Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет231/251
Дата05.01.2023
өлшемі4,97 Mb.
#165022
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   251
Байланысты:
aa7506fd368fd4b5e408fb73eb60c40b

Эпидемиологиясы. G гепатиті барлық жерде кездеседі. Ресейде: қоздырғыштың анықталу жиілігі 2%-тей – Мәскеуде, Якутияда 8%-ге дейін. В гепатиті және С гепатиті кең тараған аймақтарда G гепатиті кездесуі жоғары. G гепатиті парентералды механизммен берілетін инфекциялар қатарына жатады.
Инфекция көзі – G гепатиттің жедел және созылмалы түрімен ауыратын науқастар. С гепатиті сияқты қоздырғыштың берілуінде негізгі мазмұн жасанды жолдарға беріледі. HGV-ң нашақорлар арасында жиі кездесуі оған дәлел. Әлемнің көп елдерінде, соның ішінде Ресейде, РНҚ HGV нашақорлар арасында кездесуі (33-35%) басқа тұрғындар арасына қарағанда әлде қайда жоғары болған. Залалдану сондай-ақ гемотрансфузиялар және парентералды араласулар кезінде жүреді. Жыныстық қатынас арқылы және вертикалды жолмен залалданған анадан балаға берілу мүмкіндігі бар.
Клиникасы. Клиникалық ағымы жағынан G гепатиті С гепатитіне ұқсас. Сонымен қатар, G гепатитіне С гепатиті кезіндегідей инфекциялық процестің үдеуі, созылмалы түрге айналып, бауыр циррозы мен гепатокарциномаға айналуы тән емес сияқты. Әдеттегідей, жедел инфекциялық процесс симптомсыз өтеді. Жалпы сипаттама ретінде сарысулық трансаминазалар активтігінің орташа деңгейде жоғарылауы алынады. G гепатиттің диагностикасының негізгі маркерлері – HGV-РНҚ ПТР (ПЦР) әдісімен анықталады. Анти-HGV кеш сатыларында анықталады, онда HGV-РНҚ қанда жойылады, анти-HGV-сауығу маркері болып табылады. Жедел G гепатиттің шешімі болуы мүмкін: айығу –HGV- РНҚ элиминацияланады және анти–HGV пайда болады; HGV-РНҚ ұзақ сақталып, созылмалы түріне айналуы, ол ұзақ қанда айналымда болып, бірнеше жылдан соң жойылады да, анти-HCV синтезделеді; ұзақ HGV тасымалдау. HGV-РНҚ-ң ұзақ қанда сақталу мерзімі 9-12 жыл. Анти- HGV-ң табылу жиілігі жоғары екенін атап өтуі керек, бұл жағдай G гепатиті кезінде С гепатитімен салыстырғанда созылмалы түрге айналу мүмкіндігі сирек екенін дәлелдейді.
G гепатиттің клиникалық көріністерінің сипаты жұмсақ, ұзақ уақыт АЛТ активтілігінің жоғарылауының төмен деңгейде өсуімен ерекшелінеді. Вирусты анықтағанға позитивті ПТР (ПЦР) жүргізгенде сілтілі фосфатазаның және гамма-глутамилтранспептидазаның активтігінің жоғарылауы анықталған, ол басым түрде өт жүру жолдарының зақымдалуын білдіреді. Созылмалы G гепатиттің морфологиялық сипаттамасы С гепатитіне өте ұқсас. G гепатиттің бауырдан тыс белгілері тіркелмеген. G гепатиті вирустың персистенциясы аутоиммунды механизмдерді «жүргізе» алатындығы туралы да анық мәліметтер жоқ. Жиі үйлесімен HCV/HGV-инфекция кездеседі, оған инфекциялық процестің үдеуі мен цирроз тудырушылық тән. Өз алдында, HGV-РНҚ бар және HGV-РНҚ жоқ созылмалы С гепатиті – бар науқастарды тексергенде, олардың биохимиялық, вирусологиялық және морфологиялық көрсеткіштер ерекшелігінің жоқтығы анықталған. Бұл HGV C гепатиттің ағымына әсерін тигізбейді дегенді дәлелдейді.
Сонымен, HGV-РНҚ верификацияланбаған гепатиттердің арасында анықталуы сирек (9%-тен көп емес), С гепатиті-бар науқастар арасында жиі анықталады; HGV-РНҚ болуымен АЛТ деңгейінің жоғарылауы және гистологиялық өзгерістердің арасында тікелей байланыстың болмауы; үйлескен HCV/HGV инфекция мен HGV-моноинфекция арасындағы ерекшеліктің болмауы, G гепатиттің дербестігіне күмән тудырады. Анық айтқанда, вирустың дербестігінде күмән жоқ, бірақ оның вирусты гепатиттің этиологиялық құрамындағы рөлі қосымша зерттеулерді талап етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет