-5. Жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің жедел бұзылыстары. Себептері. Диагностикасы. Шұғыл көмек көрсету. Ауруханаға жіберуге көрсеткіштер. Жеткізу шарттары
4-5. Жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің жедел бұзылыстары. Себептері. Диагностикасы. Шұғыл көмек көрсету. Ауруханаға жіберуге көрсеткіштер. Жеткізу шарттары Жүрек аритмиясы – жүрек ырғағының, соғу жиілігінің және/немесе жиырылуының бұзылысы: жиі соғуы (тахикардия), ал баяу соғуы (брадикардия), уақытынан бұрын жиырылуы (экстрасистолия), ырғақтық жұмысының дезорганизациясы (жүрекше жыбыры) және т.б.
Тахикардия - үш немесе оданда көп кезекті жүрек циклының минутына 100 немесе оданда жоғары жиырылуы.
Тұрақсыз тахикардия – ұзақтығы 30 секундтан аз тахикардия. Тұрақты тахикардия
– ұзықтығы 30 секундтан жоғары тахикардия. Пароксизм – ұстаманың нақты басы мен аяғы бар тахикардияның ұстама тәрізді түрі.
Брадикардия – үш және одан көп жүрек циклының минутына 60-тан аз жиырылуы.