Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет10/251
Дата05.01.2023
өлшемі4,97 Mb.
#165022
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   251
Байланысты:
aa7506fd368fd4b5e408fb73eb60c40b

Патогенетикалық ем
Патогенетикалық ем жұқпалы ауру барысында пайда болған функциональды және метаболикалық бұзылыстарды қалыптастыруға және жоюға организмнің иммунобиологиялық тұрақтылығын және қоздырғыштың жойылу эффективтілігіне жоғарылатуға бағытталған. Патогенетикалық емнің негізгі түрі – дезинтоксикациялық терапия. Ол улану синдромының ауырлық дәрежесіне байланысты тағайындылады. Бұл ем инфузия түрінде немесе энтеральды жолмен, эфферентті әдістерімен жүргізіледі. Инфузиялық әдіспен (көк тамырға) кристаллоидты (глюкоза, полиионды, Рингер, физиологиялық, т.б.) және коллоидты (альбумин, аминоқышқылдар, декстрандар - реополиглюкин және полиглюкин, инфезол, т.б.) ерітінділері еңгізіледі. Гемадилюция (қанды сұйықтату) әдісі бойынша ерітінділерді еңгізумен қатар диуретиктер қолданылады. Энтеральды әдіс - кристаллоидты ерітінділерді, энтеросорбенттерді (активтелген көмір, полифепам, тагансорбент, смекта, энтеродез,т.б.) пероральды жолмен (кейде назогастральды зонд арқылы ) еңгізу.
Эфференттік әдістер - аурудың ауыр түрлерінде экстракорпоральды емдеу әдістерімен жүзеге асырылады (гемодиализ, гемосорбция, плазмаферез, т.б.)
Дезинтоксикациямен қатар, су-электролиттік бұзылыстар, газды және қышқыл- негізді гомеостаз бұзылыстары, көмірсу, ақуыз және май алмасуының бұзылыстары, гемокоагуляция, гемодинамика бұзылыстар қалыптастырылады.
Иммунобиологиялық резистенттілікті жоғарылату үшін бірнеше шаралар комплексі жүргізіледі: физикалық тәртіп және диета сақтау, витаминдер және микроэлементтер тағайындау, физикалық ем әдістерін қолдану (мысалы, қанды лазермен немесе ультракүлгін сәулелендіру, гипербариялық оксигенация, т.б.).
Бактериялық препараттар (эубиотиктер) кең қолданылады. Олар адамның қалыпты микрофлорасын қалыптастыруға көмек етеді: бифидум-, коли-, лактобактерин, бактисубтил, энтерол, нарине, т.б.
Аурудың патогенезінде иммунотапшылық жағдай дамығында иммунокорректорларды (интерферондар, интерферондардың индукторлары, интерлейкиндер және т.б.) қолдану қажет.
Жұқпалы науқастарға жүргізілетін дәрілік емнің асқынулары
Жұқпалы науқастардың емі дәрілердің жанама әсерімен және дәрілік ауыруымен асқынуы мүмкін. Асқынуларға дисбактериоз, иммуно-аллергиялық бұзылыстар (анафилактикалық шок, сарысулық ауру, Квинке ісінуі, токсико-аллергиялық дерматит, васкулит, т.б.), токсикалық зақымдалулар (гепатит, нефрит, агранулоцитоз, энцефалопатия, т.б.) және аралас генезді бұзылыстар жатады. Көбінесе спецификалық және химиотерапиялық препараттармен этиотропты ем нәтижесінде дамиды. Дәрілік аурудың ең қауіпті түрі – анафилактикалық шок.
Сарысулық ауру – аллергеннің қайта енгізілуінің нәтижесінде дамиды (әдетте емдік сарысулар, гаммаглобулиндер, кейде иммуноглобулиндер, пенициллин, т.б.). Ол қан тамырлар мен дәнекер тіндердің қабынуымен сипатталады.
Антигенді қайта енгізу нәтижесінде организмде әр түрлі классқа және түрге жататын антиденелер өндіріледі. Олар қан тамырлар қабырғасында бекітілетін, комплементті активтейтін қан айналымында жүретін иммундық комплекстерді түзеді. Бұның нәтижесінде қан тамырлар өткізгіштігі артады, қабырғалары инфильтрацияланады; бүйрек шумақтарының, миокардтың, өкпенің және басқа мүшелердің қан тамырлық капиллярлары тарылып, бітеледі; жүрек клапандары және синовиальды қабаттар зақымдалады. Қанда антиденелер пайда болуынан 3-7 күннен кейін иммундық комплекстермен антиген жоғалып, бірте-бірте сауығу болады.
Полиневрит, синовиит, тері және тері асты майлы клетчаткасының некрозы, гепатит сияқты сарысулық асқынулары сирек кездеседі.
Дисбактериоз – антибактериальды препараттар (көбінесе кең спектірлі антибиотиктер) қолданудың нәтижесінде дамиды. Дисбактериоз биоценоз бұзылыстарына байланысты бірнеше түрге бөлінеді: кандидозды, протейлік, стафилококкты, колибациллярлы, аралас микрофлораның өзгерістерінің дәрежесі бойынша компенсацияланған, суб- және декомпенсацияланған варианттары ажыратылады. Дисбактериоз жергілікті, жайылмалы және жүйелік (генерализацияланған, немесе септикалық) түрде өтуі мүмкін. Көбінесе ішек дисбактериозы дамиды.
Ішек микрофлорасының зақымдалуы ас қорыту процестерінің бұзылыстарына, эндогенді интоксикацияға әкеп соғады; екіншілік иммунодефициттің және басқа мүшелерде қабыну процестердің пайда болуына әкелуі мүмкін.
Ішек дисбактериозының көріністеріне жиі сұйық немесе жартылай сұйық нәжіспен, іштің ауыру немесе қолайсыз сезімі, метеоризм жатады. Сонымен қатар дене салмағы төмендейді, гиповитаминоз (глоссит, хейлит, стоматит, терінің құрғақтығы түрінде), дерматит, астения, анемия дамиды. Кейде ұзақ субфебрилитет болады. Ректоромоноскопия арқылы тік және сигма тәрізді ішектер шырышты қабатындағы қабыну және субатрофиялық өзгерістерін анықтауға болады.
Орофарингеальды дисбактериоз кезінде ауыз-жұтқыншақтағы қолайсыз сезім және күйдіру сезімі, жұтынудың бұзылуы мазалайды. Қарап тексергенде шырышты қабаттың гиперемиясы және құрғауы, глоссит, хейлит анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет