Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ


Іш сүзегін ерте (аурудың алғашқы 7 күнінде) анықтау алгоритмі



бет18/251
Дата05.01.2023
өлшемі4,97 Mb.
#165022
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   251
Байланысты:
aa7506fd368fd4b5e408fb73eb60c40b

Іш сүзегін ерте (аурудың алғашқы 7 күнінде) анықтау алгоритмі

Маңызды диагностикалық белгілер:



  1. қызба (5 күндей және одан көп) → инфекция

  2. бастың ауруы

  3. ұйқының бұзылуы


  1. бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы → жайылмалы

инфекция


Жұқпалы аурулардың 4 тобының біріне ішек, тыныс жолдары, қан арқылы, сыртқы тері арқылы жұғатын аурулар жатуы мүмкін



Әртүрлі сепсистер мен басқа жұқпалы және жұкпалы емес аурулармен салыстырмалы диагностика жүргізу


  1. Іште дискомфорт сезіну, энтерит синдромы, тістің дақтары бар ісінген тіл, илеоцекальды маңайдағы құрылдау мен ауырсыну сезімі, «оң» Падалка симптомы және Штернбергтің оң «қиылысу» симптомы




ЖАЙЫЛМАЛЫ ІШЕК ИНФЕКЦИЯСЫ



Қосалқы диагностикалық белгілер:




  1. Эпидемиологиялық анамнез (аурудың басталу кезеңіне дейінгі 3 апта уақытында үш түрлі жұғу жолдарын – су, тағам, қарым-қатынас/ анықтау).

  2. Аурудың кіші белгілері (ваготония белгілері).

  3. Гемограмманың өзгеруі (аурудың 5-ші күнінен кейін лейкопения мен тромбоцитопения, салыстырмалы лимфоцитоз, анэозинофилия).




Шешуші диагностикалық белгілер:

  1. Қаннан ауру қоздырғышын табу (қанды өт сорпасына немесе Раппопорт ортасына себу)




ІШ СҮЗЕГІ

Сүзек-парасүзек ауруларының диагностикасы үшін алғашқы 5-6 күнде келесі клиникалық мәліметтердің үлкен маңызы бар: жоғары тұрақты қызба, айқын интоксикация, “сүзектік тіл”, гепатолиеналды синдром, метеоризм, «оң» Падалка нышаны. Гемограммада іш сүзегіне тән өзгерістер: лейкопения, анэозинофилия, таяқша ядролы нейтрофилдердің жоғарлауы.


Диагнозды растау үшін бактериологиялық және серологиялық әдістерді қолданады. Өт қосылған қоректі орталарға науқастың қанын (гемокультура), зәрін (уринокультура), нәжісін (копрокультура) міндетті түрде себеміз. Өтті (билиокультура) бактериотасымалдаушылардан ғана алып себеміз. Қоздырғышты сүйек кемігінің пунктатынан (миелокультура), розеола пунктатынан (розеолокультура) бөліп алуға болады, бірақ бұл әдістер қазіргі жағдайда қолданылмайды. Серологиялық әдістерден іш сүзегінің анықтауында агглютинация реакциясы – Видаль реакциясы, О- , Н-, Vi – антигендермен жүргізілетін тікелей емес гемагглютинация реакциясы (ТГАР) қолданылады. Диагностикалық титр – 1:200.
Емдеуі. Іш сүзегінің ағымы мен нәтижесі дұрыс күтімге, диетаға, антибактериальды және патогенетикалық ем жүргізу тәртібіне байланысты. Іш сүзегінің емдеуі комплексті болуы керек.
Науқасты тыныштықта, жайлы төсекте күту керек. Ауыз қуысы мен теріні күту маңызды орын алады. Төсекте жату режимін 6-7 күнге дейін сақтаған дұрыс. Ал 7-8-ші күндері науқастың отыруына рұқсат етіледі, 10-11-күндері дене қысымы тұрақтанса, жүріп-тұруға рұқсат беріледі. Науқастарға №4 және 4б, сосын 4в, 2 диета тағайындалады. Іш сүзек-парасүзек аурулары кезінде антибиотиктердің ішінен ең тиімдісі -левомицетин болып табылған. Сонымен қатар ампициллинді де пайдалану қолайлы. Левомицетинді тәулігіне 6 реттен 0,5 г белгілейді, қалыпты дене температурасының 3-ші күніне дейін, ал 3-10-шы күні - тәулігіне 4 реттен - 0,5 г. Ампициллинді 14 күннің ішінде тәулігіне 4 реттен 1г мөлшерінде пайдалану. Қоздырғыштар антибиотиктерге тұрақты болған жағдайда бактрим (бисептол) күніне 2-3 рет қолданылады, немесе нитрофуран препараттары (фуразолидон) күніне 4 реттен-0,15-0,2 г. Сонғы жылдары фторхинолондар тиімді препараттар болып табылды (пефлоксацин 0,4 г. х 2 рет, ципрофлоксацин 0,5 г. х 2 рет).
Ішектен қан кеткенде қатаң төсек режимі керек, шалқасынан 12-24 сағат бойы жатқызу. Қарынға суық басып, 10-12 сағат аралығында тамақ ішуге тиым салынып, ішетін сұйықтықтың мөлшері 500 мл дейін шектеледі.
Науқастарды ауруханадан дәрігер-инфекционистің бақылауы және рұқсаты бойынша шығарады. Қосымша ауруларды емдеу мақсатқа сәйкес жүргізіледі.
Болжамы. Іш сүзегі тұсында болатын өлім тудыратын жағдай соңғы жылдары едәуір төмендеген және ол 0,3-0,2% құрап отыр. Десек те, әлі күнге дейін болжамы әрқашан жағымды емес, тіпті жеңіл ағымында да, себебі, ауыр асқынудың дамуы мүмкін (ішектен қан кету, ішек перфорациясы және т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет