Профилактикалық шаралар. Тері жабындыларының тазалығын сақтау керек. Жарақаттардың, жарықтардың біріншілік өңделуі, іріңді ауруларды емдеу, медициналық манипуляицялар кезінде асептика ережелерін қатаң сақтау – тілмені алдын алу шарасына жатады.
Эпидемиялық ошақтағы шаралар қарастырылмаған.
СІРЕСПЕ
Анықтамасы. Сіреспе – Clostridium tetani қоздырғышымен тудыратын жарақаттық инфекциялар тобына жататын контагиозды емес зооантропоноз, қондырмалы мотонейрондардың нейротоксинмен зақымдалуының әсерінен қанқа бұлшық еттерінің клоникалық және тоникалық тырысуымен сипатталады.
Тақырыптың маңыздылығы. Сіреспе мәселесі күрделі, глобалді, жалпы адамзаттық, өлімге әкелетін өте қауіпті ауру. Өлім – жітімділігі – 70-90%, адекватты ем қолданғанда - 10%.
Достарыңызбен бөлісу: |