Алдын-алу шаралары.
Аурудың көзіне қарсы шаралар - кеміргіштермен, қаңғыбас иттермен күрес жүргізу шараларын іске асыру, лептоспирозбен ауырған ауылшаруашылық жануарларына дер кезінде ем жүргізу.
Аурудың берілу жолдарын үзу – шикі суды ішуден, жануарлар жайылатын аймақтардағы ағымы жоқ суаттарда шомылудан сақтану керек. Лептоспироздың табиғи ошақтары, яғни бөгеттердің, құдықтардың тазалығын қатаң сақтау, жұмысшыларды арнайы киімдермен қамтамасыз ету.
Ауруды жұқтыруға бейім келетін кәсіп иелеріне лептоспирозға қарсы егу шараларын жүргізу (вакцинация).
Достарыңызбен бөлісу: |