Жұқпалы науқастардыемдеу принциптері, әдістері және оны ұйымдастыру. Жұқпалы науқастарды емдеу – күрделі процесс болып табылады, себебі емді тағайындау барысында нозологиялық түрге, жұқпалы процестің сатысына, негізгі синдромның ауырлық дәрежесіне, ағзаның преморбидтік жағдайына назар бөлу қажет.
Жұқпалы науқастардың емінің негізгі қағидалары:
-қоздырғыштың патогенді әсерін жойып және организмнен шығару мақсатымен (этиотропты терапия);
-жұқпалы процесс барысында дамыған зат алмасу және қызметтік бұзылыстарды қалыптастыруға (патогенетикалық терапия);
-макроағзаның арнайы емес резистенттілігін және толық иммундық жауапқа қабілеттігін жоғарылату мақсатымен;
-асқынуларды алдын-алуға және емдеуге,
сонымен қатар реабилитациялық шараларға бағытталған.