Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



Pdf көрінісі
бет161/287
Дата26.12.2023
өлшемі3,13 Mb.
#199295
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   287
Байланысты:
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР

Эпидемиологиясы.
Псевдотуберкулез – жедел ішек инфекциясы және зооноз.
Ауру қоздырғыштары табиғатта кең тараған. 
Аурудың көзі
сүтқоректі жануарлар
құстар мен қосмекенділер, балық, бұынаяқты жануарлар. Бірақ 
негізгі аурудың көзі және 
резервуары
– кеміргіштер, тышқандар. Олар кең таралған, псевдотубекулезге жоғары 
сезімтал және қоршаған орта объектілерін, суды, топырақты, тағамдарды, көк өністерді 
заладап, аурудың басқа жануарлар арасында тарауына әсер етеді. Екінші резервуары – 
топырақ. Топырақта иерсиния қоздырғыштарының жиі табылатыны жануарлар 
инфицирленген нәжісімен, зәрімен залалдауға және де иерсиниялардың сапрофиттік 
қасиеттерінің болуына байланысты. 
 
Иерсиниоздың 
өте 
бір 
таңғажайып 
эпидемиолиялық ерекшілігі бар – иерсиниялардың екі бөлек табиғи ортаға өмір сүруге 
бейімделгені: сыртқы ортада сапрофиттік өмірге, жылы қанды жануарлар организмінде – 
паразиттік.
Берілу механизмі
– фекалді- оралді. Берілу жолдары – алиментарлы, контактілі, 
аэрогенді, трансмиссивті (сирек кездеседі). Негізігі берілу жолы – алиментарлы. Берілу 
факторлары: көкөністер, сүт, су, ет тағамдары. 
Қабылдаушы макроорганизм
. Ауруға барлық жастағы адамдар шалдығады, бірақ 
балалардың тез ауыратыны ерекше аңғарылады. 


146 
Ауру салқын кезеңдерде көбінесе тарайды, спорадикалық, эпидемиялық көлемде 
таралуы мүмкін. 
Патогенезі. 
Қазақстандық көрнекті ғалым проф. Т.И.Дмитровская псевдотуберкулез 
дамуында 8 сатының кезең алмастырып өршуін дәлелдеп берді. 
1. 
Эпидемиялық сатысы немесе ауруды жұқтыру сатысы
. Қоздырғыштың 
организмге ену жолы, мөлшері және патогенділігі аурудың клиникалық көрінестеріне көп 
әсерін тигізеді. 
2. 
Біріншілік регионалді инфекция сатысы.
Иерсиниялар организмге енген соң 
макрофагтармен кездесіп не толық фагоцитозға ұшырайды, не оған тайталаса отырып 
жергілікті регионалді бездерге лимфа жолдары арқылы таралады. Қоздырғыштың кіру 
қақпасының аймағында регионалді қабыну процестер дамиды. 
3. 
Бактериемия сатысы.
Иерсиниялар лимфогематогенді жолдарымен қан 
айналымына түсіп бакериемия дамиды.
4. 
Паренхиматозды ағзаларға бекіну сатысы.
Қандағы қоздырғыштарды фагоциттер 
қоршап алып, оларды иммунды қорғаныс қасиеті дамыған ағзаларға әкеліп 
шоғыландырады. Бұл жерде қоздырғыштың тарамайтын жері жоқ, демек қабыну мен 
дестркуция өзгерістергерге барлық ағзалар мен жүйелер қатысуы мумкін. Мұның өзі 
иерсиниоз клиникасына орасан тән ерекшеліктердің бірі клиникалық полиморфизмнің 
неліктен болатынына түсінік береді. 
5. 
Токсинемия сатысы.
Қанға не паренхиматозды ағзаларға түскен 
қоздырғыштардың ыдырау әсерінен босанған эндоксиндердің туындысы. Иерсиниоз 
кезіндегі интоксикацияның бір ерекшілігі - қан құрамында аммиактың концентрациясын 
мейлінше (5-8 есеге дейін) көбеюі. Ол уреаза ферментінің белсеңділігіне тікелей 
байланысты. Токсико- аллергиялық өзгерістер ішкі ағзалардың бәрінде дерлік әсіресе 
ішек-қарында, өкпеде, бүйректе, миокардта, лимфа түйндерінді көрініс береді. 
6. 
Екіншілік – ошақты өзгерістер сатысы. 
Бұл сатыда токсико-аллергиялық 
факторлар салдарынан ішкі ағзаларда қабыну, дистрофия, некроз сияқты өзгерістер 
дамып, демек полиорганды (көп жүйелі) клиникалық көріністер осы сатыға байланысты. 
Иммунитет тапшылығы қоздырғыштың шетсіз таралуына жол беріп сепсиске айналып, 
өте қатаң түрде өтуіне әсер етеді. 
7. 
Иммунитеттің қалыптасу сатысы.
Қалыптсып үлгерген клеткалық және 
гуморалді иммунитет арқасында қоздырғыштарды аластау процесі басталады. 
Бактериялық айығу, морфологиялық айығу, функционалді айығу процестерімен ұштасып, 
инфекциялық процестің аяқталуына әкеледі. Ал егер ауру толық жазылмаса, онда 
аурудың кейбір қалдықтары – салдары қалыптасады. Сүйтіп ол 8-ші сатысына ауысады. 
8. 
Аурудың ақыры немесе нәтижесі. 
Патогенездің әрбір сатысы аурудың дамуына белгілі бір кезеңдерді тудырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет