Байланысты: O 1179 u 1178 1201 raly Zh 1201 1179 paly au
Спецификалық ем Инфекция қоздырғышына спецификалық және спецификалық емес әдістер көмегімен әсер етіледі.
Спецификалық әдіске әсері микроорганизмнің бір түріне ғана бағытталған препараттарды қолдану жатады, мысалы, емдік сарысулар, иммуноглобулиндер және гаммаглобулиндер, иммунды плазма, бактериофагтар және емдік вакциналар.
Емдік сарысулардың құрамына микроорганимзге қарсы (антимикробты сарысулар) немесе бактериальды токсиндерге қарсы (антитоксикалық сарысулар – ботулизмге қарсы, күл ауруының қоздырғышына қарсы, сіреспеге қарсы) антиденелер кіреді. Емдік сарысулар иммунизацияланған жануарлардың қанынан өндіріледі. Бұндай жануарлардың сарысуынан спецификалық гаммаглобулиндер жасалынады. Олардың құрамына тазартылған антиденелер жоғары титрде кіреді (лептоспирозға қарсы, түйнемеге қарсы, сіреспеге қарсы, обаға қарсы).
Спецификалық иммуноглобулиндер иммунизацияланған донорлардың немесе жұқпалы ауру реконвалесценттерінің қанынан өндіріледі (антирабиялық, гриппке қарсы, күл ауруның қоздырғышына қарсы, қызылшаға қарсы, стафилококке қарсы, сіреспеге қарсы, кенелік энцефалитке қарсы). Гомологиялық иммундық препараттардың жақсы қасиеттері – олар ағзада ұзақ уақыт (1-2 айға дейін) сақталады және жанама әсерлері жоқ. Көп жағдайларда иммунизацияланған донорлардың немесе реконвалесценттердің қан плазмасы (стафилококке қарсы) қолданылады.
Емдік сарысулар, гамма және иммуноглобулиндер тек қана парентеральды жолмен (бұлшық етке, ауыр жағдайларда – көк тамырға) еңгізіледі. Жануарлардың қанынан алынған сарысулар мен гаммаглобулиндердің құрамына гетерологиялық (бөгде) белоктар кіреді, сондықтан науқастарда аллергиялық реакциялар дамуы мүмкін (анафилактикалық шок, аллергиялық дерматит, Квинке ісінуі, сарысулық ауру). Бұл препараттарды бөлшектеп қолдану керек, олар десенсибилизациядан кейін ғана еңгізіледі. Басында терілік аллергиялық сынама жүргізіледі: білектің ішкі бетіне тері ішілік әдіспен 1:100 ерітілген сарысу (қызыл түспен белгіленген ампуладан) 0,1 мл мөлшерінде еңгізіледі. Екінші білекке бақылау үшін физиологиялық ерітінді еңгізіледі. Нәтиже 20 минуттан кейін бағаланады. Егер сарысу еңгізілген орнында диаметрі 1 см-ден астам гиперемия немесе ісіну пайда болса, нәтиже «оң» болып саналады (яғни науқастың жануар белогына сенсибилизациясы бар). Егер нәтиже «теріс» болса иықтың сыртқы бетіне таза сарысу 0,1 мл мөлшерінде (көк түспен белгіленген ампуладан) бұлшық етке еңгізіледі. Жергілікті немесе жалпы аллергиялық реакция 45 минут арасында дамымаса, емдік мөлшердің қалғанын жамбас бұлшық етінің сыртқы жоғары квадрантына еңгізеді. Сарысу температурасы дене температурасымен бірдей болуы қажет. Бір рет еңгізетін сарысудың мөлшері 10 мл-ден аспау керек. Серотерапия қабылдайтын науқастар 1 сағат бойы дәрігердің бақылауында болуы тиіс.
Тері ішілік сынама «оң» болған жағдайда немесе сарысуды теріастылық әдіспен еңгізу нәтижесінде реакция дамыса препарат тек қана шұғыл көрсеткіштермен қолданылуы мүмкін және десенсибилизациядан кейін жасалынады. Ол үшін алдыменен тері астына 100 есе ерітілген сарысуды 0,5 мл, 2,0 мл және 5,0 мл мөлшерінде 15-20 мин интервалымен, содан кейін сол интервалмен таза сарысудың 0,1 және 1,0 мл мөлшерде еңгізіледі. Егер реакция болмаса, бұлшық етке препараттың толық емдік мөлшерін еңгізеді. Осымен қатар шокқа қарсы препараттар қолданылады.
Сарысуларды еңгізу бойынша манипуляциялар асептикалық жағдайларда жасалынады. Сарысуы бар ашылған ампуланы стерилді салфетка астында бөлме температурасында 1 сағаттан көп емес сақтауға болады. Ерітілген сарысуы бар ашылған ампуланы сақтауға болмайды. Гаммаглобулиндер осы ережелер бойынша қолданылады. Иммуноглобулиндерді бұлшық етке алдын-ала десенсибилизацияны жүргізбей еңгізеді. Сарысулар мен иммуноглобулиндерді қолдану алдында олардың жарамдылығын тексеру қажет: ампула зақымдалмаған болуы тиіс, жарамдылық мерзімі болу керек, ерітінді мөлдір, тұнбасы болмауы қажет. Бұл препараттарды ұсынған температурада сақтау қажет. Сарысулар мен иммуноглобулиндерді қолдану орнында шокқа қарсы дәрілер болуы керек.
Бактериофагтар қазіргі кезде көбінесе ішек инфекциялары кезінде қосымша ем ретінде қолданылады. Патогенді бактериялар әр түрлі фаготиптерге жатуы мүмкін, сондықтан керекті бактериофагты таңдау қиындыққа соғады. Сонымен қатар, адам организмінде еңгізілген бактериофагқа қарсы антифагтық антиденелер түзіледі. Бактериофагтарды ауыз арқылы қабылдауға арналған қышқылға тұрақты жабындымен қапталған таблеткалар түрінде (іш сүзектік, дизентериялық, сальмонеллездік), суппозиторий түрінде (дизентериялық), сұйық түрде (іш сүзектік бактериофаг), құрғақ түрде (стафилококктың, стрептококктың, коли-протейлік т.б.). Бактериофагтардың сұйық түрлері ауыз арқылы, тік ішек арқылы және қабыну ошағында жергілікті қолданылады (тампон, шашырату, тері ішілік және бұлшық етке еңгізу т.б.). Препараттар 5-7 күн бойы қолданылады, курстары жиі қайталанады.
Вакцинотерапия организмнің қорғаныс механизмдерінің белсендіруге бағытталған жұқпалы аурулар емінің спецификалық әдісі болып табылады. Вакцина препараттары «мұражайлық» микробтық штаммдарынан немесе науқастан бөлінген қоздырғыштар дақылынан (аутовакцина), инактивацияланған микроорганизмдерден немесе олардың патогендік қасиеттерін жоғалтқан токсиндерінен (анатоксиндер) жасалынады. Әдетте вакциналар жұқпалы аурулардың созылмалы және созылыңқы түрлерінде және кей жағдайларда жедел жұқпалы процесс кезінде қолданылады.
Вакцинотерапияны ауруханада жүргізген дұрыс, себебі қауіпті асқынулар дамуы мүмкін (жұқпалы аурудың айқын асқынуы немесе қосымша патологияның активизациясы, анафилаксиялық реакциялар т.б.). Қазіргі кезде жаңа, жетілген иммунотерапия әдістері пайда болуда, сондықтан вакцинотерапия қолдануы шектеліп, кей жағдайларда тиім салынған (бруцеллез).