Инфекциялық процестің үшінші факторы: қоршаған орта (мысалы, ауаның төмеңгі температурасы және жоғары деңгейдегі ылғалдығы көптеген инфекцияларға адамның сезімталдығын жоғарылатады).
Сонымен қатар, ортаның әлеуметтік факторларының да маңызы үлкен.
Жұқпалы аурулардың ерекшеліктері бар: жұқпалы ауру пайда болу үшін этиологиялық агент қажет;
Жұқпалы аурулардың кезеңдері: инкубациялық кезең - адам ағзасына қоздырғыш түскеннен бастап, бірінші клиникалық көріністердің пайда болуына дейінгі кезең;
өршу кезеңінде ауруға аса тән клиникалық белгілері дамиды, бұл кезеңнің ұзақтығы әртүрлі болады: бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін.
реконвалесценция (айығу) кезеңі - өршу сатысынан кейін дамиды.
Инфекциялық үрдістің әр сатысында асқынулардамуы мүмкін. Асқынулар спецификалық (арнайы) және спецификалық емес (арнайы емес) болып ажыратылады. Арнайы асқынулар – осы аурудың қоздырғышының әсерінен дамитын асқынуы, арнайы емес – барлық микроағзалардың әсерінен дамуы мүмкін.