Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет27/30
Дата13.04.2020
өлшемі6,59 Mb.
#62353
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
ЖОНКИН Травматология және ортопедия


 
Бұл жоғарыда айтылған  белгілердің  бәрі  бірдей бірауруда кездеспеуі 
мүмкің. Ауру бар деп күдіктенгеннен кейін келешекте ауру рентген арқылы 
анықталмаса,  ол  тек  дәрігердің  ауруға  деген  ықыластығын  білдіреді  де 
ауруға  ешқандай  зиян  келтірмейді.  Ал  ықылассыз  дәрігер  баланың  ауруын 
таба алмай өткізіп алса, өсе келе баланы мүгедектікке душар еткізеді. 
РЕНТГЕНДІК ӘДІС.  Рентгендік әдіс жас балаларда дисплазияның, не 
ортан  жілікбасының  іштен  туа  пайда  болатынын  анықтауда  өте  үлкен 
маңызы бар әдіс. 
Рентген  жасалғанда  баланы  шалқасынан  жатқызады  да  екі  аяғын  сәл 
ішке  қарай  бұрап  ұстап  түру  керек.  Жамбас  сүйек  рентген  пленкасының 
құндағына  /кассетаға/  толығымен  тиіп  жату  керек.  Рентген  жасағанда 
баланың жыныс мүшелерін қорғасын пластинкасымен жауып қою қажет. 
Жас  балаларға  рентген  жасағанда  еске  алатын  жағдайдың  бірі  жаңа 
туған  балалардың  сан  басында  сүйектену  ядросы  жоқ  болуы.  Сондықтан 
рентгенограмманы  оқығанда  ескеалатын  жағдай  -  ұршық  басының 
шеміршегінің қалыңдығы ұршық мойынының қалыңдығына теңдігі. 
Егерде  балада  санның  басы  іштен  туа  шыққан  болса,  жамбас 
шүқыршағының жиегі тайқы болады да, ортан жіліктің үстіңгі жағы жамбас 
шұқыршагының  шетінде  не  одан  жоғары  орналасады.  Бұл  жағдай  ұршық 
басының шығуы бір жағында болса ғана дәлелді болады. 
Егерде  ұршық  басының  іштен  туа  пайда  болуы  екі  жағында  бірдей 
кездессе  рентгендік  әдіссіз  толық  диагноз  қою  қиынға  соғады.  Бұндай 
жағдайда  Омбредан,  Хильгенрайнер,  Эрлахер,  Путти,  Рейнбегтер  жасаған 
кестелермен анықтауға болады. 
Ең  бірінші  рентгенді  белгіні  1927  жылы  голандиялық  ортопед  Рафаэль 
Путти  жазды, сондықтан  Путтидің "үштігі"деп аталады. Олар: 
1. Жамбас шұқыршағы төбесінің шектен тыс тайқылануы. 
2. Ортан жілікжіліктің жоғарғы жағынан сырт жаққа қарай және жоғары 
қарай ауысуы. 
3.  Ұршық  басының  шеміршекті  ядросының  сүйектенуінің  кешеуілдеуі 
және толық өсіп жетілмеуі. Өсіндікше сүйек қыз балаларда 3-4 айында, ал ер 
балаларда 4-5 айында рентгенде көрінуге тиісті. 
Ұршық  басы  ядросының  сүйектенуі  баланың  4-6  айлығында  пайда 
болатын  болса,  дисплазиясы  не  іштен  туа  ортан  жілікбасының  шығуында 
ядроның  сүйектенуі  тек  баланың  9-10  айлығында  ғана  пайда  болады. 
Сондықтан  баланы  2-3айлық  кезінде  рентгендік  тексеруден  өткізгенде 
Хильгенрайнердің кестесін қолданған жөн (173-сурет). 
 
173 сурет а) Хильгенрайнер кестесі 
Ковалерский Г. М., Юмашев Г. С. 2008 ж. 

255 
 
 
б) Рейнберг кестесі 
Ковалерский Г. М., Юмашев Г. С. 2008 ж. 
 
Жамбас  сүйегінің  үстіңгі  шеткі  жиегінен  түсірілген  тік  сызық 
Омбреденна  сызығы.  Ол  ортан  жіліктің  жоғарғы  басынан  жамбас 
шұқырынан қанша алшақ тұрғанын көрсетеді (латеропозиция). Бұл үшін екі 
жамбас  сүйектің  У-сықылды  шеміршектері  арқылы  көлденең  сызық 
жүргізеді  /Келлер  сызығы/,  ортан  жілік  диафизінің  ең  биік  нүктесінен 
көлденең  сызыққа  тік  сызық  жасалады.  Мөлшермен  бұл  тік  сызықтың 
ұзындығы  1-1,5  см,  оны  һ  -  белгімен  атайды.  Жамбас  шұқыршағының 
түбінен  тік  сызыққа  дейін  мөлшермен  1-1,5  см,  бұл  қашықтықты  d-әрпімен 
белгілейді.  Кейінгі  ғалымдардың  көрсетуіне  қарағанда  һ  қашықтығы  у 
тәрізді  сүйектің  сыртқы  жиегінен  ортан  жіліктің  ішкі  жиегіне  дейінгі 
қашықтық  қалыпты  жағдайда  0,2  мм  артық  болуға  тиісті  емес.  Егер 
тексерілген  балада  сан  басының  іштен  туа  шыққаны  болса  һ-қашықтығы 
кішірейеді,  ал  d-ұзарады.  Жамбас  шұқыршағының  түбінен  шұқыршақтың 
шеткі  төбесіне  дейін  жанамалы  сызық  жүргізілгенде  пайда  болатын 
бұрышты  индекс  деп  атайды.  Бұл  жаңа  туған  балаларда  26-30°  мөлшерде 
болса,  екі  жастағы  балаларда  20°  болады.  Егерде  жаңа  туған  балада  буын 
дисплазиясы  болса,  жамбас  шұқыршағының  толық  жетісіп  өспеуіне 
байланысты бұл индекс 26-30°-тан көп болады. 
Қорыта  келе  айтатын  жағдай:  егер  дәрігер  тәжірибелі,  әдетті  болса  әр 
уақытта  жас  баланың  жамбас-сан  буынының  клиникалық  және  рентгендік 
бағасын уақытында бере алады да, ауру баланы емдеуге толық мүмкіншілігі 
болады. 
 
I ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДА  
ДИСПЛАЗИЯНЫ ЕМДЕУ 
Нәрестеге  әйелдер  босанатын  үйде  акушер-гинеколог,  педиатр  бала 
туғаннан  бастап  сол  мекемеде  емдеу  шарасын  жүргізуге  тиісті.  Ол  үшін 
баланың  шат  арасына  мақтадан  жасалған  тығыз  жастықшаны  қоямыз, 
жаялықты үшбұрыштап жіңішке ұшын  шап арасынан жастықшаның үстінен 
өткізіп, екі көлденең бөлігін кіндік тұсында байлап екі аяғын екі жаққа керіп 
қойып бекітеді. Ондай жастықшаны 4-5 дана етіп, дайындайды. Ол жастықша 
Фрейка  жастықшасы  деп  аталады.  Баланы  жуындырғанда  алып  тастап, 
болғаннан  кейін  қайтадан  кигізеді.  Бала  ұдайы  осы  жастықшада  болуға 
тиісті. Осы әдісті бала 3-4 айға толғанша қолданады. 3-4 айлығында жамбас-

256 
 
сан  буынын  рентгенге  түсіріп,  жоғарыда  айтылған  Хильгенрейнер  кестесін 
баланың рентген суретінде сызып, әрі қарай балаға Павлик үзеңгісін кигізеді. 
3 ай Лоренцтің бірінші қалпында ұстайды. Сол мерзім өткеннен кейін тағы да 
рентген  жасап  көреді.  Егер  де  дисплазияның  рентгендік  белгісі  әлі  де 
сақталса  онда  үзеңгіні    Лоренцтің  екінші  қалпына  келтіріп  3  айға  салады. 
Рентген жасап көргенде барлығы қалыпты жағдайға келсе онда Виленскийдің 
кермесін санның төменгі 1/3 бөлігіне кигізіп, аяқтарын (сандарын) 15-20С қа 
көтеріп  кигізеді  де  балаға  осы  шинамен  жүруге  рұқсат  етеді.  3  ай  өткеннен 
кейін тағы тексеріс рентген жасап қалыпты жағдайға келсе онда шинаны екі 
рет тексеріп отырады. Диспансерлік мерзім 3 жыл бойы жүргізіледі. 
 
174 сурет. Фрейка жастықшасы. 175 сурет. Павлик үзеңгісі 
Ковалерский Г. М., Юмашев Г. С. 2008 ж. 
 
I ЖАСТАН АСҚАН БАЛАНЫҢ ОРТАН ЖІЛІК БАСЫНЫҢ ІШТЕН 
ТУА ШЫҒУЫНЫҢ  
КЛИНИКАЛЫҚ - РЕНТГЕНДІК БЕЛГІЛЕРІ 
Бір  жастан  асқан  балалардың  ортан  жілікбасының  іштен  туа  шығып 
пайда  болуын  анықтау  онша  қиындыққа  соқпайды.  Ең  бірінші  аурудың 
белгісі  баланың  кештетіп  аяғына  тұруы  мен  оның  жүруі  болып  есептеледі, 
бұл  белгі  негізінен  баланың  екі  аяғы  бірдей  шыққанда  жиі  кездеседі.  Ауру 
бала  жүргенде  бір  аяғына  ақсап  не  сылтып  басып  жүреді.  Егер  ортан  жілік 
басы  екі  жағында  бірдей  шықса  жүрісі  "үйрек  жүрісі"  сияқты  екі  жағына 
бірдей  қиралаңдап  жүреді.  Ауру  шағым  айтпайды  және  жамбас-сан 
буынында  ешқандай  ауру  болмайды.  Ауру  аяғының  сыртқа  қарай  айналуы 
күшейетүседі. 
 
176сурет. Розер-Нелатон сызыгы 
Ковалерский Г. М., Юмашев Г. С. 2008 ж. 

257 
 
Ауру  аяқ  сау  аяққа  қарағанда  едәуір  қысқа  болады.  Ұршықтың  ұшы 
Розер-Нелатон сызығынан жоғары орналасады (176сурет). 
Ортан  жілік  басы  шыққан  аяқта  жамбас-сан  буынынан  сыртқақарай 
кедергіленуі  ұлғаяды,  бірақ  буыннан  аяқтың  айналуы  бұрынғысынан  да 
көбейе түседі. 
Ортан  жілік  басы  шұқыршағынан  толығымен  шыққанда  ең  нақтылы 
белгісі болып есептелетіні- Тренделенбург белгісі. 
Оны анықтау үшін ауруды ортан жілікбасы шыққан аяғына тұрғызғанда 
сау  жағындағы  бөксе  қатпары  төмен  түседі.  Мұның себебі  жамбас  сүйектің 
ортан  жілік  басы  шыққан  жаққа  иілуі  болып  есептеледі,  өйткені  ортан 
жілікбасында  ешқандай  тіреу  болмай,  ортан  жілікбасы  жамбас  сүйектің 
сыртымен дене салмағының арқасында жоғары қарай жылжиды. 
Тренделенбург  белгісі  ортан  жілік  басы  шыққан  жағының  бөксе 
бұлшықетінің  жағдайын  білдіреді.  Әдеттегі  жағдайда  бөксе  бұлшықетінің 
тонусы қатаяды және ауру бір аяғына тұрса дене теңдігін сақтау үшін қарсы  
жағындағы  бөксесі  көтеріледі  (Тренделенбургтың  теріс  белгісі).  Ал  ауру 
аяғына тұрғанда дене теңдігін сақтау үшін, аурудың денесі де тұрған аяғына 
қарай  бүгіледі,  бұл  жағдайда  дені  сау  бөксесі  дененің  ауырлығынан  төмен 
қарай  түседі  Тренделенбургтың  оң  белгісі  (177  cурет).  Сондықтан 
Тренделенбург  белгісі  тек    қанаортан  жілік  басының  іштен  шығып  туған  
науқастың нақты белгісі болып қана қоймай, басқа әртүрлі ауруларда, оның 
ішінде  бөксе    бұлшықеттерінің тонусының   азайғандығын    көрсететін белгі 
болып  есептеледі. Келесі белгі-Дюпюитрен белгісі. 
 
177сурет. Тренделенбург белгісі. 
Ковалерский Г. М., Юмашев Г. С. 2008 ж. 
 
Оны анықтау үшін шалқасынан жатқан ауруды ортан жілікбасы шыққан 
аяғының табанынан жоғары қарай итергенде аяқ жоғары қарай ауысады. 
Қорытынды  диагнозды  қою  үшін  жамбас-сан  буындарын  рентгенге 
түсіріп тексеру қажет. Рентгендік тексеру арқылы ортан жілікбасының іштен 
шығып  туғанын  ғана  анықтап  қоймай  ортан  жілікбасының  шыққан 
дәрежесін, ортан жілік басының, мойынының және жамбас шұқыршақтарын-
дағы өзгерістерді анықтауға болады. 

258 
 
Бір  жастан  асқан  және  үлкен  адамдарда  рентген  бойынша  ортан 
жілікбасының шығуының бес дәрежесі болады: 
I  дәреже-  ортан  жілікбасы  жамбас  шұқыршағының  тұсында  шеттеу 
тұрады. 
II  дәреже-ортан  жілікбасы  У-тәрізді  шеміршектерден  өткізілген 
көлденең  сызықтан  жоғары  жамбас  шұқыршағының  төбесінен  жоғарырақ 
тұрады. 
III дәреже-ортан жілікбасы жамбас шүқыршағынан жоғары тұрады да, 
ортан жілікбасының жартысы жамбассүйегінің көлеңкесімен жабық тұрады. 
IV дәреже-ортан жілікбасы толығымен жамбас сүйегінің көленкесімен 
жабылады. 
V дәреже-ортан жілік басыжамбас сүйегінің үстіңгі қырының жанында 
тұрады.  Тағы  да  рентген  арқылы  ортан  жіліктің  үстіңгі  жағынан  алға  қарай 
өз кіндігінен айналғанын /антеторсия/ анықтауға болады және диафиз-мойын 
бұрышы анықталады. 
 
КОНСЕРВАТИВТІК ЕМДЕУ ӘДІСІ 
Ортан  жілікбасының  іштен  туа  шығып  пайда  болуын  емдеу  бірнеше 
бөліктен түрады: 
1.  Жаңа  туған  және  туғанына  бір  жұма  болған  баланыконсервативтік 
әдіспен емдеу. 
2. 3 айдан бір жасқа дейін емдеу. 
3. 1 жастан 3 жасқа дейін емдеу. 
4. 3-5 жасқа дейінгілерді оперативтік әдіспен емдеу. 
5. 5-тен 8 жасқа дейінгілерді оперативтік әдіспен емдеу. 
6.  Ересекбалаларды  оперативтік  әдіспен  емдеу.  Консервативтік  әдісті 
жамбас-сан  буыны  дисплазия  болып    туғанда  бала  анасымен  әйелдер 
босанатын  үйдежатқанда  бастау  керек.  Ол  үшін  баланың  анасына  балаға 
ЕДШ жасауды үйрету керек: шалқасынан жатқан баланы екі аяғын  тізе және 
жамбас-сан  буындарынан  бүгіп  сыртқа  қарай  бұру  қажет.  Ішке  қарай 
бұратын бұлшықеттердің тартылғанын жою үшін баланың тізесін құрсағына 
қарай  келтіріп  ортан  жілігін  сыртқа  қарай  тізесі  жатқан  төсегіне  тигенше 
бүгеді де қайтадан аяғын түзетеді. Келесі жасайтын жаттығу: екі аяғын  тізе 
және  жамбас-сан  буындарынан  бүккеннен  кейін  оңға,  солға  қарай 
айналдырады. Бұл жаттығулар күніне 6-7 рет жасалады да, әрбір жаттығу 15-
20 рет қайталанады. 
Бұл  жаттығулардан  кейін  баланы  қатты  буып  орамай,  аяқтарын  бос 
тастау  керек  және  баланың  аяқтары  сыртқақарай  бүгіліп  жатуы  қажет.  Ол 
үшін аяқтарын сыртқа қарай бүккеннен кейін аяқтары мен шаттың ортасына 
дөңгелектеген  шүберекті  байлап  қояды.  Мұны  еркін  таңып  байлау  деп 
атайды.  Еркін  таңу  әдісін  3-4  айға  дейін  қолданады,  одан  соң  баланың 
буындарын  рентгенге  салғаннан  кейін  баланың  аяғына  әртүрлі  жақтау 
кигізеді. 
 

259 
 
Бірінші рет ұршығы іштен шығып туған баланы емдеу тәсілін Венаның 
ортопеді  Адольф  Лоренц  ойлап  тапқан.  Ол  тәсіл  3  жағдайдан  тұрады 
/Лоренц I,II,III/. 
Лоренцтің  I  жағдайына  шалқасынан  жатқан  баланың  аяғын  тізе  және 
жамбас-сан  буындарынан  тік  бұрышты  етіп  бүгіп  аяғын  толығымен  сыртқа 
қарай төсегіне тигенше апарады. 
Лоренцтің  II  жағдайында  баланың  аяғын  жоғарыда  айтылған  екі 
буындарынан сәл түзетеді. 
Лоренцтің  III  жағдайында  баланың  аяғын  буындарынан  толығымен 
жазып сыртқа қарай апарады. 
Ауру балада дисплазия болғанда Лоренцтің III жағдайында емдеу үшін 
Виленскийдің таңғышын пайдалануға болады (178 сурет). 
Екі  аяқтың  арасын  ажырату  үшін  екі  жақ  шетіндс  теріден  тігілген 
манжеті бар темірден жасалған жайылмалы тірек қолданылады. Жайылмалы 
темір  тіректің  екі  ұшындағы  манжетті  балтыр  сирақтың  төменгі  жағына 
бекітеді.  Жайылмалы  темір  тіректің  ортасындағы    винтарқылы  аяқ  арасын 
ажыратуға,  не  кішірейтуге  болады.  Егер  мұндай  таңғыш  болмаса  осы  түрлі 
етіп гипстен жасауға болады. 
 
 
178 сурет. Виленский таңғышы. 179 сурет. ЦИТО-ның таңғышы 
Ковалерский Г. М., Юмашев Г. С. 2008 ж. 
 
Емдеу  үшін  қолданатын  таңғыштардың  бірі  ЦИТОның  таңғышы  (179 
сурет). 
Бұл таңғыш жайылмалы тірекпен қамтамасыз етілген. Таңғыш мынадай 
бөліктерден тұрады: ішкі жағына клеенка, сыртқы жағында тура бұт тұсында 
қалташық  жасалған,  оның  ішіне  тірек  (распарка)  салынады.  Тірек  винтпен 
комбинезонға бекітіледі және оны винт арқылы ұзартып, қысқартуға болады. 
Комбинезонның  жоғарғы  және  төменгі  жағына  аспа  бау  тігіледі  де  балаға 
кигізгеннен  кейін  түймеленеді.  Керек  болған  жағдайда  жайылмалы  тіректі 
ажыратуға,  не  кішірейтуге  болады.  Бұл  таңғышта  бала  4  айдай  емделеді, 
содан  кейін  рентгенмен  тексеріледі.  Егер  рентген  көрсеткендей  жамбас 
шұқыршығы  жақсы  жетіліп,  тереңдетілген  болса,  таңғышты  шешіп 
тастайды.  Виленский  мен  ЦИТОның таңғыштарынан  басқа  Розен  таңғышы, 
пластмассадан жасалған Волковтың таңғышы және  Шнейдеров таңғыштары 
қолданылады. 
134 су рет. Ви-ленский тақгышы. 

260 
 
Баланы  3  жасқа  дейін  емдеу  үшін  Павликтің  үзеңгісін,  Фрейканың 
жастықшасын және тағы басқаларды қолданады. 
Ауру  баланың  жасы  3ай  мен  1жас  арасында  болғанда  және  ортан 
жілікбасын  жамбас  шұқыршағына  күшсіз  буында  тұру  үшін  жартылай 
қатайған  таңғыштарды  (Волков  таңғышы)  және  Полонскийдің  таңғыш-
төсекшесін қолдану қажет(180-сурет). 
 
180 сурет.  Волков таңғышы 
Ковалерский Г. М., Юмашев Г. С. 2008 ж. 
 
Волковтың  таңғышымен  емдегенде  ұршық  буынын  орнына  салып 
бекіткеннен  басқа  массаж  және  басқадай  гимнастика  жасауға  мүмкіндік 
болады. Мұның өзі аурудың аяғының, буынының қан айналысын жақсартуға 
және  жамбас  шұқыршағының  қалыптасуына  мүмкіндік  береді.  Бала  үнемі 
Волков  таңғышында  жатқанда,  күніне  3  рет  таңғыштың  құрсақ  пен 
жамбастың  тұсындағы  қақпағын  алып  ауруды  отырғызады.  Бұл  уақытта 
ортан жілік таңғышта бекітіліп жатқандықтан, баланы отырғызғанда жамбас 
сүйектері ортан жілікбасы арқылы айналады. Бұның өзі жамбас шұқыршағы 
мен ортан жілікбасының  тезірек қалыптасуына мүмкіндік береді. 
Іштен туа пайда болған ортан жілікбасының шығуын емдеудің нақтылы 
әдісін 1894 жылы ойлап тапқан Вена ортопеді Адольф Лоренцтің әдісі 1жас 
пен 3жас арасындағы ауруларды емдеуге негізделген. 
Орнынан тайған ортан жілікбасын орнына салу үшін ауруды шалқасынан 
жатқызып наркоз береді де, дәрігер бір қолымен ауру аяғын жамбас-сан және 
тізе  буындарынан  тік  бұрышқа  дейін  бүгіп  жоғары  қарай  тартады,  екінші 
қолының  жұдырығын  үлкен  ұршықтың  сыртқы  тұсына  қояды.  Осы  күйде 
аяқты  сыртқа  қарай  ауыстырғанда  ортан  жілікбасы  жамбас  шұқыршағының 
сыртқы ернеуі арқылы келіп шұқыршақтың ішіне кіреді. 
Ортан  жілікбасы  жамбас  шұқыршағына  толық  кіргендігін  білдіретін 
мынадай  белгілер  бар:  тізе  буынында  контрактура  (қатаю)  пайда  болуы, 
скарп  үшбұрышының  ішіндегі  сан  артериясының  астынан  ортан  жілікбасы 
анықталады. 
Егерде ортан жілікбасы екі жағынан шыққан болса, бір жолда алдымен 
ең қиындауын орнына түсіреді де, одан кейін екінші жағын орнына түсіреді. 
Орнына  түскен  ортан  жілікбастарын  қоршама  гипспен  Лоренцтің  I 
жағдайында 6 не 9 айға бекітеді. Әрбір  2 не 3 ай ішіндс гипсті алмастырып 
Лоренцтің II, III жағдайына ауыстырады. 

261 
 
Лоренцтің  әдісімсн  ауру  балаларды  емдегенде  тізе  контрактурасынан 
асқынулар болады: олар ортан жілікбасының асептикалық шіруі  (Волков М. 
В.  бойынша  14%  болады),  ертелі  не  кейінде  ортан  жілікбасының  қайыра 
шығып кетуі, кәрі жілік пен шонданай жүйкелерінің (жүйкелердің /параличі/ 
1%), ортан жілікмойынының сынуы, ортан жілікмойынының варустік өзгеруі 
болады.  Буындарда  контрактураның  (қатайып  қалуы)  болу  себептері  ортан 
жілікбасын  жамбас  шұқыршағына  кіргізгеннен  кейін  ұзақ  уақыт  ішінде 
буындарды  гипспен  бекітіп  тастағанның  салдары  болып  есептеледі.  Гипсті 
алып  тастағаннан  кейін  массаж,  ЕДШ,  ванна  арқылы  буындардың 
контрактурасын  келтіру  үшін  ұзақ  уақыт  керек  болатынын  естен  шығармау 
керек. Ұзақ уақыт гипспен буынды қатайтып таңып тастағанның салдары да 
ортан  жілікбасының  асептикалық  шіруіне  әкеп  соғады.  Ал  ортан 
жілікбасында асептикалық шіру болса, ол кейінде деформациялық артрозға, 
ортан  жілікмойынының,  аяқтың  қысқаруына  әксп  соғады.  Жеделдетіп  бір 
мезгілде  күшпен  ортан  жілік  басын  жамбас  шұқыршағына  кіргізгендіктің 
салдарынан  жүйкелердің  парездері,  салдануы  және  ортан  жілікмойынының 
сынуы  ақиқат.  Бұның  өзі  Лоренц  әдісінің  дөрекілігін  білдіреді.  Алдыңғыда 
айтылған  асқынулар  егер  аурудың  жасы  2-2,5-нан  асса  тіпті  жиі  кездесуі 
мүмкін.  Сондықтан  да  көпшілік  оқымыстылар  кездесетін  көптеген 
асқынуларды  азайту  үшін  әртүрлі  әдістерді  қолдануға  мәжбүр  болды.  Олар 
әдістердің  түрін  өзгертіп,  гипстің  орнына  таңғыштар,  басқа  да  аппараттар 
қолданды. 
Сондықтан  1958  жылы  Сомервилл  ортан  жілікбасы  іштен  шығып  туа 
пайда болған аурулардың жасы 2 және одан үлкен болса, оны орнына түсіру 
үшін үздіксіз тік тарту әдісін ұсынды   (181 сурет). 
Бұл  әдісті  қолдану  үшін  aypу  баланы  емханаға  жатқызадыда,  екі 
аяғының  екі  жағына    жабыспалы  пластырь  бекітіп  аяқтарын  тік  жағдайда 
тартып  қояды.  Осы  қалыпта  екі  аяққа  жабыстырылған  пластырьдің  ұшына 
салмақты  зат  іліп  қояды  да  біртіндеп  аяқтарының  арасын  ашады.  Бір  айдан 
кейін  салмақты  заттарды  алады,  себебі  осы  уақыт  ішінде  аяқ  пен  бөксе 
бұлшықеттері  тегіс  босаңсиды.  Бұлшықеттер  босаңсығанда  орнынан  тайған 
ортан  жілікбастары  наркозсыз  жамбас  шұқыршағына  ешқандай  күшсіз 
кіргізіледі  де  гипспен  қапталады.  Кейінгі  кезде  гипстің  орнына  таңғыш 
қалақтар  мен  аппараттар  қолданылып  жүр  (Ганаусек  аппараты,  Крумин 
аппараты, Баубинас аппараты). 
 
181 сурет. Волковтың функциональды әдісі 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 

262 
 
1961 жылы М. В. Волков функционалдық әдісті дамытты. Бұл әдістің ең 
басты  мақсаты  ортан  жілік  басымен  жамбасшұқыршағының  бір-бірімен 
өзара  тиісіп  ұзақ  уақыт  қозғалыссыз  қалмай,  бірер  жұмадан  кейін  өзара 
қозғалыста болуы. Әр уақытта өзара қозғалыста болған буын тезірек дамып, 
өсіп жетіледі де аурудың жазылуы тездетіледі. 
 
182 сурет. Волковтың  функциональды әдісі 
Ковалерский Г. М., Юмашев Г. С. 2008 ж. 
 
Бұл  үшін  Волков  іштен  тайқып  шыққан  ортан  жілікбасын  орнына 
салғаннан  кейін  аурудың  жамбас-сан  буындарын  гипспен  Лоренцтің  I 
жағдайында  бекітеді  де,  бір  жұмадан  кейін  гипстің  қарын  мен  бөксе 
тұсындағы  алдыңғы  жағын  алып  тастап  баланың  күніне  бірнеше  мезгіл 
отыруына мүмкіндік береді  (182 сурет). 
Бұл  әдіс  бойынша  егер  ортан  жілік  басы  бір  жағынан  шыққан  болса  4 
айдай емделеді, ал екі жағы шықса 6 айға созылады. Сөйтіп Волков әдісімен 
емдегенде емдеу уақыты 2 ден 3 айға дейін қысқартылады. Функционалдық 
әдіспен  емделген  балаларда  ешқашанда  буын  контрактуралары  кездеспейді 
және  ортан  жілікбасының  асептикалық  шіруі  көптен-көп  азаяды  (3%-ке 
дейін). 
Жабық  әдіспен  ортан  жілікбасын  орнына  салудан  пайда  болатын 
асқынуларды  көбінесе  консервативтік  әдіспен,  ал  кейбіреулерін  операция 
жасап емдейді. 
 
ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЕМДЕУ ТӘСІЛІ 
Іштен  туа  біткен  ортан  жілікбасының  шығуын  мынадай  жағдайларда 
операция тәсілімен емдейді: 
1. Басым көпшілік балалардың жасы 2-ден асқанда. 
2.  1-2  жастағы  баланың  консервативтік  әдіспен  орнына  түспейтін  туа 
біткен ортан жілікбасының шығуы. 
3.  Орнына  түсірілгеннен  кейін  ортан  жілікбасының  кейінде  шығып 
кеткендері. 
4.  Консервативтік  әдіспен  ортан  жілік  басын  орнына  кіргізгеннен  кейін 
пайда болатын асқынулар. 

263 
 
Осы  күнге  дейін  теріні  тіліп  жамбас-сан  буынына  кіргізудің  30-дан 
астам  түрі  бар.  Қазір  ең  көп  қолданылатын  түрі  мынадай:  буын  мен  ортан 
жіліктібойлай  кесу  (Смит-Петерс,  Оллье-Лексер  және  Богданов  бойынша 
кесу). 
Барлық операциялар бірнеше топқа бөлінеді: 
1. Буынды ашып ортан жілік басын жамбас шұқыршағына кіргізу. 
2.  Буынды  ашып  ортан  жілік  басын  шұқыршағына    кіргізумен  қайыра 
қалпына келтіріп үйлестіру. 
3.  Жамбас  сүйегінің  негізімен  ортан  жілікбас  жағына  қайыра  қалпына 
келтіру. 
4. Полиативтік әдіс. 
Жамбас-сан буынын ашып ортан жілікбасын орнына қайыра салу 2 ден 
8  жасқа  дейінгі  ауруларға  қарағанда  есейіп  кеткен  ауруларда  қиындау 
болады. 
Ортан  жілікбасын  жамбас  шұқыршағын  ойып,  терендетіп  орнына  салу 
операциясы  кең  тараған.  Бұл  операцияның  егжей-тегжейін  Ф.  Р.  Богданов 
талдап  дамытқан.  Операцияның  мәнісі  мынада:  буынның  қапшығын  ашып 
қапшықты  жартылай  кесіп  алып  тастағаннан  кейін  жамбас  шұқыршағының 
ішіндегі  жүмсақ  тіндерді  алып  тастайды  да,  буын  шеміршегін  шоқпар 
сияқты  аспаппен  өңдейді,  содан  кейін  ортан  жілік  басын  өңделген  жамбас 
шұқыршағына кіргізеді. 
Ал, жамбас-сан буынын ашып ортан жілік басын жамбас шұқыршағына 
қайыра  қалпына  келтіріп  кіргізудің  мәні  мынада:  жамбас  шұқыршағын 
тереңдетіп  қалыптастырып  артропластика  жасау  немесе  ортан  жілікбасын 
жамбас  шұқыршағына  толық  кіргізу  үшін  мойын-диафиздік  бұрышты 
өзгертуге бағытталган операция жасалады. 
1900  жылы  Колонна  артропластика  жасау  үшін  буынның  қапшыған 
қолдануды  ұсынды.  Колоннаның  қапшықты  артропластикасы  былай 
жасалады.  Ұзарған  буын  қапшығы  мойын  тұсынан  кесіледі  де  ортан  жілік 
басы  толық  жабылып  жіппен  тігіледі,  ал  мойнақ  пен  жамбас  шұқыршағы 
арасындағы  қапшықтың  калдығы  кесіліп  алып  тасталынады.  Одан  кейін 
жамбас  шұқыршағы  терендетіледі  және  көлемі  ұлғайтылады,  сонан  соң 
қапшықпен  жабылған  ортан  жілікбасы  үлкейтілген  жамбас  шұқыршағына 
кіргізіледі. 
Ортан жілік басын артропластикалық әдіспен орнына салу үшін Каллио 
аурудың  өз  терісін,  не  өлген  адамнан  алынып  консервенттелген  теріні 
қолданды, М. В. Волков қағанақ қабығын пайдаланды. Бұл операциялар тек 
есейген балаларға жасалады (12-17 арасындағы аурулар). 
А.  Е.  Фрумина  жамбасшұқыршағынан  төбесін қайыра  қалпына  келтіру 
әдісін  кеңінен  қолданды.  Бұл  операцияның  мәнісі  мынадай:  жамбас-сан 
буынын  ашып,  буын  қапшығын  толығымен  кесіп  алып  тастағаннан  кейін, 
науалы  шақпымен  жамбас  шұқыршағының  жоғарғы  және  алдыңғы  жиегін 
төмен  түсіріп,  жамбас  сүйектің  қабын  жарып  сүйектің  кеуекті  жеріне 
көптеген  керіктер  жасалады.  Керіктер  сүйектің  жетіліп  өсіп,  тезірек  бітуіне 

264 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет