150
дамиды. Қоздырғыш ішектің төмінгі бөлімдері арқылы еніп, оның аймақтық –
мезентериалді лимфа түйіндерінде ұялап, солардың зақымдануы арқылы әрі қарай
септикалық инфекция қалыптасуына жағдай жасалады. Аурудың өте жие кездесетін
терминалді илеит, гастроэнтерит, энтероколит мезентериалді лимфаденит, аппендицит
болып келгендіктен, ол “ішек иерсиниозы” деген ат алған. Бірақ ішек жағынан кездесетін
белгілерден басқа да артрит, түйінді эритема, конъюнктивит, лимфаденит, гепатит,
нефрит, уретрит, т.б. синдромдар
көрініп, ол псевдотуберкулезге ұқсастығын көрсетеді.
Ішек иерсиниозы кезінде көбіне гастроэнтероколит түрі, аппендицит түрі,
септикалық түрі, субклиникалық түрі жие қалыптасады.
Ауруды емдеу, аурудың алдын алу шаралары
Достарыңызбен бөлісу: