық белгілер бірнеше жылдан кейін дамиды – мектепке дейінгі және мектептің ерте кезеңдерінде.
Клиникада жүктіліктің мезгілін және мезгілге байланысты қою мүшелер дамығандығын анықтайды.
Есте сақтау керек: Ұрықтың заымдалуы тек жүкті әйел адам жедел токсоплазмозбен ауырған кезде болады (жайылмалы түрі). Созылмалы токсоплазмозбен ауырғанда ұрыққа қауіпті емес, ондай әйелдерге босануға болады.
№17 кесте.
Тератологиялық кесте.

Жүктілік
мезгілі (апта)

Қандай мүшелер дамиды

Ұрықтың зақымдалуы қандай жерлерде болады

2 – 11
3 – 7
3 – 7
3 – 8
5 – 6
6 – 10
7 – 12
9 – 10
10– 12

Жұлын және бас миы
Көз
Жүрек
Аяқ – қол
Ерін
Тіс
Құлақ
Ас қорыту мүшелері
Қарын

Анэнцефалия, микроцефалия, менингоцефалия
Анофтальмия, микроофтальмия
Жүрек перделеріндегі ақау
Аяқ – қолдың дамуындағы ақау
Қоян еріні
Дисплазия
Саңырау
Атрезия
Қасқыр сүйек

Токсоплазмоз басқа инфекциялармен (мысалы, хламидиоз, цитомегаловирусты инфекция, ЖИТС) ассоциацияланған жағдайда кесел үдемелі және өте ауыр түрде өтеді. ЖИТС-пен ауырғандарды жиі өлімге апаратын бірден-бір себепкер токсоплазмоз болып табылады. Ж.З.Трумованың (2001 ж.) деректері бойынша Қазақстанда ЖИТС-ассоциацияланған токсоплазмоз 2,5% жағдайда кездеседі, ал басқа елдерде әлде қайда жиірек байқалады (8,7-20%). Осындай ауруларда дамыған барлық энцефалиттың 25-тен 80% пайызға дейінгісінің токсоплазмоздық этиологиясы бар (В.В.Васильев, 2000). Осындай жағдайда аурудың қанында токсоплазмаларға қарсы спецификалық антиденелер табылмайды, ал сирек жағдайда токсоплазманы ликвордан табуға болады. Ликворды центрифугалап, препарат жасап микроскоппен қарағанда токсоплазмалардың трофозоиттарын көруге болады, компьютерлік томографиямен ми тіндерінің зақымданған аймағы мен диффузды энцефалит бейнесін байқауға болады. Ми биоптаттарында токсоплазмалардың цисталарын және трофозоиттарын табуға болады. Полимеразалық тізбектеу реакциясымен (ПТР) биоптаттарда және ликворда токсоплазмалық антигендердің бар-жоғы анықталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет