Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ


Диагностикасы және салыстырмалы диагностикасы



бет229/251
Дата05.01.2023
өлшемі4,97 Mb.
#165022
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   251
Байланысты:
aa7506fd368fd4b5e408fb73eb60c40b

Диагностикасы және салыстырмалы диагностикасы. Е вирусты гепатиті диагнозы клиникалық және эпидемиологиялық ерекшелiктердiң негiзiнде койылады. ИФА әдiсiмен HEV-ге антиденелер анықталады. Анти-HEV IgM канда аурудын 10-12 күнi пайда болып 1-2 ай сақталады. Содан кейiн, қысқа уакыттан соң анти-HEV IgG қаннан анықталады. Бұл антидененiң анықталуы HEV-мен қатынас болғаны туралы айтады. Инфекциялық процестiң ерте фазасында HEV-РНҚ табылуы мүмкiн.

Салыстырмалы диагноз Агепатиті кезiндегiдей өткiзiледi.


Емi. Е вирусты гепатиті кезiнде жургiзiлетiн емдеу комплексi А вирусты гепатиті кезiндегi емге ұқсас.
Болжамы. Ауруханадан шығару ережелерi және диспансерлік бақылау А гепатитіне ұқсас. Е гепатиттiң натижелерi де А гепатитіне тән, бiрақ жүктi әйелдер арасындағы жоғары өлiм көрсеткiшi ерекше.
Алдын алу шаралары. А гепатитімен ауырушылдықты төмендетуге бағытталған гигиеналық шаралар (соның iшiнде, түрғындарды сумен қамтамасыз етудi жақсарту), Е гепатиті кезiнде де эффективтi болып табылады. Қазiргi кезде вакцина өнделген емес.


Микст-гепатиттер
Гемоконтакты микст-гепатиттер есірткі заттарды көктамырға салатындарда жиі кездеседі. Осыған орай, микст-инфекция жастар арасында жиі кездеседі. Жиі В гепатиттің және С гепатиттің үйлесіп кездесуі байқалады. Клиникалық-лабораторлық және эпидемиологиялық мәліметтер В гепатиттің алдында болған С гепатитімен қосарлануы (жедел В гепатиті созылмалы С гепатитімен қосарланады) немесе үйлесе залалдануына дәлел. Соңғы жағдайда клиникалық көріністер моноинфекция – В гепатитіне сәйкес. Жедел микст-инфекция В және С гепатиттерімен жедел С гепатиттің созылмалы түрге айналу жиілігі бірдей. В және С микст гепатиттерінің жартысынан көп жағдайында клиникалық практикада созылмалы аралас этиологиялық гепатиттердің өршу сатысына тура келетінін атап өту қажет, олардың ерекшелігі С гепатиттің активтігі басым және ол инфекцияның ағым сипатын анықтайды. Науқастардың аз пайызында HDV-инфекция маркерлері анықталуы мүмкін. Бұндай «үштік» микст-гепатит жедел фазасында потенциалды ауыр ағымын білдіреді, осы жағдай жиі созылмалы түріне айналады. Вирусқа қарсы емінің тағайындалуы, арасындағы бір қоздырғыштың репликативті белсенділігіне байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет