Алдын алу шаралары аурудың негізгі көзіне - резервуарына (кеміргіштер) және ауруды тарататын жұғу жолдарына қарсы тағайындылады.
ЛЕЙШМАНИОЗДАР Лейшманиоздар – протозойлы инфекция тобына жататын трансмиссивтік ауру.
Көне заманғы қолтаңбалардан Шығыс елдерінде тарағаны белгілі. Қоздырғыштың ашылуы әскери дәрігер П.Ф.Боровскийдiң есімімен байланысты. Ол 1897 жылы қойылған терi жарасынан алынған жұғындыдан ерекше денелерді анықтаған. 1900 – 1903жж. ағылшын зерттеушiлерi В.Лейшман және Донован қоздырғышты өлген адамның бауыр, көкбауыр жұғындыларынан тапқан. 1913 ж. Якимов лейшманиозға табиғи ошақтық тән екенін яғни оның Орта Азия және Закавказьеде таралғанын дәлелдеді.
1937 – 40жж. Н. Л. Латышев лейшманиоздың тері түрінің табиғи ошақтар бар екенін анықтады.
Этиологиясы.Лейшманий қарапайымдылар тобынан. Дамуы екі сатыдан тұрады: лейшманиялық және лептомонадалық.
Ι сатысында паразиттер адамдар мен жануарлар терісінің, ішкі ағзаларының гистиофагоцитарлық клеткалары ішінде мекендейді.
ІІ лептомонадалық сатысында шіркей организмде кездеседі, сонымен қатар қоректі орталарда өндіруге болады.
Висцералды лейшманиоз қоздырғышы Leishmania donovani терілік лейшманиоз қоздырғышы – L. troрica minor et major.