Анықтамасы. Iersinia pseudotuberculosis қоздыратын, зооноздар тобына жататын, полиморфты клиникалық көріністерімен: жалпы улану, қызба, бөртпе, лимфаденопатия, гепатомегалия, артрит, асқорыту, тыныс алу, жүйке және басқа жүйелерін зақымдау мен сипатталатын жұқпалы ауру.
Тарихи мәліметтері. Ауру қоздырғышын 1883 ж L.Malassez, W.Vignel анықаған. C. Ebert 1885 ж. бұл ауруды псевдотуберкулез деп атаған. Тек 1950 ж. кейін иерсиниялар лимфаденитпен, аппендицитпен, ішек инфекциялармен ауратын адамдардан бөлініп, оның патогендік ролі анықтала басталған. 50-ші жылдарда псевдотуберкулез өте сирек кездесетін ауру деп саналып келсе: себебі 1961 ж. 30 ауру тіркелген, 1962 ж. – 400, 1968 ж. – 2000, ал тек қана 1959-1977 жж арасында қиыршығыстың өзінде ғана 10 000-нан астам адам ауырған. Осыған орай бұл ауруды “Қиыршығыстық скарлатина тәрізді безгек” деп атап кетті. Кейінрек бұл ауру Ленинградта, Мәскеуде, Ташкенте және Алматыда табыла бастады. 1966 ж В.А. Знаменский мен А.К. Вишняков жаңа микробиологиялық тәсілді қолдана отырып ауырған адамның нәжісінен қоздырғышты бөліп алып, оның осыған дейін белгілі Iersinia pseudotuberculosis екенін дәлелдеді.
Қазақстанда иерсиниоз ауруының диагнозы 1977 жылдан кейін қойыла бастады және оны зерттеуде Т.И.Дмитровская, А.М.Дмитровскийдің еңбектері қосқан үлесі зор деп айта аламыз.
Этиологиясы. Аурудың қоздырғышы - Iersinia pseudotuberculosis – грам «теріс» таяқша, Enterobactericea тұқымдастығына, Iersinia тобына жатады. 0- және Н- антигендері бар. О – антиген бойынша 8 сероварлары бар. Олардың ішінде адамға патогенді 01, 03, 02, 04 және 05 сероварлары.
Иерсиниялардың ерекше қасиеттері:
сыртқы орта мен қоректік ортаны көп талғамайды. Тіпті топырақпен суда да өсе алады, демек протрофқа жатады;
температуралық режимі де кең -2°С - +43°С дейін өсе алады. Тоңазытқыш пен қамбаларда өте жақсы өсіп көбейе алады. Оның психрофилді қасиеті : 2-12 °С өсіп-өніп бере алатындығы;
қоздырғыштың құрамында эндо- экзотоксиндердің болуы уланудың барлық белгілері мен салдарын тудырады.
Достарыңызбен бөлісу: |