Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет229/400
Дата07.02.2022
өлшемі5,03 Mb.
#91417
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   400
Байланысты:
infekcialik-aurular (1)

Эпидемиологиясы. Псевдотуберкулез – жедел ішек инфекциясы және зооноз.
Ауру қоздырғыштары табиғатта кең тараған. Аурудың көзі сүтқоректі жануарлар, құстар мен қосмекенділер, балық, бұынаяқты жануарлар. Бірақ негізгі аурудың көзі және резервуары – кеміргіштер, тышқандар. Олар кең таралған, псевдотубекулезге жоғары сезімтал және қоршаған орта объектілерін, суды, топырақты, тағамдарды, көк өністерді заладап, аурудың басқа жануарлар арасында тарауына әсер етеді. Екінші резервуары – топырақ. Топырақта иерсиния қоздырғыштарының жиі табылатыны жануарлар инфицирленген нәжісімен, зәрімен залалдауға және де иерсиниялардың сапрофиттік қасиеттерінің болуына байланысты. Иерсиниоздың өте бір таңғажайып эпидемиолиялық ерекшілігі бар – иерсиниялардың екі бөлек табиғи ортаға өмір сүруге бейімделгені: сыртқы ортада сапрофиттік өмірге, жылы қанды жануарлар организмінде – паразиттік.
Берілу механизмі – фекалді- оралді. Берілу жолдары – алиментарлы, контактілі, аэрогенді, трансмиссивті (сирек кездеседі). Негізігі берілу жолы – алиментарлы. Берілу факторлары: көкөністер, сүт, су, ет тағамдары.
Қабылдаушы макроорганизм. Ауруға барлық жастағы адамдар шалдығады, бірақ балалардың тез ауыратыны ерекше аңғарылады.
Ауру салқын кезеңдерде көбінесе тарайды, спорадикалық, эпидемиялық көлемде таралуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   400




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет