Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



Pdf көрінісі
бет103/287
Дата26.12.2023
өлшемі3,13 Mb.
#199295
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   287
Байланысты:
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР

2.
 
Асқынған: сілекей безі және басқа мүшелердің (менингит, менингоэнцефалит, 
панкреатит, орхит, мастит, миокардит, артриттер, нефрит) зақымға ұшырауы.
Ағымның ауырлығы бойынша:


92 
-
жеңіл (соның ішінде жасырын және атипті); 
-
орташа; 
-
ауыр; 
Б. Инфекцияның инаппарантты түрі; 
В. Эпидемиялық паротиттің резидуалды құбылысы: 
-
жыныс бездің атрофиясы; 
-
бедеулік; 
-
диабет; 
-
кереңдік; 
-
орталық жүйке жүйесі қызметінің бұзылуы. 
Аурудың ауыр ағымының белгісі ағзаның улану белгілерімен және қызба 
көрінісімен байланысты, сондай-ақ асқынудың болуымен немесе жойылуымен.
Асқынбаған паротиттік инфекция әдетте жеңіл өтеді.
Паротиттің жеңіл ағымында дене қызуының аздап көтерілуі мен ағзаның улану 
белгісінің әлсіз көрінісі немесе тіптен болмауы мүмкін (асқынусыз). Ал паротиттік 
инфекцияның орташа түрі дене қызуының 38-39

С дейін көтерілуімен, ұзақ қызбамен, 
ағзаның улануымен (қалтырау, бас ауыруы, буынның сырқырауы, бұлшықеттердің 
ауыруы), сілекей бездерінің едәуір үлкеюімен, жиі - 2 жақты паротитпен, асқынудың 
болуымен сипатталады. Паротиттік инфекцияның ауыр түрі жоғарғы дене қызуымен 
(40

С жоғары) және дене қызуының ұзақ уақыт көтерілуімен (2 аптаға дейін), ағзаның 
қатты улануымен; астенизация, қатты әлсіздік, тахикардия, АҚҚ төмендеуі, ұйқының 
бұзылуы, анорексиямен және т.б өтеді. Кейде ауыр ағым аурудың 1-ші күні байқалады.
Аурудың ерекше нышаны - сілекей безінің зақымдануы. Көбіне беттің төменгі 
бөлігі қатты ісініп, алмұртты еске түсіреді. Бездердің ісінуі 6-16 күн сақталады. Қызба 
әртүрлі типте 4-7 күн бойы сақталады. Балаларға қарағанда ересектердің ауруы ұзақ әрі 
ауыр өтеді.
Асқынулары
.
Паротиттік инфекция кезінде көбінесе безді мүшелер мен орталық 
жүйке жүйесі зақымға ұшырап, асқынуы жиі білінеді. Балалардың ауруында ең жиі 
асқыну серозды менингит болып табылады. Бұл асқынудың жиілігі 10% асады. Серозды 
менингиті бар барлық балалардың 80% жуығында паротитті менингит анықталады. 
Әйелдерге қарағанда, ер адамдарда менингит 3 есе жиі дамиды. Науқастардың 10%-да 
менингит сілекей безінің қабынуынан ерте дамиды. Менингит жедел, кейде қызумен 
(аурудың 4-7-ші күні) басталады: бұл кезде қалтырау пайда болып, дене қызуы қайта 
көтеріледі (39

С дейін), сонымен қатар бас ауыруы, лоқсу мазалап, менингеальды 
синдром дамиды (желке бұлшықеттерінің ригидтілігі, Кернинг, Брудзинский нышандары 
оң болады). Менингит пен қызбаның нышандары 10-12 күннен кейін жойылады.
Кейбір 
науқастарда 
менингеальды 
нышандардан 
басқа, 
энцефалит 
(менингоэнцефалит) немесе энцефаломиелит белгілері дамиды.
Орхит ересектерде жиі байқалады. Оның жиілігі аурудың ауырлығына 
байланысты. Орхиттің белгілері аурудың басталуынан 5-7-ші күні байқалады және ол 
қызбаның жаңа толқынымен (39-40

С дейін), зақымдалған аймақтың айқын ауыру 
сезімімен сипатталады. Жыныс безінің көлемі ұлғаяды. Қызба 3-7 күн сақталып, ал орхит 
көріністері - 5-8 күн сақталады. Одан соң ауру бәсеңдей түседі.
Жедел панкреатит аурудың 4-7-ші күні дамиды. Бұл уақытта эпигастральды 
аймақта қатты ауыру сезімі пайда болып, жүрек айну, дүркін-дүркін лоқсу, қызба 
байқалады.
Есту мүшелерінің зақымдануы кейде толық кереңдікке алып келеді. Алғашқы 
белгілері - шудың пайда болуы. Жазылу кезеңінде есту қалпына келмейді.
Артриттер шамамен науқастардың 0,5%-да дамиды, соның ішінде ересектерде 
және әйелдерге қарағанда ер адамдарда жиі болады. Олар сілекей бездері зақымға 
ұшырағаннан кейінгі, алғашқы 1-2 аптада байқалады. Мұнда ірі буындар жиі 


93 
зақымданады. Буындар ісініп ауырады. Артриттің ұзақтығы 1-2 апта, кейде ол 1-3 айға 
дейін сақталады.
Ал басқа асқынулар (простатит, оофорит, мастит, тиреоидит, бартолинит, 
нефрит, миокардит) сирек байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет