Ауру тарихы
Оң жақ ортан жілік мойнының жабық,субкапитальды, ығысумен сынығы.
Орындаған:Айхимбаева Диана,
Нурмаханбет Гулзат
Тобы:401 Б
Факультет:жалпы медицина
Қабылдаған:Набиев Ерғали Нугуманович
(м.ғ.д)
Алматы,2023 ж
Ауру тарихы
Ф.А.Т:Капалов Рахым Рахатович
Жасы:19.11.1991,31 жас
Мамандығы,қызметі:Курьер
Мекен жайы,телефоны:Шевченко 132,12 үй
Түскен күні:15.09.2023
Шыққан күні:20.09.2023
Клиникалық диагнозы: Оң жақ ортан жілік мойнының жабық субкапитальды, ығысумен сынуы.
Курация мерзімі:басталуы: 15.09.2023
аяқталуы: 20.09.2023
Куратор:Набиев Ерғали Нугуманович,м.ғ.д.
4 курс,401 Б топ,жалпы медицина факультеті
Студент:Айхимбаева Диана,Нурмаханбет Гулзат
Алматы 2023
КРМУ
1.Аурудың шағымдары:
Шағымдары жамбас буынындағы қатты ауру сезімі, оң аяқтың тірексіздігі, әлсіздік, бас айналу. Оң жақ жамбас буынындағы қозғалыстар айтарлықтай азайған және ауырады.
2.Ауру тарихы:
Науқастың айтуынша, жарақат ауруханаға түспестен 1 сағат бұрын 2023 жылы 15 қыркүйекте сағат 10:10-да жол көлік апаты салдарынан болған(жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан кезде).Райымбек-Желтоқсан көшелерінің қиылысында Toyota Land Cruiser A777CFM нөмірлі көлік соққан.БСМП-дан ГКБ №4-ке қабылдау бөлмесіне жеткізілген Жасалған инфузион терапиясы Sol Natri Chloridi 0.9% 200 мл в/в, ауырсынуды басатын Sol.promedoli 1 мл в\м,оң жақ аяққа транспорт шинасымен иммобилизация жасалған.Жауапты травматолог Коспаков Н.З, анестезиолог, терапевт қарады. Науқас жедел емдеу үшін политравма бөлімшесіне жатқызылды. Операция алдындағы дайындық басталды.
3.Өмір анамнезі:
Отбасындағы екінші перзент өз жасына сай өсіп, жетілген. Тұрмыс жағдайы қанағаттанарлық, тағамы құнарлы, алуан түрлі. Тұқым қуалаушылық ауыртпалықсыз.Вирустық гепатиттер, тері,жыныстық жолмен берілетін ауруларға көрсеткіш теріс.Эпиданамнез: Эпид. қоршаған орта таза. Қан құю болмаған.Аллергоанамнез:Науқастың айтуынша, маусымдық поллиноз бар.Туберкулез,мерез,гепатит, аллергиялық реакцияларға көрсеткіш теріс.
Достарыңызбен бөлісу: |