32
Дизентерияның емдеу жоспары:
1) Асқазанды жуу
2) Тазарту клизмасы
3) №4 диета
4) Этиотропты терапия
5) Патогенетикалық терапия
- организмнің сусыздану жағдайында -регидратация (ауыз арқылы немесе
парентералды)
- антигистаминді препараттар
- спазмолитиктер
- ферменттік препараттар
- ішек микрофлорасын қалыпқа келтіру
6) жергілікті ем: емдік клизмалар
Дизентерия кезінде асқазанды жууымен тазарту клизманы аурудың атипті
гастроэнтериттік, асқазанды жуу гастроэнторколиттік түрлерінде ғана қолдану қажет.
Колиттік түрінде бұл әдістерді қолданбайды.
Дизентерияның кез-келген түрін емдеу үшін міндетті
компонент болып емдік
тамақтану табылады. Мұнда ішекке тітіркендіргіш әсері бар тағамдар мүмкіндігінше аз
пайдаланады. Ауруларды кәдімгі тамақтануға 1-2 ай мерзімде клиникалық симптомдар
жойылғанша көшіріледі.
Этиотропты терапия ретінде антибактериальді ем қолданады. Тиімді препараттарға
нитрофурандар (фурозолидон, фуразолин, фурагин, эрсефурил),
хинолин туындылары
(интетрикс),
сульфометаксозол тобы (бактрим, бисептол), фторхинолондар
(ципрофлоксацин,
офлоксацин,норфлоксацин),
аминогликозидтер
(гентамицин,
сизомицин, тобрамицин, амикоцин). Аурудың жеңіл, орташа ауыр түрлерінде
нитрофурандарды, хинолиндерді, орташа ауыр және ауыр түрлерінде - сульфометаксозол
тобындағы
препараттарды, фторхинолондарды қолдану керек. Аурудың ауыр түрінде
фторхинолондарды парентеральды қолдану тиімді болады және фторхинолондармен
аминогликозидтер комбинациясын немесе олардың цефалоспориндермен комбинациясын
қолдануға болады. Барлық препараттар орта терапевтикалық дозамен тағайындалады,
емдеу курсының ұзақтығы – 5-7 күн.
Патогенетикалық терапияға интоксикациямен күресу, макроорганизмнің
иммунологиялық
реактивтілігін көтеру, ішектің ас қорыту жеткіліксіздігінің
компенсациясы жатады. Жеңіл түрінде ауыз арқылы глюкозоэлектролитті ертінділер
(оралит, регидрон, цитоглюкосалан) енгізіледі. Орташа ауыр және ауыр түрлерінде тамыр
ішіне полиионды ертінділер: «хлосоль», «дисоль», «трисоль», 5% глюкоза ертіндісі,
физиологиялық ерітінді.
Энтеросорбенттердің ролі маңызды: смекта, тагансорбент.
Антигистаминді препараттар: димедрол, тавегил, диазолин тағайындалады.
Реконвалесценция кезеңінде ас қорыту жеткіліксіздігінің
компенсациясы мен
коррекциясы үшін абомин, панкреатин, панзинорм, фестал, ораза, энзистал, мезим форте
плестал, креон секілді ферменттар мен ферменттік комплекстер пайдаланады. Ішектің
моторлы-эвакуаторлы қызметін реттеу барысында пиновериум бромид (дицетел),
дюспаталлин, папаверин, но-шпа қолданады.
Жергілікті емді реконвалесценция кезеңінен бастап қолдануға болады: қызыл май
қосылған ректальды свечалар.
Достарыңызбен бөлісу: