251
Рецидивті
Ауру ағымының ауырлығын бағалау үшін тілмемен ауыратын науқастардағы
интоксикация белгілерінің айқындылығына және қызбаның
жоғарылауына көңіл аудару
қажет. Жеңіл түрінде аздаған интоксикация белгілері, субфебрильді қызба,
жергілікті
эритематозды қабыну болады.
Орташа ауырлықты
түрінде айқын интоксикация белгілері:
қалтырау, жалпы әлсіздік, бас ауру, жүрек айну, құсу, дене қызуының 39°-40°С
жоғарылауы
болады.
Процесс
жергілікті
және
жайылған,
эритематозды-
геморрагиялық,эритематозды-буллезді түрде болуы мүмкін.
№27 кесте
Тілменің жіктелуі
Ауырлығы
бойынша
Жергілікті
көріністер
Таралуы
бойынша
Шығу жиілігіне
байланысты
Жеңіл
Эритематозды
Жергілікті
Біріншілік
Орташа
Эритематозды
– буллезді
Таралған
Қайталамалы
Ауыр
Буллезді -
геморрагиялық
Кезбелік
Рецидивті
Метастаздалға
н
Ауыр түріне
айқын интоксикация белгілері тән (адинамия,
қатты бас ауыру,
қайталамалы құсу, дене қызуының 39°-40°С және одан жоғарылауы). Аурудың бұл түрі
көбінесе таралған, кезбелік,
метастазды сонымен қатар, жергілікті, буллезді-
геморрагиялық, эритематозды-буллезді түрінде болуы мүмкін.
Жергілікті түрінде
үрдіс шектелген және бір анатомиялық аймақта болады.
Тілменің
таралған түрінде
үрдіс 2-3 анатомиялық аймаққа: мысалы бүкіл төменгі аймақ,
бөксе және денеге жайылады. Берілген мәліметтерден
тілменің өзіндік шектелу
тенденциясының жоқтығын көреміз.
Кезбелік (жылжымалы) тілме
оның алғашқы орныққан орнында қабыну үрдісінің
бір мезгілде бәсеңдеуінде дистальды бөлімнен басталған үрдіс, тез арада проксимальды
бағытта жылжиды. Бұл жағдайда стрептококтың лимфогенді таралуы,
тілменің
лимфангитпен қосарлануына жол ашады.
Метастазданған түрінде
инфекцияның гематогенді таралуына байланысты,
қабынудың бір-бірімен анатомиялық байланыспаған әртүрлі аймақта бір мезгілде пайда
болуы (аяқ-қол).
Шығу жиілігіне байланысты
біріншілік тілмемен қатар, аурудың рецидивті және
қайталамалы түрін ажырату керек.
Біріншілік тілме
– аурудың алғашқы рет пайда болуы
Достарыңызбен бөлісу: