Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі


Біздің  клиникада  туа  болған  маймақ  аяқты  операциялық  жолмен



Pdf көрінісі
бет29/30
Дата13.04.2020
өлшемі6,59 Mb.
#62353
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
ЖОНКИН Травматология және ортопедия


Біздің  клиникада  туа  болған  маймақ  аяқты  операциялық  жолмен 
емдеуге  жаңа  операция  түрі  ойланып,  қазір  қолданудамыз.  Ол 
Қ.Н.Нұғышевтің  табаналды  сүйектерінің  өзгерістерін  туа  болған 
маймақ  аяқты  балаларда  өскіндік  зонасын  сақтап  қалу  операциясы. 
(Авторлық құжат № 1644925). 

273 
 
Бірінші  тілік  табанның  ішкі  жағынан  топай  сүйегінің  бұдыры  және 
ладья  сүйегінің  бойымен  доға  тәрізді  бірінші  табан  сүйегі  басына  дейін 
жүргізіледі. 
Сол  жерден  желпуіш  (вейер)  тәрізді  байламды  тіледі.  Алдыңғы  үлкен 
балтыр  бұлшықеті  сіңірін  және  бақайларды  жалпы  бүгетін  сіңірді  ашып, 
оларды Z-тәрізді ұзартады. Дельта тәрізді байламды көлденең кеседі. Сына, 
ладья,  өкше,  топай,  сүйектері  арасындағы  буындардың  буынқаптарымен 
байлам  аппараттарын  ашады.  Сіңірлерге  тігіс  салады.  Жараны  толықтай 
тігеді. 
Екінші  тілік  ахил  сіңірінің  сырт  жағынан  доға  тәрізді  жүргізіледі. 
Сөйтіп  осы  сіңірді  сагитальды  бойда    Z-тәрізді  ұзартады.  Ахил  сіңірінің 
өкше  бұдырына  бекіген  жерін  ішкі  жағынан  босатады,  толарсақ    буынын 
ашады.  Көтергіш  көмегімен  өкше  сүйегін  сыртқа  қарай  түзетіп 
орналастырады.  Бірінші  саусақтың  ұзын  бүккіш  сіңірін  Z-тәрізді  ұзартып, 
оған тігіс салады, жараны тігеді. 
Үшінші  тіліктің  доғасы  астына  қарай  иіліп,  табанның  сыртқы,  үстіңгі 
жағынан  тіледі.  Бақайларды  жазатын  жалпы  сіңірін  және  бірінші  бақайды 
жазатын сіңірді ішке қарай тартып, көтеріп тұрады. Кіші жіліншік еттерінің 
сіңірін көлденең кесіп, оларды ұстағышқа алады. Табанды қалыпты жағдайға 
шығарарда  табаналды  сүйектерінің  өзгерісіне  байланысты  жүргізеді.  Текше 
тәрізді  немесе  топай  сүйегінің  мойнына,  өкше  сүйегінің  шеміршектік 
қабатын,  өсу  зонасын  зақымдамай  аққабық  астылықтопсалы  (шарнирная) 
резекция жүргізеді. Сүйек бөліктерін бір-біріне дұрыс келтіріп, орындарына 
салып,  капрон  жіппен  бекітіп  қояды.  Сүйектерді  толық  түзетілген  қалыпта 
ұстап  қалу  үшін  кіші  жіліншік  бұлшықетінің  сіңірін  қысқартады.  Сөйтіп 
жараға  тігіс  салып,  орамды  гипстік  байлам  салады.  Гипстік  байламды 
санның ортаңғы 1/3 бөлігінен бақай басына дейін салады.  
Бірінші  реттік  гипсті  3  аптадан  кейін  ауыстырып  рентген  тексеріс 
жасайды.  Содан  соң  ауруға  операция  жасаған  аяққа,  тізеге  дейін  орамды 
гипстік  байлам  салып,  аяққа  толық  басып  жүруге  рұқсат  береміз.  Гипстік 
етікшені  6-8  айға  дейін  ұстаймыз.  Бұлай  ұзақ  уақыт  бекіту  себебіміз  сол 
уақыт ішінде табаналды сүйектерінің толықтай қалыптасуы үшін қажет. 
Гипсті  алған  соң  ауруға  ортопедиялық  аяқ  киім  тағайындайды.  Өкше 
астына  сыртқы  жағынан  қосымша  табанша  салып  береді.  Табан  асты 
ойығына супинатор қояды. Содан соң физиотерапиялық ем, озокеритті табан 
мен балтырға береді. Балтыр бұлшықеттері ішкі жағынан электростимуляция 
жасалады.  Аяққа  жылы  ванна  қабылдайды.  Бұл  операциялар  2-14  жасқа 
дейінгі  балаларға  жасалады.  Нәтижесі  өте  жақсы,  табан  өсуіне  зақым 
келмейді. 
Г.Э. Брунмайердің маймақ аяқпен ат өкше өзгерісінде, ахил сіңірін қара 
малдың ішпердесімен ұзарту операциясы 
Ахил сіңірінің ішкі жағынан 2-3 см етіп, теріні тіліп, ахил сіңірін ашып, 
оны  көлденең  кесетін  жерінің  жоғарғы  жағынан  капрон  жіппен  ұстап 
тұратын  жіпті  тігеді  де,  сіңірді  көлденең  кеседі  де  оның  ортаңғы  бөлігіне 

274 
 
арнайы 
дайындалған 
қарамалдың 
ішпердесінен 
жасалған 
жіпті 
(трансплантатты)  тігеді  де,  табанды  түзу  қалыпқа  қойып,  ахил  сіңірінің 
төменгі  бөлігіне  жаңағы  трансплантатты  тігеді.  Гипстік  етікшені  1,5-2  айға 
салады. 
 
 
189 сурет. Маймақ аяқта қысқарған ахил сіңірін қара малдың ішпердесімен 
ұзарту 
 
 
Үшінші бөлім бойынша тест сұрақтары 
 
1. Өніп-өсіп келе жатқан ұрық қай кезеңде бүлдіргіш агенттерге өте сезімтал 
келеді? 
А. 3-айлық кезеңде. 
В. 5-айлық кезеңде 
С. 7-айлық кезеңде 
D.Имплантациялық кезеңде 
Е. 9-айлық кезеңде 
 
2. Туа болған ампутацияның қандай түрлері болады? 
А. Полимелия 
В. Синдактилия 
С. Кальве түрі 
D. Эктромелия 
Е. Гемимелия 
 
3 .  Қағанақтық (амниотикалық) буыншаққа неше жасында операция жасау 
өте тиімді? 
А. Баланың  2 - жасында 
В. Баланың  3 - жасында 
С. Баланың  5 - жасында 
D. Бір жасқа толар-толмас уақытта 
Е. 7 – жасында 

275 
 
4. Саусақтардың үш жағынан жабысып тууы қандай жерлерінде кездеседі? 
А. Орталық бөлігінде 
В. Негізгі бөлігінде 
С. Саусақтың барлық ұзына бойында 
D. Тырнақ өсер бөлігінде 
Е. Еш бөлігінде жабыспайды 
 
5. Көпшілік жағдайда қандай саусақтар арасы бөлінбей туады? 
А. Бірінші-екінші саусақтар 
В. Төртінші-бесінші саусақтар 
С. Бірінші-үшінші саусақтар 
D.Екінші-үшінші саусақтар 
Е. Үшінші-төртінші саусақтар 
 
6. Синдактилияда бала саусақтарында операцияны қазіргі заманда неше 
жасында жасаған жөн. 
А. 4 - жасында 
В. 6 - жасында 
С. 3 - жасында 
D.1-2 жасқа толғанда 
Е. 7-8 – жасында 
 
7. Ортан жілік басының остеохондропатиясы неше сатыға бөлінеді. 
А. Екі сатыға бөлінеді 
В. Бес сатыға бөлінеді 
С. Үш сатыға 
D.Бір сатыға 
Е. Төрт сатыға 
 
8. Пертес ауруында қандай операция жасау тиімді? 
А. Кочев операциясы 
В. Макажанов операциясы 
С. Богдановоперациясы 
D.Хахутовоперациясы 
Е. Мак-Марезоперациясы 
 
9. Келлердің бірінші ауруында табанның қай сүйегі зақымдалады? 
А. Табанның бірінші сүйегі 
В. Ладье тәрізді сүйегі  
С. Кубтәрізді сүйегі 
D.Табанның бесінші сүйегі  
Е. Сына тәрізді сүйектер 
 

276 
 
10.  Туа  болған  жалған  буынды  емдеуде  қандай  операция  түрін  қолдану 
тиімді. 
А. Кодивилла операциясы 
В. Джаналидзе операциясы  
С. Макажановоперациясы 
D.Чаклиноперациясы  
Е. Гана операциясы 
 
11.  Тізе  тобығының  туа  біткен  таюы  клиникалық  ағымы  бойынша  неше 
түрге бөлінеді. 
А. Екі түрге 
В. Төрттүрге  
С. Үштүрге 
D.Бестүрге  
Е. Алтытүрге 
 
12. Ойық төс неше дәрежеге бөлінеді. 
А. Екі дәрежеге 
В. Төртдәрежеге 
С. Үшдәрежеге 
D.Бесдәрежеге  
Е. Алтыдәрежеге 
 
13. Остеохондроз ауруында омыртқаның қай жері өзгеріске ұшырайды. 
А. Омыртқаның денесі 
В. Омыртқаның қылқан өсіндісі 
С. Омыртқаның алдыңғы төменгі жиегі 
D.Омыртқаның пульпоздық ядросы 
Е. Омыртқаның дискісі 
 
14. Спондилез дегеніміз не? 
А. Омыртқаның денесінің шіруі 
В. Көлденең өсіндісінің некрозы 
С. Қылқан аралық байламының өзгерісі 
D.Қылқын өсіндісінің патологиялық өзгерісі 
Е. Фиброзды сақина мен алдыңғы ұзын байламының патологиялық 
өзгерісі 
 
15.  Жамбас-сан  буынының  дисплазиясында  алғашқы  айлығында  қандай 
белгі тән. 
А. Тренделенбург 
В. Габбай белгісі 
С. Сытырлау белгісі 
D. Байков белгісі 
Е. Лазинский белгісі 

277 
 
16. Рентгенде Омбредена сызығы жамбас-сан буынының қандай өзгерісін 
көрсетеді. 
А. Ортан жілік басының жоғары қарай жылжығанын 
В. Шұқыр жиегінің қиғаштығын 
С. Өсіндікше сүйектің пайда болғанын 
D. Ортан жілік басының шұқыр ортасынан сыртқа қарай 
алшақтағанын 
Е. Ортан жілік басының шұқырдан жоғары тұрғанын 
 
17. Омыртқа қисаюы неше дәрежеге бөлінеді. 
А. Бір дәрежеге 
В. Үш дәрежеге 
С. Екі дәрежеге 
D.Бес дәрежеге 
Е. Төртдәрежеге 
 
18. Шпренгель ауруы - ол қандай өзгеріс? 
А. Омытқа қисаюы 
В. Жауырынның біреуінің жоғары тұруы 
С. Қисық мойын 
D. Бел иілісінің ұлғаюы 
Е. Кеуде еңкіштігінің ұлғаюы 
 
19. Туа болған еттік қисық мойынға операцияны неше жасында жасаған 
пайдалы. 
А. Бір жасында 
В. Екі жасында 
С. Сегіз жасында 
D.Он жасында 
Е. 3-4 – жасында 
 
20. Туа болған маймақ аяққа авторы бойынша кімнің операциясын жасайды. 
А. Мақажановтың операциясы 
В. Бойчев операциясы 
С. Зацепин операциясы 
D. Штурм операциясы 
Е. Богданов операциясы 
 
Үшінші бөлім тест сұрақтарының жауаптары 
1, не 2 және одан да көп жауаптары болуы мүмкін 
Тестілік сұрақтардың эталондық дұрыс жауаптары 









10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20 
D  D, 



















 
 

278 
 
ОҚУЛЫҚ БОЙЫНША ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ 
 
1. 32  жастағы  сырқат  оң  жақ  иық  буыны  иық  үстіңгі  жағында  ауыратынына 
шағым жасап келді. Оң жақ білегін сол қолымен шынтағын бүгіп, демеп ұстап, 
басын оңға қарай қисайтып, сәл оң бүйіріне қисайып тұр. Тексергенде иықтың 
үстіңгі  жағы  ісінген.  Бұғананы  басып  көргенде  ауырсынады.  Басқанда  бұғана 
басы орнына түседі. Клавиш белгісі оң. Қандай диагноз? 
А. Тоқпан жіліктің анатомиялық мойнының сынуы 
В. Тоқпан жілік басының шығуы 
С. Хирургиялық мойын шығуы 
D.Бұғананың акромион басының сынуы 
Е. Бұғананың акромион басының шығуы 
 
2. 45  жастағы  ер  адам  сол  жақ  иық  буыны  ауыратындығына  шағымданады. 
Қолын бүйір жағына қарай қайырып, жазған қалпында кере құлаған. Акромион 
өсіндісі астында ойық бар. Бұғана астылық ойық тегістелген. Шынтағын бүгіп, 
оң қолымен білегінен ұстап, өзі сол жаққа қисайып, қолын сәл алға таман ұстап 
тұр.  Ерікті  қозғалыс  жоқ.  Еріксіз  қозғағанда  серіппелі  қарсылық  білінеді. 
Қандай диагноз? 
А. Бұғана сынуы 
В. Тоқпан жіліктің жоғарғы басы сынуы 
С. Тоқпан жіліктің басы шығуы 
D.Білек сүйектері сынуы 
Е. Бұғананың төс басы шығуы 
 
3 . 27  жастағы  азамат  оң  жақ  тоқпан  жілігімен  бөренеге  құралған.  Иық 
сүйегінің  төменгі-ортаңғы  тұсында  пішіні  өзгерген,  буынсыз  жерде  қозғалыс 
анықталады.  Сүйек  сықыры  білінбейді.  Алақаны  салбырап  тұр,  үстіне  қарай 
көтере алмайды, І-ІІ-ІІІ саусақтарын сезінбейді. Қандай диагноз? 
А. Тоқпан жілік жоғарғы үштен-бір бөлігінінен сынған 
В. Тоқпан жіліктің айдаршығының сынуы 
С. Тоқпан жілік ортаңғы-төменгі үштен бір бөлігі сынған 
D.Білек сүйектері шыққан 
Е. Кәрі жілік нервісі зақымдалған 
 
4 .  16 жастағы қыз бала мұздан тайып барып сол жақ алақанын тіреп құлаған. 
Білезік буыны және білектің төменгі жағында ісік бар. Алақаны сыртына қарай 
сәл  қайырылған.  Саусақтары  сәл  бүгулі.  Білектің  сырт  жағында  томпайған 
сүйек ұшы анықталады. Қандай сынық? 
А. Алақанның ІІІ – ІV сүйектері сынған 
В. Ладье тәрізді сүйегі сынған 
С. Беннета сынығы 
D.Коллес сынығы 
Е. Смитт сынығы 
 
 

279 
 
5.  Қабылдау  бөліміне  40-жастағы  азамат  ауыр  халде  жеткізілді.  АҚ  90/40 
мм.с.б.,  тамыр  соғысы  110  рет,  суық  тер  басқан.  Дем  алуы  қыйындаған,  жиі, 
беткей.  Тексергенде  оң  жақ  кеудесінің  бүйір  жағын  қарағанда  8-9-10  қабырға 
тұсы дем алғанда ішіне қарай ойықталып тартылады, демін шығарғанда сыртқа 
қарай көтеріледі. Қабырғаның қандай сынық түрі осы ауруда бар? 
А. Көптеген қабырға сынған 
В. Екі-үш қабырға сынған 
С. Кеудесі соғылған 
D.Көптеген қабырға екі жерден «терезе» тәрізді сынған 
Е. Пневмоторакс 
 
6.  14-жастағы  ер  баланы  анасы  қабылдау  бөліміне  ертіп  келеді.  Баланың  басы 
оң жағына қарай иулі түр, қолымен мойынын, басын қолдарымен ұстаған, басы 
сәл  алдына  қарай  еңкейіп  түр,  мойын  еттері  қатайған.  Мойынын  қозғалта 
алмайды. Рентген тексерісті қандай қалыпта жасау керек? Клиникалық көрінісі 
бойыншы жарақаттың қандай түрі бар? 
А. Мойын омыртқалары сынған 
В. Бірінші ауыз омыртқа жартылай шыққан 
С. Рентгенді алдынан артына қарай жасау керек 
D.Рентгенді бүйірінен көлденең түсіру керек 
Е. Ауызын аштырып алдынан артына қарай түсіру керек 
 
7. 64-жастағы азаматша далада сол жақ аяғын ішке қарай иіп барып, бүйіріне 
құлаған. Аяқ басы сәл сыртқа қарай қайырулы, аяғы 2-4 см қысқарған. Үлкен 
төмпешік Розер-Нелатон сызығынан жоғары тұр. Шумахер сызығы кіндіктен 
төмен өтеді. Жамбас буынын қозғалта алмайды. Диагнозы қандай? 
А. Ортан жілік жоғарғы үштен бір бөлігінен сынған 
В. Ортан жілік ортасынан сынған 
С. Ортан жілік мойыны сынған 
D.Ортан жілік басы шыққан 
Е. Жамбас - сан буыны соғылған 
 
8.  32-жастағы  азамат  3-ші  қабаттан  құлағанда  мықын  бойына  отырып  түскен. 
Бел маңында қатты ауырады, бел еттері божы сияқты сияқты тартылып тұр. ХІІ 
–  кедуде  омыртқаның  қылқан  өсіндісі  шығыңқы  тұр,  оған  басқанда  қатты 
ауырады. Белін жаза алмайды. Бел иілімі тегістелген. Қандай диагноз? 
А. Отырықшы сүйегі сынған 
В. Кеуде-бел омыртқалары соғылған 
С. Бел омыртқаларының көлденең өсіндісі сынған 
D.ХІІ-ші кеуде омыртқасы жапырылып сынған 
Е. ХІІ-ші кеуде омыртқаның қылқан өсіндісі сынған 
 
9. 12  – жастағы  бала  далада  оң жақ шынтағын жазған қалыпта  алақанын  тіреп 
құлаған.  Шынтақ  буынының  пішіні  өзгерген.  Білегі  сау  жақпен  салыстырып 
қарағанда  қысқарған.  Шынтақ  буынының  алдыңғы  жағында  тері  астында 

280 
 
шодырайған  сүйек  ұшы  анықталады,  арт  жағында  сәл  ойық  бар.  Буынын 
қозғалта алмайдық. Қандай  диагноз қоясыз? 
А. Шынтақ өсіндісі сынған 
В. Айдаршықтың бүгілуі сынығы 
С. Айдаршықтың жазылған сынығы 
D.Айдаршықтар аралық сынық 
Е. Шынтақ буынына қан ұялаған 
 
10.  Сатушы  жұмыста  сол  жақ  тізесі  бүгулі  қалыпта  құлаған.  Тізе  буынының 
көлемі  үлкейген.  Тізесін  жаза  алмайды.  Тобығының  үстін  басқанда  ойық 
анықталады. Қандай жарақат деп ойлауға болады? 
А. Тізе буынына қан ұялаған 
В. Тізе тобығы сынған 
С. Мениск жартылған 
D.Х-тәрізді байлам жыртылған 
Е. Ортан жілік айдаршығы сынған 
 
11.  22  –  жастағы  азаматша  босанғаннан  кейін  шат  жағы  ауыруына  шағым 
жасаған.  Дәрігер  оған  жыныс  жолы  зақымдалған,  сондықтан  ауырады  деген. 
Ертеңінде  дәретке  барайын  десе,  шат  маңы  қатты  ауырғанын  сезеді,  жүре 
алмайды.  Содан  хирургкке  көрсетеді.  Ол  да  ештеңе  ашып  айтпайды. 
Ауруханадан жолдасы көтеріп алып шығарады, ортопед – травматологты үйіне 
шақырады.  Тексергенде,  шат  арасында  ойық  анықталады,  үлкен  ісік,  қанталау 
көрінеді.  Аяқ  –  бастары  сыртқа  қарай  шектен  тыс  қайырулы,  тізе  тобықтары 
төсекке сырт жағымен жанасып тұр. Тізесін жазған қалыпта, аяқтарын жоғары 
көтере алмайды. Қандай жарақат болуы мүмкін? 
А. Шат сүйегі сынған 
В. Жамбастың қалақша басы сынған 
С. Шаты айырылған 
D.Сыртқы зәр жолы зақымдалған 
Е. Екі жақ шат сүйектері сынған 
 
12.  Құрылысшы  жұмыста  қыс  айында  аяғы  тайып  кетіп,  шалқасынан 
артқасымен  тақтай  қырына  құлаған.  Бел  аймағында  ісік  бар.  Омыртқаның  бел 
еттері  тырысып  тартылған,бел  аймағы  қанталаған,  аздаған  беткейлік  тері 
сыдырылуы  бар.  Жазулы  қалыптағы  аяқтарын  тіке  жоғары  көтере  алмайды. 
Басын  көтергенде  ІІ-ІІІ-ІV  -  бел  омыртқаларының  көлденең  өсінділерінің  сол 
жақтары қатты ауырады. Омыртқаның қай жерінде сынық бар? 
А. Үш бел омыртқаның денесі сынған 
В. Бел омыртқаларының қылқан өсінділері сынған 
С. Бел омыртқаларының көлденең өсінділері сынған 
D. Бел аймағы соғылған 
Е. Омыртқа еттері созылған 
 
 
 

281 
 
13. Хоккейші жарыс уақытында  оң жақ тізесі сыртқа қарай  қайырулы кезінде, 
бұрылып  барып  құлаған.  Тізе  буыны  120  градус  қалпында  бүгулі,  жаза 
алмайды.  Буын  көлемі  үлкейген.  Тізе  тобығы  қалқып  тұр.  Буында  ешқандай 
қозғалыс  жасай  алмайды.  Бұл  қандай  жарақат  және  қандай  диагноз  қоюғы 
болады? 
А. Тізе буынына қан ұялаған 
В. Балтыр сүйегінің айдаршығы сынған 
С. Тізе тобығы (тәж) сынған 
D.Х-тәрізді байлам үзілген  
Е. Мениск жыртылып, буын арасына ілініп қалған (Блокада белгісі) 
 
14.  16-жастағы  қыз  бала  екі  жауырын  арасы  қозғалғанда  ауыратынын  айтып, 
шағым жасап келеді. Тексергенде оның омыртқасының кеуде  тұсында жасына 
қарағанда  көп  еңкіштік  бар  екені  анықталады.  Барлық  кеуде  омыртқасының 
қалқан  өсінділерін  басып  көргенде,  оның  VІ-VІІ-VІІІ–кеуде  омыртқаларын 
басқанда  қатты  ауыратындығы  айқындалады.  Екі  жаққа  бүйіріне  қарай  иіліп, 
бұралғанда ауырғыш сезімі күшейе түседі. Авторы бойынша, бұл қандай ауру? 
А. Келлердін бірінші ауруы 
В. Шоерман-Мау ауруы 
С. Пертес ауруы 
D.Остеохондроз ауруы 
Е. Шляттер ауруы 
 
15.  Ер  азамат  биіктіктен  жобасы  2,5-3  метрден  екбетінен  құлағанда,  шат 
маңыменен  бетон  плитаға  соғылған.  Шаттың  маңында  үлкен  көлемде  ісінген, 
қаниалаған,  аздаған  беткейлік  тері  сыдырылуы  бар.  Кіші  дәретке  отыруы 
қыйындаған. Тізесі жазулы қалыпта аяғын тік жоғары көтере алмайды. Габбай 
белгісі бар.Осы ауруда қандай жарақат түрі бар? 
А. Жамбастың екі жақ алдыңғы үстіңгі өсінділері сынған 
В. Шаты айырылған 
С. Екі жақ шат сүйектері сынған 
D.Отырықшы сүйегі сынған 
Е. Сегізкөз –жамбас қосылған жері айырылған 
 
16.  Жанжал  кезінде  19-жасар  жігітті  оң  жақ  білегінің  сырт  жағынан  ағаш 
таяқпен  тікелей  соққы  жасалған.  Оның  шынтақ  буыны  бүгулі,  білек  сүйегінің 
жоғарғы  үштен  бір  бөлігінде  ісінген,  қанталаған.  Шынтақ  сүйегінің  жоғарғы 
үштен бір бөлігінде аздаған ойық анықталады. Шынтақ буынын ішке не сыртқа 
қарай  бұрай  алмайды  (супинация,  пронация).  Шынтақ  буынының  алдыңғы 
жағында  томпайған  сүйек  басы  білінеді.  Осындай  клиникалық  белгі  қандай 
автордың сынығы деп аталады? 
А. Білек сүйектері жоғарғы үштен бір бөлігінен сынған 
В. Кәрі жілік мойыны сынған 
С. Галлеаций сынығы 
D.Монтеджи сынығы 
Е. Коллес сынығы 

282 
 
17.  30-жастағы  сырқат  3-ай  бұрын  сол  жақ  тізесінің  алдынан  автомашина 
бамперіне соғылып, жарақат алған.  Жергілікті емханада тізе буынына пункция 
жасалынып, қан сорылып алынып, гипстік таңғыш 2 айға салынған. Содан-соң 
жылу  емдерін  алған.  Қазір  жүргенде  тізе  буыны  ұстамайтынына  және  бұдыр 
жеріне  мүлде  жүре  алмайтындығына  шағым  жасап  келді.  Тексергенде  онда 
алдыңғы  жылжымалы  қобдиша  белгісі  оң  екендігі  айқындалды  және  Мак-
Марез,  алақан,  Турнер,  Байков  белгілері,  сонымен  қатар  балтырдың  сыртқа 
қарай  шектен  тыс  қайырылуы  анықталады.  Клиникалық  белгілеріне  қарап, 
қандай зақымдалу түрлері бар? 
А. Жарақаттан кейінгі остеоартроз 
В. Жарақаттан кейінгі артрит 
С. Ішкі мениск және алдыңғы Х-тәрізді байламымен бүйір байламы үзілген 
D.Балтыр сүйегінің айдарщықтар аралық Т-тәрізді сынығы 
Е. Тізе тобығы сынған 
 
18.  Жанжал  кезінде  сол  жақ  акромионның  артқы  жағынан  темір  трубамен 
соққан.  Қарағанда  сол  жақ  қолы  оң  жақ  қолына  қарағанда  ұзарған.  Акромион 
өсіндісі астында ойық айқын білінеді. Сол жақ алақаны сыртқа қарай бұралып 
бас  бармағы  артқа  қарай  қарап  тұр.  Бұғананың  астындағы  ойық  тегістелген. 
Бұғананың  астындағы  ойық  тегістелген.  Саусақтары  сәл  жансызданған.  Иық 
буынында  қозғалыс  мүлдем  жоқ.  Осы  ауру  қандай  жарақаттың  қандай  түрі 
болуы мүмкін? 
А. Бұғананың акромион өсіндісі сынған 
В. Жауырынның қыр өсіндісі сынған 
С. Жауырынның қыр денесі сынған 
D.Тоқпан жіліктің үлкен бұдыры сынған 
Е. Жауырынның мойыны сынған 
 
19. Жол-апаты кезінде әйел адамды. Автокөлік қағып кеткеннен соң ауруханаға 
жетекізіледі.  Тексергенде  оның  оң  жақ  аяғы  қысқарған.  Жамбастың  алдыңғы 
үстіңгі  өсіндісі  оң  жақта  өте  жоғары  тұрғандығы  анықталады.  Шап  сүйектері 
арасында  үлкен  ойық  анықталады.  Оң  жақ  табаны  сыртқа  үлкен  деңгейде 
қайырылылған. Сегізкөз сүйегінің артында бұдырайған сүйек ұшы анықталады. 
Аурудың халі өте ауыр. АҚ 90/40 мм.с.б., тамыр соғысы 130 бір минутта, ессіз. 
Суық  тер  басқан.  Осы  клиникалық  белгілерге  қарап  қандай  диагноз  қоюға 
болады? 
А. Жамбастың екі жақ қасаға, отырықшы сүйектері сынған 
В. Шаты айырылған 
С. Сегізкөз сүйегі көлденең сынған 
D. Жамбас-сегізкөз қосылған жері айырылған 
Е. Жамбасы соғылған 
 
20.  Жазғытұрым  уақытында  әйел  адам  мұздан  тайып  сол  жақ  табаны  сыртқа 
қарай қайырылып қалғанда бұралып барып аяғын тіреп құлаған. Онда толарсақ 
буынында  вальгустық  пішін  өзгерісі  бар  екендігі  және  толарсақ  буынының 
пішіні  үлкен  деңгейде  өзгергені  бар.  Саусақтары  аздап  көгілдір  тартқан. 

283 
 
Толарсақ  буынында  ешқандай  қазғалыс  жоқ.  Табанның  ұзындығы  сау  жақпен 
салыстырғанда ұзарған. Авторлары бойынша бұл қандай сыныққа жатады. 
А. Беннета сынығы 
В. Коллес сынығы 
С. Дьюпиетрен-Потта сынығы 
D. Мальгени сынығы 
Е. Монтедж сынығы 
 
21.  10-жастағы  бала  иық  буынына  құлаған.  Оның  бұғанасының  орта  тұсында 
ісік  бар,  бұғана  үстілік  және  астылық  ойықтары  тегістелген.  Иық  бойы 
қысқарған.  Сүйек  сықыры  білінбейді.  Иық  буынын  қозғалта  алмайды.  Қандай 
сынық және қалай емдеу керек? 
А. Йық буынына қан ұялаған 
В. Хирургиялық мойын сынған 
С. Тоқпан жілік шыққан 
D. Бұғана шыққан 
Е. Бұғана ортасынан сынған 
 
22.  3-жастағы  баланы  анасы  сол  қолынан  өзіне  қарай  бұрап  тартып  қалғанда 
бала қатты жылаған. Қарағанда шынтақ буыны маңы аздап ісінген. Гюнбер үш 
бұрышы  тең  қалыпты  Маркс  сызығы  оң.  Шынтақ  буынын  бүгіп,  өзі  жазғанда 
ауырсынады.  Өз  еркімен  білегін  ішке  не  сыртқа  қарай  бұрай  алмайды 
(супинация,  пронация).  Осы  қозғалысты  еріксіз  жасағанда  серіппелі  қарсылық 
анықталады. Осы балада қандай жарақат түрі бар? 
А. Білек сүйектері сынған 
В. Шынтақ өсіндісі сынған 
С. Тоқпан жіліктің айдаршығы сынған 
D. Кәрі жілік басы жартылай шыққан 
Е. Тоқпан жіліктің айдаршық үстілік төмпешігі сынған 
 
23. Сырқат далада тайып жығылып, оң жақ бас бармағына тіреп құлаған. 1-ші 
алақан-білезік  буыны  маңында  үлкен  ісік,  аздаған  қанталау  бар.  1-ші  саусағы 
сәл алақанға қарай иілулі, саусаққа ось бойынан күш түсіргенде қатты ауырады. 
Бас  бармақты  қозғалта  алмайды.  Авторы  бойынша  бұл  кімнің  сынығы  деп 
аталады? 
А. Коллес сынығы 
В. Дьюпиетрен сынығы 
С. Галлеаций сынығы 
D. Вуальме сынығы 
Е. Беннета сынығы 
 
24.  Әйел  адам  үй  сылап  жатқанда  үстел  үстінен  шынтағы  сәл  бүгулі  қалыпта 
алақанымен  тірей  құлаған.  Тексергенде:  шынтақ  буынының  арт  жағында 
шодырайған шынтақ өсіндісі көрініп тұр, оның үстіңгі жағында ойық бар. Білегі 
қысқарған. Гюнтер үшбұрышының тепе-теңдігі бұзылған. Ерікті қозғалыс жоқ. 
Еріксіз қозғалғанда серіппелі қарсылық байқалады. Қандай диагноз қоясыз? 

284 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет