Эпидемиологиясы. Лейшманиоз трансмиссивті аурулар тобына жатады, оның спецификалық тасымалдаушысы ұсақ қансорғыштар – шіркейлер (москиты), олардың 300 түріִбар.
Шіркейлер Орта Азияда, Қазақстанның оңтүстік аймақтарында, Қырғыз Республикасы, Крымда, Украина, Молдавия республикасында кездесуі, әсіресе Орта Азия республикаларында шіркейлердің 19 түріִбар, Закавказье – 15 түрі, Украина, Молдавияда 3 түрі кездеседі. Шетелдер – Ауғаныста, Ирак, Иран, Сирия. Адамдар мен жануарларорганизміне қоздырғыш тек қана шіркейлердің шаққан жерінде лептомонадаларды теріні қасу не тырнау енеді.
Висцеральды лейшманиоз ошағында ең негізгі қоздырғыш резервуары – иттер. Оларда ауру терінің зақымдалуымен сипатталады, кейде инфекция жайылма түріне не паразиттасымалдаушы қалыптасуына әкеледі.
Инкубациялық мерзімінің ұзақтығына байланысты жыл маусымдылығы ерекше байқалмайды. Бірақ лейшманиоз терілік түрі мамыр, маусым айларында кездесіп, ауру деңгейі шілде – қыркүйекте көтеріледі.
Кеміргештерде лейшманиялар сақталуы мүмкін, сондықтан кеміргештер көшіп қонуы арқылы антропоургиялық ошақтардың қалыптасуы мүмкін.
Иммунитет – жас кезінде ауырған адамдарда өмірлік иммунитет қалыптасады.
Патогенезі. Шіркей шаққан жерде біріншілік аффект пайда болады – шағын көлемді папула, қасу арқылы біртіндеп ойылып кейін үсті қабықшамен жабылады. Папула ішінде лейшманиялар орналасады.
Достарыңызбен бөлісу: |