Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ


г) қосарланған патогенетикалық дәрі-дәрмектер (антигриппин, антигриппин-АНВИ,  антигриппокапс, фервекс)



Pdf көрінісі
бет64/287
Дата26.12.2023
өлшемі3,13 Mb.
#199295
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   287
Байланысты:
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР

 
г) қосарланған патогенетикалық дәрі-дәрмектер (антигриппин, антигриппин-АНВИ, 
антигриппокапс, фервекс)
 
5) симптоматикалық ем: а) жөтелге қарсы және қақырық түсіретін дәрілер 
(тусупрекс, либексин, пектуссин, бромгексин, амбросан, лазолван, мукалтин және т.б.); б) 
дене қызуын төмендететін дәрілер (аспирин, колдрекс, парацетамол ж.т.б.); 6) 
бактериалды асқынулар қосылған жағдайда – антибиотиктер (бензилпенициллин, 
амоксициллин, амоксиклав және.т.б.). 
Грипптің гипертоксикалық түрі қарқынды терапия бөлімшесінде емделеді. 
Алдын алу шаралары.
Белсенді иммунизация мақсатымен инактивацияланған 
және тірі вакциналар қолданылады.
Эпидемия алдында интерферон стимуляторлары қолданылады.
Эпидемия кезінде шұғыл профилактика үшін оксолин майы, лейкоцитарлы 
интерферон, ремантадин, арбидол ұсынылады. 
Эпидемияға қарсы шаралар:
- науқасты бөлек жатқызу (изоляция); 
- науқас жатқан бөлменің ауасын тазартып тұру; 
- ылғалды тазартулар; 
- бетперде кию; 
- ультракүлгін лампаларын қолдану.
 
 
Құстар тұмауының негізгі айырмашылықтары: 


65 
Құстар тұмауы - аса қауіпті зооантропонозды жұқпалы ауру. АIV(Н5N1) типті 
вируспен шақырылады. Адамдар науқастар мен ауру құстардан әртүрлі жолдармен 
жұқтыруы мүмкін: ауа-шаң, ауа-тамшы, алиментарлы, контактті жолдар арқылы. 
Инкубациялық кезеңі – 3-7 күн (қысқаша – 1-2 күн). Клиникалық белгілердің әртүрлі 
болуы: әдеттегі тұмауға тән белгілерден бастап (қызба, жұтыну кезіндегі ауру сезім
жөтел) көздің зақымдануы, жедел респираторлы дистресс-синдром, қан аралас қақырық 
болатын вирусты пневмония, гепатомегалия, бүйрек қызметінің бұзылуы, панцитопения. 
Тез арада өмірге қауіп төндіретін асқынулардың дамуы және жоғары пайызды өлім-жітім 
тән. Лабораториялық диагностикада вирусологиялық әдіспен (АIV-Н5 N1 вирусын 
анықтау) қатар иммундыферменттік анализ бен полимеразды тізбекті реакцияның маңызы 
зор. Этиотропты емге тамифлю (осельтамивир), реленза (занамивир) қолданылады.
Профилактика үшін вакцинация жасалынады, иммунитетті жоғарылататын және вирусқа 
қарсы препараттар тағайындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет