Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



Pdf көрінісі
бет243/287
Дата26.12.2023
өлшемі3,13 Mb.
#199295
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   287
Байланысты:
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР

Салыстырмалы 
диагностикасы. 
А 
гепатитінің 
продромалды 
кезеңін 
салыстырады:
 
● тымаудан және басқа жедел респираторлы аурудан; 
● энтеровирусты инфекциядан; 
● сүзек топтас аурулардан; 
● жедел ішек инфекцияларынан. 
Сарғыштық кезеңінде А гепатитін төменде аталған аурулардың
сарғыштық түрімен салыстырады: 
● жұқпалы мононуклеоз; 
● лептоспироз; 
● псевдотуберкулез; 
● гемалитикалық сарғыштық; 
● токсикалық сарғыштық; 
● механикалық сарғыштық. 
Емі. 
А гепатитінің еміне төсек режимі, “жартылай” төсек режимі, тиімді тамақтану 
және витамин емі сияқты емдеу шаралары жатады. Аурудың жеңіл және орташа 
ауырлығында науқастар «жартылай» төсекте жату керек, ал ауыр ағымында - төсек 
режимі. Ауруханадан шыққан соң 6 айға дейін ауыр жұмыс істеуге болмайды. 
 
№5-емдәм үстелі (Певзнер бойынша), ауыр қорытылатын майлы тамақтарды (сиыр, 
қой, шошқа еті), қуырылған, ащы тағамдарды жеуге болмайды. Ауруханадан шыққан соң 
6 айға дейін емдәм сақтау керек.
Дезинтоксикация мақсатымен науқасқа тәулігіне 1,5-2,0 л сұйықтық беріледі. 
Анорексия белгісімен, қайта-қайта құсатын науқастарға парентералды жолмен глюкоза
Рингер сұйықтығы құйылады. 
А гепатиті қатерсіз ағымды, циклді, сауығумен өтетін болғандықтан науқастарға 
вирусқа қарсы препараттар тағайындалмайды. 
Аурудың жеңіл ағымында дәрумендер, энтеросорбенттер (микрокристалды 
целлюлоза 2,0-3,0 г; гидролизді целлюлоза-полифепан, билигнин 0,5-1,0 г/кг- түнге соңғы 
тамақтанудан кейін 2-3 сағаттан соң беріледі) тағайындалады. 
Аурудың орташа ауырлық ағымында жоғарыда аталған емге қосымша асқазан мен 
ұйқы безінің қорыту жұмысын жақсарту үшін фермент препараттарын (панкреатин, креон, 
мезим форте, фестал) береді. 
Инфузиондық-дезинтоксикацаялық ем ретінде қан тамырға тамшылап 5% глюкоза 
ерітіндісін, гемодез (400 мл күнара), рибоксин (20-30 мл), 5% аскорбин қышқылын 
құямыз. 
Ауыр ағымда дезинтоксикациялық шаралар күрделенеді: 5% альбумин, қан сары суы 
немесе протеин (250-500 мл) және гемодезі күнде 400 мл/тәу 4 күн қатарынан құйылады. 
Анорексия кезінде қоюланған полиион ерітінділерін, аминоқышқыл қоспаларын 
(аминостерил, гепастерил, гепатамин). 10 күн ішінде гипербарийлік оксигенация тәулігіне 
1-2 рет жүргізіледі. 
Тағайындалған ем нәтижесіз болса глюкокортикостероидті (преднизолон 60 мг/тәу - 
120 мг/тәу), экстракорпоралды детоксикация (гемосорбция, плазмоферез, плазмосорбция) 
ем беріледі. 
Аурудың ұзақ мерзімді ағымында гепатопротекторлар 1-3 ай (карсил, силимар, 
гепатофальк, гепабене, эссенциале, рибоксин) беріледі.


225 
Гепатиттен кейін пайда болған ұзақ гипербилирубинемия кезінде өт қышқылының 
туындыларын (урсофальк, урсосан), адеметионин (гептрал) қолданылады. Тікелей емес 
фракциясы басым гипербилирубинемия болғанда фенобарбитал тағайындалады. 
Болжам. 
Қолайлы. Науқастардың 90%-да толық айығып, қалғандарында аурудың 
“қалдық” белгілері болады. А гепатитіның өлім-жітім саны 0,04%-дан артпайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет