Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет372/400
Дата07.02.2022
өлшемі5,03 Mb.
#91417
1   ...   368   369   370   371   372   373   374   375   ...   400
Байланысты:
infekcialik-aurular (1)

А гепатиті-микст-инфекция. Соңғы жылдары А гепатиттің моноинфекция түрінде кездесуі азайып, А гепатиттің микст-инфекция (АГ+ВГ, АГ+СГ және АГ+ВГ+СГ) түрінде кездесуі өсіп отыр. Осы жағдай А гепатиті-микст инфекцияның клиникалық көрінісі мен ағымына басқа көзқарас тудырады. Біздің зерттеулеріміздің көрсетуінше, үнемі А гепатиті В гепатиттің немесе С гепатиттің созылмалы түрімен үйлесіп келген. Бұл кезде микст-инфекция моноинфекциядан ерекшелігі сарғаю алды кезеңі аралас вариантпен өтуі – 75%, көп жағдайда ауыру ағымы – орташа, холестаздық синдром дамиды, созылған ағымға тенденциясы бар, жазылу кезеңі ұзақ және ауруханадан шыққаннан соң әлсіз цитолиз ұзақ сақталады – 60-65% жағдайда. Осыған байланысты А гепатиті-микстті анықтау үшін, репликацияның маркерлеріне тексеру керек (HBV – HВeAg, анти HВc-IgM, ДНК-HBV, HCV–РНҚ), сонда этиотропты емнің қажеттілігін анықтауға болады. Жедел А гепатитімен жедел парентералды гепатиттің (В, С, D) үйлесіп келуі өте сирек кездеседі.
G гепатиті
Соңғы жылдары жаңа F және G вирусты гепатиттері туралы мәліметтер бар, бірақ олар аз зерттелген. Дегенмен, егер G гепатитінің вирусы (HGV) қаннан бөлінген болса, F гепатиттің қоздырғышы осы күнге дейін идентификацияланбаған. Өзіндігіне байланыссыз, HGV-ң вирусты гепатиттің этиологиялық құрылымындағы рөлі қосымша нақтылауды талап етеді. Сондықтан F гепатиті және G гепатиті Халықаралық таксономия және вирустар номенклатурасы комитетімен бекітілмеген.
Этиологиясы. G гепатитінің вирусы (HGV, GBV-C) алғаш рет 1995 жылы I.Murshahvar басқарған «Abbott» ғылыми тобымен созылмалы С гепатиті бар науқастан бөлінген соңынан не А емес, не Е-емес гепатиті бар науқастардан анықталған. Сондай-ақ оның С гепатитінің вирусы сияқты РНҚ-сы бар және флавивирустар тұқымдастығына жатады. Қоздырғыштың геномы құрылымды (Е1, Е2) және құрылымсыз (NS2, NS3, NS4, NS5) участкелерінен тұрады, олар сәйкес белоктарды кодтайды, белоктардың қызметі HCV-дегідей. G гепатиті вирусының ерекшелігі жүрекшелік белок (core) ақауы немесе оның мүлдем болмауы. Қоздырғыштың тағы бір ерекшелігі геномның құрылымдық аумағында гипервариабелді аймағының болмауы, соған сәйкес негізгі генотиптері де жоқ. Дегенмен, вирус изоляттарының әркелкі анализдеріне қарағанда HGV генотиптерінің сұрақтары ашық түрде қалады. Вирустың кем дегенде 3 генотипі және бірнеше субтиптері бар деген ойлар бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   368   369   370   371   372   373   374   375   ...   400




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет