Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



Pdf көрінісі
бет271/287
Дата26.12.2023
өлшемі3,13 Mb.
#199295
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   287
Байланысты:
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР

 
ТІЛМЕ
Тақырыптың өзектілігі.
Тілме стрептококкты аурулар тобына жатады. Оның 
негізінде қабынудың ерекше экссудативті, гиперергиялық түрі, гиперемия, қабыну 
үрдісінің экстенсивті жайылуы, яғни, терінің үлкен аймақтарына шектен тыс таралуы 
жатыр. Соңғы жылдары жалпы токсикалық синдромның басымдылығымен, ИТШ 
дамуымен жүретін, ауыр ағыммен ауыратын науқастар саны артты. Сонымен қатар
тілменің асқынулары да жиіледі. Аурудың қайталамалы және рецидивті түрі 35-45% 
жағдайда науқастың ұзақ уақыт жұмысқа жарамсыздығына әкеледі. Аурудың рецидивті 
түрінде тамыр патологиясы дамиды, яғни лимфостаз және мүгедектікке әкелетін пілділік.
Тілме кең таралған ауру. В.М.Фролов мәліметтері бойынша жұқпалы аурулардың 
ішіндегі ЖРВИ, вирусты гепатит және дизентериядан кейінгі төртінші орында. 1980 
жылдарға дейін тілменің клиникалық көрінісі орташа ауырлықтағы және ауыр түрлерінің 
басым болуымен ерекшеленгенін атап өту керек, бірақ сонғы оң жылдықта инфекциялық–
токсикалық және геморрагиялық синдромдардың дамуымен жүретін аурудың ауыр 
формаларының жоғарылағандығы анықталған.
Тілменің ерекшелігі
- тілме инфекциясының бірінші түрімен ауырған науқастың 
50% - нан көбінде тұрақты стерильді иммунитет қалыптасады. Стрептококқа қарсы 
жоғарғы сезімталдылықтың ұзақ сақталуы аурудың рецидивті ағымына әкеледі. Тілмелік 
қабыну кезінде адам ағзасында қоздырғыштың ұзақ уақыт персистенциясы, иммундық 
жүйеде дисбаланс тудырады. Тілме кезінде екіншілік иммундық жетіспеушілік болады
яғни, аутоиммунды үрдістер дамиды, А және М класының иммуноглобулиндерінің титрі 
төмендейді.
Тарихи мәліметтер. 
Көне Грекияда Erysipelas түсінігі - терідегі әртүрлі себепті 
қабыну үрдісін білдірген. Гиппократ тілмені тек теріні ғана зақымдайтын ауру деп 
қарамаған, сонымен қатар зақымдалған ошаққа қан құйылумен болатын ішкі ағзалардың 
зақымдалуын айтқан. Аурудың қоздырғышы стрептококты – тілмелік қабыну ошағының 
лимфа тамырынан және теріасты май қабатынан 1882 жылы Фелезейн анықтаған. 
Фелезейн тілме қоздырғышы арнайы тілмелік стрептококк деген тұжырымға келеді, оны 
Р.Кох дәлелдеді. Ұзақ жылдар бойы тілме - өлім жітімділікпен және қауіпті 
асқынулармен өтетін ауыр эпидемиологиялық ауру болып саналады. Э.А.Гальперин және 
Черкасов В.Л. Совет Одағы кезінде тілменің мәселелерін зерттеуге үлкен ұлес қосқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет