Сақтардың Тасмола мәдениеті (б.з.б. VII—III гг.)
Қалыптасқан аумағы: Солтүстік және Орталық Қазакстан.
Ерекшелігі:
- Жерлеу құрылыстары мәйітті жерлейтін үлкен қорған мен оның мінген атын көметін жапсарлас шағын корғаннан тұрады. Шағын қорғаннан шығыска бағытталып, ұзындығы 20 м-ден 200 м-ге жететін екі доға тектес тас тізбектер тізіледі.
- Назар аударыңдар! Мұндай «мұртты» қорғандар тасмолалық мәдениеттің өзіндік ерекшелігі болып табылады.
- Жерлеу орындарынан жылқы мен қойдың бас сүйектері, жебенің қоладан жасалған ұштары, ақинак (кыска темір семсер), саздан жасалған ыдыстар, құрбандық шалатын тас пен ат әбзелдері кездеседі.
- Қазактың қыстауына ұқсайтын қоныстар болды. Бұл солтүстік сактардың суық климатқа бейімделгенін көрсетеді.
- Қоныстардың қорымының шағын болуы бытыраңкы шаруашылык жүйесін көрсетеді, ягни исседондыктар шағын топтармен көшіп жүрді (қазақ ауылдары сияқты).
Достарыңызбен бөлісу: |