206
байланысты 70 жылдың аяғында 80 жылдар басында ғана
эпидемиологиялық жағдай
нашарлай бастады. Ал ал 90 жылы безгекпен ауыратын эндемиялық елдермен қатынастың
орнауына байланысты жағдай қайтадан қиындады (Ф.Б.Бисмильдин, Ж.Ж.Шапиева,
2001). Сырқаттылықтың ең жоғарғы көрсеткіші 1996-1998 жж. байқалды.
ДДҰ-ның Еуропалық бюросы сарапшыларының пікірінше Орта Азияның 11 еліне
ТМД-ны қосқанда, безгек қайта оралуы мүмкін. Қазақстан, Грузия мен Өзбекстан
безгектің әкелу көлемі өсіп келе жатқан және аздаған жергілікті аурулары бар елдер
қатарына жатады. Бірақ Қазақстанда төмендегідей безгек масаларының түрлері
болғандықтан (An. messеae, An. pulcherrіmus, An. clavіger, An. superpіctus, An. mаrtіnіs, An.
¿yrcanus) және республиканың көптеген аймақтарындағы қолайлы табиғи – ландшафтық
жағдайдың, халықтың шаруашылық - экономикалық дәстүрінің (күріш – мақта егу) болуы
безгектің біржола қалыптасуына жағдай жасайды. Әрине
мұндай жағдай ешбір жедел
және екпінді қимыл - әрекет қолданбаса іске асуы әбден мүмкін.
Безгек негізінде Тәжікстаннан, Әзірбайжаннан және кейбір алыс шетелдерден
(Индия, Пәкістан, Түркия, Ауғанстан) келеді, оған қазақстандықтар (49%) және
шетелдіктер (51%) қатынасады. Анықталған аурулардың жартысынан көбі (65%) басқа
елден келген босқындар,
саудамен айналысатындар, жұмыссыздар және студенттер.
Біздегі сырқаттанғандардың көпшілігі Ауған-Тәжік шекарасында болған әскери
қызметкерлер.
Қазақстанның Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарынан басқа жерлері
біркелкі безгекке қолайлы аумақ болып саналады. Онда безгектің қайта оралуына,
орналасуына қолайлы жағдайлар бар. Аса қауіпті аймаққа Қазақстанның оңтүстік
облыстары жатады.
Достарыңызбен бөлісу: