Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ


- кеміргіштермен контакт болу; -



бет194/251
Дата05.01.2023
өлшемі4,97 Mb.
#165022
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   251
Байланысты:
aa7506fd368fd4b5e408fb73eb60c40b

- кеміргіштермен контакт болу;
- кеміргіштердің экскременттерімен контакт болу;
және\немесе
Расталған ауру жағдайымен эпидемиологиялық байланыстың болуы


Дәлелденген жағдай
Келесі мәліметтердің біреуі болған кезде қойылады:
- «оң» нәтижелі ПТР;
- ИФА әдісімен IgM немесе IgG класына жататын антиделерді анықтау;
- патологоанатомиялық материалдан вирус антигенін иммуногистохимиялық әдісімен анықтау.


Емдеу. Науқастар міндетті түрде жұқпалы аурулар ауруханасына жатуы керек, оларға төсек тартып жату белгіленіп, ет тағамдарын қолдануға тиым салады, сұйықтық пен асқа салатын тұздарға шек қойылмайды Жеңіл қорытылатын тағам (стол 4), көп сұйықтық беріледі. Бастапқы кезеңде глюкоза, аскорбин қышқылы, рутин, антигистаминдер, аналгетиктер. Олигоурия кезеңінде ішетін және құйылатын сұйықтық зәр мөлшерінен 1000 мл-ге көп болмауы керек, жоғары дене қызуы кезінде – 2500 мл-дейін.
Этиотропты емі толық зерттелмеген. Вирусқа қарсы препараттар, интерферондар, интерлейкиндер тиімді болуы мүмкін. Патогенетикалық ем интоксикациямен, бүйректің жедел жетіспеушілігімен, инфекциялық токсикалық шокпен күресу мақсатымен жұргізіледі.
Бүйрек жетіспеушілігі айқын, азотемия, инфекциялық-токсикалық шок кезінде – шокқа қарсы шаралар, гемодиализ, глюкокортикостероидтар, қанның ультрафильтрациясы, гемотрансфузия.
Стационардан шығару – клиникалық көріністері толық жойылған соң, қан, зәр көрсеткіштері қалпына келген соң болады. Ауруханадан шығаруға изогипостенурия мен полиурия қарсы көрсеткіштер емес.
Ауырғандар 1 жыл бойы диспансерлік бақылауда болу керек.
Терапевттік шаралар есепке алумен және негізгі биохимиялық көрсеткіштерімен үнемі бақыланатын аурудың ауыр түрінде жүргізіледі
Алдын алу шаралары аурудың негізгі көзіне - резервуарына (кеміргіштер) және ауруды тарататын жұғу жолдарына қарсы тағайындылады.


ЛЕЙШМАНИОЗДАР
Лейшманиоздар – протозойлы инфекция тобына жататын трансмиссивтік ауру.
Көне заманғы қолтаңбалардан Шығыс елдерінде тарағаны белгілі. Қоздырғыштың ашылуы әскери дәрігер П.Ф.Боровскийдiң есімімен байланысты. Ол 1897 жылы қойылған терi жарасынан алынған жұғындыдан ерекше денелерді анықтаған. 1900 – 1903жж. ағылшын зерттеушiлерi В.Лейшман және Донован қоздырғышты өлген адамның бауыр, көкбауыр жұғындыларынан тапқан. 1913 ж. Якимов лейшманиозға табиғи ошақтық тән екенін яғни оның Орта Азия және Закавказьеде таралғанын дәлелдеді.
1937 – 40жж. Н. Л. Латышев лейшманиоздың тері түрінің табиғи ошақтар бар екенін анықтады.
Этиологиясы. Лейшманий қарапайымдылар тобынан. Дамуы екі сатыдан тұрады: лейшманиялық және лептомонадалық.
Ι сатысында паразиттер адамдар мен жануарлар терісінің, ішкі ағзаларының гистиофагоцитарлық клеткалары ішінде мекендейді.
ІІ лептомонадалық сатысында шіркей организмде кездеседі, сонымен қатар қоректі орталарда өндіруге болады.
Висцералды лейшманиоз қоздырғышы Leishmania donovani терілік лейшманиоз қоздырғышы – L. troрica minor et major.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет