Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет169/400
Дата07.02.2022
өлшемі5,03 Mb.
#91417
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   400
Байланысты:
infekcialik-aurular (1)

Обаның жіктелуі
(А.М. Дмитровский бойынша, 1995)
1.Біріншілік-ошақтық түрлері

  • Жаралы

  • Бубонды

  • Баспалы

  • Абдоминальды

  • Пневмониялық (өкпелік)

  • Аралас

2. Жайылмалы түрлері

  • Екіншілік-жайылмалы

  • Біріншілік-жайылмалы

3. Екіншілік-ошақтық түрлері

  • Бубонды

  • Баспалы

  • Абдоминальды

  • Пневмониялық

  • Менингоэнцефалиттік

  • Септикалық

Обаға арналған әдебиеттер бойынша бубонды түрі ең жиі (90%) кездеседі. Бірақ Қазақстанда сонғы жылдары бубонды түрі - 50% жағдайда, жаралы түрі - 25%, пневмониялық түрі - 15% , абдоминальды түрі - 15% кездеседі.


Аурудың біріншілік-ошақтық түрлері кезінде қабыну процестер қоздырғыштың кіру қақпалары аймағында дамиды.
Жаралы түрі ауру контактілі жол арқылы берілгенде дамиды. Теріде біріншілік терілік аффект пайда болады: дақ, везикула, пустула (іріңде немесе геморрагиялық) тез жараға айналады. Пустула дамыған кезде қатты ауру сезімі байқалады. Жара терең болады, қызғылт қазылған шеттерімен, инфильтрацияланған түбімен сипатталады. 1-3 күннен кейін региональды лимфаденит қалыптасады – бубон. Лимфангоиттың дамуы обаға тән емес. Жаралар ұзақ уақытқа созылады, орнында тыртық қалады. Жаралардың орналасатын жерлері: қол, аяқ, бел.
Бубонды түрі ауру трансмиссивті және контактілі жол арқылы берілгенде дамиды. Трансмиссивті жол арқылы берілгенде бубон шап аймағында, ал контактілі жол арқылы берілгенде – қолтық астында, сирек шынтақ аймағында орналасады. Бүрге шаққан жерде біріншілік терілік аффект болмайды, бірақ сол жерде әр түрлі жарақаттанулар пайда болса, сонда ғана жара пайда болады.
Оба бубонының сипаттамасы: бір немесе бірнеше бубон дамиды; бубондар шап аймағында, қолтық астында, мойында орналасады; ауыр ағымымен мойын аймағында орналасқан бубондар сипатталады, сосын қолтық астындағы мен шап аймағындағы орналасқан бубондар. Өте қауіптісі қолтық астында орналасқан бубондар, себебі екіншілік обалық пневмония дамуы мүмкін. Аурудың ерте симптомы: без шошымай тұрып айқын ауру сезімі байқалады. Бубонның тығыздығы қатты; периаденит дамиды (бөлек лимфа түйіндерді пальпациямен ажырату қиын); бубон үстендегі тері ортасынан бастап ысып, қызарып тұрады; лимфангоит болмайды. Бубон іріңдеп жарылуы, склерозға айналуы және өзімен жойылып кетуі мүмкін.
Обаның баспалы (ангинозды) және абдоминальды түрлері сирек кездеседі, ауру алиментарлы жол арқылы берілгенде дамиды. Оба баспасы кезінде ауру сезімімен сипатталатын бір жақтық немесе екі жақтық процесс және региональды лимфаденит дамиды (жақ астындағы, бұғана үстіндегі, мойын аймағындағы лимфа түйіндері зақымданады). Қабынудың сипаты катаральды, іріңді-некрозды болуы мүмкін. Лимфаденитке обалық бубонның барлық қасиеттері тән. Интоксикация көріністері айқын, дене қызуы жоғары деңгейде болады.
Абдоминальды түрі кезінде интоксикация айқын, температура жоғары, құсу, оң жақ мықын аймағының қатты ауру сезімі, шырыш пен қан қосылған диарея және мезентериалды лимфа түйіндерінің ұлғаюы байқалады. Бауыр мен көкбауыр ұлғаяды. Бұл түрі 0,5-1,0% науқастарда кездесіп ауыр ағымымен сипатталады. Инфекциялық-токсикалық шок (3-4 дәрежесі), бүйректің жедел жетіспеушілігі, өкпенің, мидың ісінуі, ТШҰ-синдромы (3-4 дәрежесі) дамуынан науқас өлімге ұшырауы мүмкін. Ауру жиі балаларда (3-13 жас) және әйелдерде (22-48 жас) кездеседі.
Оба пневмониясы жедел басталып, жоғары қызбамен, қалтыраумен, бастың ауруымен, миалгиялармен сипаттталады. Кеуде аймағында ауру сезімі қалыптасып, тахикардия дамып, жөтел пайда болады. Қақырық серозды, іріңді, геморрагиялық болуы мүмкін. Процесс алдынан бір жақтық, ошақты болуы мүмкін, сосын жедел дамып қақырыққа қан қосылады.
Рентгенологиялық зерттеу арқылы лобарлы қабыну, плевралды экссудат, альвеолярлы инфильтраттар анықталады. ИТШ мен ТШҰ-синдромдарының көріністері пневмония көріністерден басым болады.
Аурудың ағымында ауырлық дәрежесі бойынша 3 түрін ажырату керек: гипертоксикалық, нормотоксикалық және гипотоксикалық. Аурудың өкпелік гипертоксикалық түрі 40-50 жастағы ер адамдарда жиі кездескен. Ауру жедел басталып, жағдай күрт нашарлап, инфекциялық-токсикалық шок (ИТШ), тамыр ішіне шашыраңды қан ұю (ТШҰ)-синдромы, ағзалардың жетіспеушілігі 48-72 сағаттың ішінде өліммен аяқталған. Өлім-жітімділігі 100%-ға жетеді.
Аурудың нормотоксикалық түрінде науқастың жағдай біртіндеп нашарлайды, ошақты пневмония көріністері басым болады: жөтел, қан қосылған қақырық, ентігу. ИТШ аурудың 4-5 күндері дамиды, пневмонияның ағымымен байланысты болады.
Аурудың гипотоксикалық түрінде ИТШ 3-4 дәрежесі дамымайды, қақырықта қан анықталмайды, ауру сезімі айқын емес, өкпеде сырылдар анықталады.
Сезімтал антибиотиктерді аурудың алғашқы сағаттарында қолданған жағдайда өлімнің алдын алуға болады.
Оба менингиті кезінде ликвор тұнбалы, нейтрофилді-лимфоцитарлы цитозбен, белоктың жоғары көрсеткішімен сипатталады. Менигоэнцефалиттік түрі кезінде ми заты зақымдалып ошақтық жүйке симптомдар дамиды - 12 жұп ми жүйкелерінің ядролары зақымданған көріністері байқалады.
Септикалық түрі бірнеше екіншілік ошақтармен: өкпе, ми, ішек зақымдалуымен және гепатолиеналды синдромымен сипатталады.
Аурудың біріншілік-жайылмалы түрінде қоздырғыштың гематогенді диссеминациясы және біріншілік ошақтардың болмауы тән. ИТШ көріністерімен сипатталып, жергілікті көріністер анықталмайды. Сепсис, ТШҰ, естің бұзылуы, менингит, ағзалардың жетіспеушілігі дамып, 3-5 күн аралығында өлімге әкеледі. Ауру өлімнен аман қалса, аурудың екіншілік-ошақтық түрлері қалыптасады (летальді ақыры 5 күннен кейін дамиды).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   400




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет