Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет378/400
Дата07.02.2022
өлшемі5,03 Mb.
#91417
1   ...   374   375   376   377   378   379   380   381   ...   400
Байланысты:
infekcialik-aurular (1)

Ересектер мен балалардағы
ВИЧ-инфекция сатыларының клиникалық жіктелуі,
ДДҰ (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ВОЗ)) эксперттері ұсынған


I. Клиникалық сатысы
1. Симптомсыз ағымы;
2. Персистирленген жайылмалы лимфаденопатия және/немесе функционалдық мүмкіндіктің 1 деңгейі: симптомсыз ағым, күнделікті белсенділіктің қалыпты деңгейі.
II. Клиникалық сатысы
3. Дене салмағының бастапқы деңгейден 10%-ке дейін жоғалту;
4. Тері мен шырышты қабаттардың жеңіл зақымдалуы (себорейлі дерматит, қышыма дерматоздар, тырнақтың саңырауқұлақтармен зақымдалуы, рецидивті афтозды стоматит, ангулярлы хейлит);
5. Соңғы 5 жыл ішінде белдемелік герпес;
6. Жоғары тыныс жолдарының рецидивті инфекциялары (бактериалды синусит) және/немесе функционалді мүмкіндіктің 2 деңгейі: клиникалық көріністері, күнделікті активтіліктің қалыпты деңгейі.
III. Клиникалық сатыcы
7. Дене салмағының бастапқы деңгейден 10%- ке бөлігін жоғалту;
8. 1 айдан астам уақытқа созылған этиологиясы белгісіз диарея;
9. 1 айдан астам уақытқа созылған этиологиясы белгісіз қызба (тұрақты немесе рецидивті);
10. Ауыз қуысының кандидозы;
11. Ауыз қуысының түпті лейкоплакиясы;
12. Соңғы жыл ішіндегі өкпе туберкулезі;
13. Ауыр бактериалді инфекциялар (пневмония, іріңді миозит) және/немесе функционалді мүмкіндіктің 3 деңгейі: соңғы ай ішінде пациент төсекте күндізгі уақытының 50%-тен төмен бөлігін өткізген.
IV. Клиникалық сатысы
14. АИВ-кахексия, ауруларды бақылау және алдын-алу орталығының анықтамасына сәйкес
15. Пневмоцисталы пневмония
16. Церебралді токсоплазмоз
17. 1 айдан астам уақыт бойы диареямен өтетін криптоспоридиоз
18. Өкпеден тыс криптококкоз
19. Бауыр, көкбауыр және лимфа түйіндерінен басқа кез-келген мүшенің зақымдалуымен өтетін цитомегаловирусты инфекция
20. Жәй герпес вирусымен шақырылған, ішкі ағзалардың зақымдалуымен және тері мен шырышты қабаттардың созылмалы (1 айдан астам) зақымдалуымен өтетін инфекциялар
21. Үдемелі мультифокалді лейкоэнцефалопатия
22. Кез-келген диссеминирленген эндемиялық микоз (гистоплазмоз, кокцидиоз)
23. Өңештің, трахеяның, бронхтардың және өкпенің кандидозы
24. Атипті микобактериялармен шақырылған диссеминирленген инфекция
25. Салмонеллезді септицемия (Salmonella tyрhi –ден басқа)
26. Өкпеден тыс туберкулез
27. Лимфома
28. Капоши саркомасы
29. ВИЧ-энцефалопатия, ауруларды бақылау және алдын-алу орталығының анықтамасына сәйкес, және/немесе функционалдық мүмкіндіктің 4 деңгейі: 1 ай бойы науқас күндізгі уақытының 50%-тен көп бөлігін төсекте өткізген
Ауруларды бақылайтын орталық /СДС, 1993/ Т-хелпер деңгейіне сәйкес жіктеу ұсынды. Ол 3 сатыдан тұрады:
I сатысы CD4 > 500/мкл – иммунитет тапшылығы жоқ
II сатысы СD4=200- 499/мкл– иммунитет тапшылығы беткей
III сатысы CD4< 200/мкл– иммунитет тапшылығы терең


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   374   375   376   377   378   379   380   381   ...   400




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет