Қазақстанның шығысындағы Андрон мәдениеті өзімен туыстас Афанасьев мәдениетімен қатар өмір сүрді. Олар Шығыс Казакстан мен Оңтүстік Сібір далаларындағы темірді игерген алғашқы мәдениет болып саналады.
Қалыптасқан аумағы: Алтай, Сібір.
Ұқсастығы, ерекшелігі:
- аңшылык пен балык аулауды кәсіп етіп, мал бағумен айналысты.
- металл өңдеу және егіншілік мәдениетін ала келді.
- қайтыс болғандарды қорғандарға жерледі, сонымен қатар олар арбаларды қолданды.
Қарасүқ мәдениеті
Б.з.б. II мыңжылдықтың соңында Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Сібір және Батыс Моңғолиядағы Андрон және Афанасьев мәдениеті Ұлы Даланың шығыс аймағынан келгендер мен жергілікті далалықтардың араласуынан пайда болған Қарасүқ мәдениетіне ауысты.
Ерекшелігі:
- Бұл мәдениет көшпелі малшаруашылығына өтпелі кезең болды.
- Атка салт мінуді және жайылымда мал бағуды меңгеріп, жартылай көшпелі өмір салтын ұстанды.
- Қару-жарақтарына коланы пайдаланды. Қанжар, пышақ, найза үшы түгелімен қоладан жасалды.
- Қарасүқтық тайпалар дәстүрінде қорғандық жерлеу болмады. Олар қорымдарын тас жәшік секілді жүқа тастан калады. Төбесін тактатаспен жауып, оның үстіне топырак үйді (бүл мәдениетті «тақтатас қабір мәдениеті» деп те атайды).
Үйық мәдениеті
Қалыптасқан аумағы: Тува, Шығыс Алтай және Солтүстік-Батыс Моңғолия
Ерекшелігі:
- Қорғандардан жерленген адамдар мен көмілген жылқылардың сүйектері, сондай-ақ скиф-саққа тән *аң стиліндегі» түрлі алтын бүйымдар қазып алынды.
Тағар мәдениеті
Қалыптасқан аумағы: Оңтүстік Сібір даласы.
Ерекшелігі:
- Тағарлықтар өз көсемдерін жерлеу үшін сақтар секілді үлкен қорған түрғызды.
- Тағарлықтардың жерлеу орындарынан жылқылар мен ат әбзелдері кездеспейді.
- Олар малды кол да ұстамай, жайылымдарда бакты, негізінен, ірі кара өсірді.
- Қоныстары бөренелі ағаштан тұргызылды.
- Тағарлық ақсүйектер арбаға орнатылған үйлермен көшіп-қонып жүрді (сол тұста арбаға орнатылатын киіз үй болған).
- Оңтүстік Сібірдің ежелгі мыс кендерінің басым бөлігі солардың иелегінде болды; тағарлардың алтын түсті қолалары көршілес тайпалар арасында жоғары бағаланды.
Пазырык мәдениеті
Қалыптасқан аумағы: Таулы Алтай мен Шығыс Қазақстан.
Ерекшелігі:
- Бір болжамдарға сәйкес, ол Афанасьев мәдениетінің мұрагері болып саналады.
- Ал басқа болжам бойынша, жергілікті тайпалардың араласуынан, сондай-ак Беғазы-Дәндібай мәдениетінің шығыстық элементтері бар қоныс аударушыларының қатынасынан пайда болған.
- Пазырықшылар көшпелі өмір сүріп, малшаруашылығымен айналысты.
- Бұл мәдениет туралы маңызды деректерге обаларға (ағаш бөренелерден жасалған қорғандар) зерттеу жүргізу арқылы қол жеткізілді.
- Мәңгілік тоң жағдайында түрлі бұйымдар мен тату салынған адам мумиялары жақсы сақталып калған.
Өз білімдеріңді тексеріңдер.
1. Ерте темір дәуіріндегі көшпелілер тарихы туралы негізгі жазба деректерді атаңдар.
2. Б.з.б. II мыңжылдық ортасында қалыптасқан көшпелі малшаруашылығының пайда болуының алғышарттарын атаңдар.
- Кошпелілікке (көшпелі малшаруашылығына) анықтама беріңдер.
- Б.з.б. Ill—П мыңжылдықтың соңында Шығыс Қазақстанда қандай археологиялық мәдениет өмір сүрді? Еске түсіріңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |