Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ


Патогенезі  Г. П. Руднев бойынша аурудың келесі патогенетикалық сатыларын ажырату  қажет:  1



Pdf көрінісі
бет138/287
Дата26.12.2023
өлшемі3,13 Mb.
#199295
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   287
Байланысты:
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР

Патогенезі 
Г. П. Руднев бойынша аурудың келесі патогенетикалық сатыларын ажырату 
қажет: 
1.
 
Лимфа тамырларына ену сатысы
. Қоздырғыш организмге тері немесе 
шырышты қабат арқылы енеді. Бұл жерде ешқандай өзгерістер болмайды. Сосын 
лимфогендік және гематогендік жолдарымен қоздырғыш аймақтық лимфа түйіңдеріне 
жетеді. Бұл сатысы латенттік бруцеллезге, немесе жедел бруцеллездің жасырын 
кезеңіне сәйкес келеді. Аурудың клиникалық көріністері болмайды. 
2. 
Қан тамырларымен ену арқылы біріншілік жайылмалы сатысы
қоздырғыш 
қан айналымына түсіп – бактериемия дамиды. Қан айналымдағы жүрген 
бактериялармен күресу жолдарында ретикуло-эндотелиальды жуйе кірісіп 
қоздырғышты шоғырландырып жинауға тырысады. Бұл кезеңде лимфа түйіндері, 
бауыр, көк бауыр ұлғайып – лимфаденопатия, гепатомегалия, спленомегалия 
анықталады. Басқа жергілікті (локальды) нышандар болмайды. Патогенездін бұл 
сатысы жедел бруцеллезге сәйкес келеді (науқаста қызу, қалтырау, терлеу, 
полиартронейромиалгиялар, улану нышандары пайда болады). 
3
. Көптуйінді шоғырлану немесе метастазды ошақтардың пайда болуы сатысы
 
– қан арқылы қоздырғыш әр түрлі ағзаларға тарайды. Патогенездін бұл сатысы
жеделдеу бруцеллезге сәйкес келеді (жоғары атап кеткен нышандар басеңдеп сонымен 
қатар ағзалардың зақымдану симптомдары анықталады – жергілікті қабыну процестер 
дамиды). 
4. 
Метастазды ошақтарынан қайта-қайта қанға түсу арқылы екіншілік 
ошақтардың пайда болуы және реактивті-аллергиялық өзгерістер қалыптасу сатысы


125 
– 
созылмалы бруцеллезге сәйкес келеді. 
 
Сүйтіп әрбір қайталанған генерализация 
(қанға жайылу) созылмалы бруцеллездің асқынған (өршіген) кезіне сай келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет