227
беріледі. «Сарысулық гепатит» қаупі сақталатын қанның мұқият тексерілетіндегінен
өзекті емес. Басқа берілу жолдарының маңыздылығы керісінше артты.
Соңғы кезде В гепатиті көп жағдайда жыныстық жолмен таралатын ауыру есебінде,
сонымен қатар нашақорлар арасында 75% жағдайда HAV- маркерлер анықталады. Ауру
жұқтыру қаупі бар тобына кіретіндер:
акушерлер, хирургтер, стоматологтар,
қанмен
жанасатын процедуралық мейірбикелер.
Ауру жұққан анасынан баласына жұқпа жұқтырылуы мүмкін. Жұғу көп жағдайда
интранаталды өтеді (95%). Егер жүкті әйел жүктілігінің ІІІ- триместрінде В гепатитімен
ауырса, сонымен қатар онда HвsAg - оң және HвеAg - оң болып шықса туылатын
баласының ауру жұқтыруы заңды болады. Балаларда өмір бойы
вирусқа персистенттілік
пайда болады, нәтижесінде 20 жасқа қарай олар бауырдың қатерлі ісігінен немесе
цирроздан өледі.
Зерттеулердің нәтижесі бойынша, HВsAg-тасымалдаушының жанұясында 5 жыл
аралығында жұқпа тудыру қаупі көбейеді. Бұл HAV
жұқтыруда тығыз жанасудың
маңыздылығын көрсетеді (бәрі бір тіс щеткесімен, ұстарамен пайдаланса).
В гепатитінің маусымдылығы болмайды. В гепатитімен ауырған және HВsAg-ге
антиденелері бар адамдар қайта ауырмайды.
Дүниежүзінде 1млрд. жұқпа жұқтырған және 300 млн. HAV–тасымалдаушылары
бар. Олардың 25%-да ауыр түрдегі бауыр аурулары дамуы, цирроз бен гепатоцеллюларлы
карциномадан өлімге душар болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: