Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет155/251
Дата05.01.2023
өлшемі4,97 Mb.
#165022
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   251
Байланысты:
aa7506fd368fd4b5e408fb73eb60c40b

Асқынулары.


  1. Инфекциялық – токсикалық шок.

  2. Бүйрек-бауырдың жедел жетіспеушілігі.

  3. Бүйректің жедел жетіспеушілігі.

Диагностикасы. Лептоспироздың диагностикасы, әсіресе аурудың 1-ші күні қиындық келтіреді.

  1. Эпидемиологиялық тексерудің мәліметтері зор маңыз алады. Лептоспирозбен ауыру адамның мамандығына да байланысты (ветеринарлар, зоотехниктер, ет комбинатының жұмысшылары, аңшылар, шахтерлер т.б.), сондай-ақ кеміргіштермен, иттермен және басқа да үй жануарларымен байланыста болу аурудың жұғуына бірден бір себепкер нәрселер. Жұғу жаз айларында суға шомылудан, балық аулаудан да болуы мүмкін.

  1. Клиникалық көріністері:

  • кенеттен басталатын ауру;

  • негізгі белгілері: ағзаның улануы, қызба,

  • бұлшықеттердің ауыруы

  • бүйректің зақымдану белгілері

  • геморрагиялық синдром

  • бауырдың зақымдануы - сарғыштану

  • менингеалді синдром

  1. Лабораториялық көрсеткіштер: лейкоцитоз, анемия, билирубиннің жоғарлауы, АлАТ пен АсАТ белсенділігінің жоғарылауы, зәрдің патологиялық өзгерістері, азотемия.

  2. Қараңғы айдындағы микроскопия арқылы лептоспираларды науқастың қаны мен зәрінен табуға болады.

  3. Бактериологиялық әдіс – қан, зәр, жұлын сұйықтығын қоректі ортаға себіп бөліп алуға болады. Бірақ, бұл әдістін нәтижесін 1 айдан кейін береді.

  4. Биологиялық әдіс.

  5. Серологиялық әдіс: КБР (1:10 –1:20), ТГАР, микроагглютинация және лизис реакциялары – 1:100.

  6. ПТР



Емдеуі.

Лептоспироздың емдеуі ауруханада жүргізіледі. Жедел кезеңде төсек режимін сақтау керек.


  1. Этиотропты еміне: бензилпенициллин тәулігіне 6-12 млн.бұлшық ет ішіне, менингит кезінде 24 млн. 7-10 күн бойы; немесе, эритромицин бұлшық ет ішіне 500 мг 6 сағат сайын, сирек доксициклин - емдеудің 1-ші күні 0,1 г 12 сағат сайын, келесі күндері тәуліктік дозасы 0,1 г ұсынылған.

  2. Патогенетикалық ем. Барлық науқастарға улануға қарсы ертінділер, диуретиктер, аскорбинді қышқыл, рутин, викасол белгіленген. Ағзаның улануы мен геморрагиялық синдром барысында глюкокортикостероидтар көрсетілген (преднизолон 60-120 мг тәулігіне).

Арнайы ем: лептоспираға қарсы гетерологиялық гамма -глобулин бұлшық ет ішіне 10-15 мл – 1-ші күні, келесі 2 күн бойы 5-10 мл.
Бүйректін жетіспеушілігі дамығанда гемодиализ жүргізу қажет.
Диспансерлік бақылау - 6 ай бойы (инфекционист, нефролог, невропатолог, офтальмолог).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет